8 наурыз мерекелік сценарийі

Баяхметова Құрмангүл Батышбайқызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ

Алакөл ауданы

Алматы облысы

Ардақтайық ананы

 

         Мерекелік кештің мақсаты: Нәзік жанды аналарымыздың  қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.

Кештің барысы:

Әуен ойналып тұрады… Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады. (Балауса)

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына үшжүргізуші келіп тұрады).
Еламан.  Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

Асылбек.   Ана десем шешек атып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, — дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді сынып жетекшіміз Құрмангүл апайға  береміз.

Екпін.
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші қыздарымыздыңорындауындағы «Анашым»  әнін  қарсы алыңыздар.

Еламан.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

Мадина. Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Балауса. Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