«Туған топырақтың тума таланттары» атты әдеби - поэзиялық кеш

21 сәуір 2015 - Алия Сидагалиева

«Туған топырақтың тума таланттары»

атты әдеби — поэзиялық кеш

Өту барысы:

І. « Өлеңім — солмас гүлім, көңіл хошым» бөлімі

— ақын Қ.Жылқышиевпен сұхбаттасу, өлеңдерін оқу

ІІ. « Жыр-тұлпар, шапсаң ғана шабыттанар...»

«Арман-тау» жас ақындар клубының өкілдерімен сұхбат

ІІІ. «Талаптың мініп тұлпарын»

— мектеп оқушыларының шығармашылығы

1- ж: Қайырлы күн, қадірменді өнерсүйер, өлеңсүйер қауым, қонақтар!

2- ж: Бүгінгі «Туған топырақтың тума таланттары» атты әдеби-поэзиялық кешімізге қош келдіңіздер!

Кең даланың ескек желіндей аңыраған ақындар мен жыраулар біздің Жайық бойынан көп шыққаны әдебиет пен өнер тарихынан жақсы мәлім. Әдебиет тарихына үңілер болсақ, біз өз өлкеміздің дарындыға кенде болмағанын көреміз. Атадан балаға мұра болып, жалғасын тапқан асыл өнер ешқашан өлмейді.

1- ж: Олай болса, сол бабалардың сарқыты бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтарын қошеметтеп қояйық.

Бұл өмірді зерлеген нұр-өлеңмен,

Сыр қозғайтын тұңғиықтан, тереңнен.

Ортамызда асыл қалам иелері,

Қойшығұл ағамыз бен шәкірттері

2- ж: «Туған топырақтың тума таланттары» атты поэзиялық кешіміздің арнаулы қонағы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Тамаша» ойын-сауық отауының алғаш ұйымдастырушыларының бірі, Махамбет Өтемісұлы және Ахмет Байтұрсынов атындағы сыйлықтардың лауреаты, мәдениет қайраткері, белгілі жерлес ақын – Қойшығұл Жылқышиев ағамыз

1- ж: «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей, Қойшығұл ағаның жанында шәкірттері отыр, Гүлзада Ниетқалиева- филология ғылымының кандидаты, Бақытгүл Бабаш – ақын, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты және жас ақын, поэзиядағы кейінгі жас буын өкілі — Артур Яһуда. Мектебімізге қош келдіңіздер!

Музыкалық номер

— Қойшығұл Өмірұлы, алғашқы сұрағымды өзіңізге қойғалы отырмын.

Сіздің жас ақындарды жетелеп, қолдау көрсетіп жүрген игі істеріңіз туралы көптеп естіп, көріп жүрміз. Сол жөнінде және шәкірттеріңізді толық таныстырып өтсеңіз.

— Қойшығұл аға, әрбір ақын- жазушының өзінің сүйікті тақырыбы болады.

Ал сіздің сондай сүйікті тақырыбыңыз бар ма?

— Өлең деген тумайды жайшылықта,

Өлең деген тулайды қайшылықта.

Ақын болсаң, жарқыным, алысқа аттан,

Күнделікті тірлікке бой суытпа — деп Мұқағали ақын жырлағандай,

өлеңді қай кезде және қандай уақытта жазасыз?

— Қазіргі кезде балалардың көркем шығарма оқуға деген құштарлығы төмен, не себепті деп ойлайсыз?

Ойлы жас, өлең менің сырласымдай,

Сырлассам да құмарым тұр басылмай.

Назын айтқан ақында арман бар ма,

Жүрегінің түбіне кір жасырмай.

Ақын ағаның өлеңдерінің бір тобы туған жер, атамекенге арналады, соның бірі — «Атырау» өлеңін Бисембаева Ақтолқын оқиды.

(Ақын өлеңдерін оқу)

Хас ақын жүре алмайды көңіл демеп,

Алады елден- қуат, өмірден –от.

Барлығын жан-жүрекпен жырлау үшін,

Бәріне ақын ғашық болу керек — деп Қойшығұл ағаның өзі жырлағандай, ақын ағаның «Асаукер» атты өлеңіне кезек берейік. Оқитын Рысалиев Досхан

— Аға, қазіргі жастардың өлеңдерінде мұң басым, неліктен деп ойлайсыз?

— Сіздің өміріңіздің қай кезеңі жиі аңсатады?

— Еркелігімді кешіріп,

Өркен гүлімді өсіріп.

Мұңайған кезде қосылып,

Сыр айтатұғын шешіліп.

Жігіттің бағы-қорғаны,

Досының адал болғаны

Сенгені сендер, достарым,

Ақынның алыс жолдағы- деген өлең жолдарыңызға қарап отырып, өмірде адал достарыңыз көп-ау деген ой көкейге оралады.

«Сенім» Оқитын Досжанова Әсел

— Қойшығұл аға, сонау 1979 жылдары сіздер кірпішін қалап кеткен «Тамаша» ойын-сауық отауы көрермендер көңіліне мәңгі ұялап қалды,өйткені халық сол кездегі тамашаны аңсайды, сезіммен еске алады. Қазіргі кездегі «Тамашаның» жағдайы сіздің көңіліңізден шыға ма?

— Аға, неден қорқасыз, неден сүйеніш іздейсіз?

— Қазіргі «Арман- тау» клубының аяқ алысы қалай?

— Келесі сұрақты шәкірттеріңізге қойсам ба деймін. Сіздер қаламнан нәрді де, қуатты да таудай талаптарыңыз, ізгі ізденістеріңіз арқылы таптыңыздар.

Өлеңдеріңіз Атырау қаламгерлерінің туындылары жинағына еніп, жеке жинақ болып та шығып жатыр. Осы әдебиет табалдырығын алғаш аттаған немесе алғаш жетістікке жеткен сәттеріңіз туралы айтып берсеңіздер.

— Гүлзада, сіз ғылым кандидатысыз, докторлық жазып жатыр деп естіп жатырмыз, ақынсыз, журналистсіз, осының бәріне қалай үлгересіз?

— Еңселі еліміздің болашағы — жастар дейміз, яғни жастарға сену-болашаққа сену, ал қазіргі жастардың арасында нашақорлық пен ішімдікке салыну көбейіп барады, соның себебі неде деп ойлайсыз?

Музыкалық номер

( Оқушылар сауалына кезек беру)

-«Арман-тау» жас ақындар клубы мүшелерінің авторлық кештері болып тұра ма немесе қандай шаралар жоспарлануда, ондай шараларға қалай қатысуға болады?

-Сіздердің ән жазылған өлеңдеріңіз де бар екен, менің білейін дегенім, сазгерлер сіздерге ұсыныс жасай ма, әлде сіздер өздеріңіз қолқа саласыздар ма?

-Қиялға берілетін кездеріңіз бола ма?

-Нені армандайсыздар?

-Адамды жақсы адам, жаман адам деп бөлуге бола ма?

-Қазіргі ауыл жағдайы туралы не айтар едіңіздер?

-Тіл мәртебесі туралы не айтар едіңіз?

1- ж: «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деп ұлы Абай айтқандай, талаптың мініп тұлпарын, ағалардың ізін басып, қалам тербеп жүрген оқушыларымыз бар.

2- ж: Жандары қаламайтын аласаны,

Шәкірттер алда талай бел асады.

Әлемге туған халқын танытатын,

Осылар – еліміздің болашағы – деп, сол оқушыларды өз туындыларын оқып, сізден бата алсын деген ниетпен ортаға шақырайық

1.Тұрланова Әсемгүл

2.Жайлым Жадыра

3.Қаулаев Айдос

— Қойшығұл аға, жас жеткіншектердің тырнақалды туындыларына айтарыңыз бар ма?

1- ж: Бүгінгі «Туған топырақтың тума таланттары» атты поэзия кешіміз де аяқтала келді. Сөз кезегі мектеп директоры Ғаділжан Хисметұлына беріледі.

2- ж: Өлеңім, өрге баста, өрге баста,

Таңылар тұсым келді енді Алашқа.

Тәж- тағы болмаса да, шабыт жырдың

Шапаны тисе тағдыр, сен таласпа.

Құрметті қонақтар, алтын уақыттарыңызды бөліп, біздің ұсынысымызды қолдап келгендеріңіз үшн алғысымыз шексіз. Бүгінгі кеш өнерсүйер көпшілікті өлеңдеріңізбен тамсандырып, талай шәкірттеріміздің көңілдеріне қиял сезімін ұялаттыңыздыр.

1- ж: Сіздерге зор денсаулық, таудай талап, шалқыған шабыт тілеп, өлеңдеріңіз өскелең әдебиетіміздің озық үлгілерінің қатарынан көріне берсін демекпіз.

2-ж: Ұлттық мәдениетіміздің жасарып, жаңаруына, өркендеп өсуіне қосар үлестеріңіз көп болсын! Кездескенше күн жақсы болсын!

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіБағдарламаның жеті модулін қолдану әдістемесі көрсетілген тізбектелген төрт сабақтың топтамасын орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиеті7 «в» сыныбына арналған әдебиет пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Қазақ әдебиеті7 - сынып қазақ әдебиетінен М.Әуезов «Көксерек» әңгімесін орташа мерзімді жоспарлау

Қазақ әдебиетіАхмет Байтұрсынұлы «Ақын ініме»

Қазақ әдебиетіСұлтанмахмұт Торайғыров «Бір адамға»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147916

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар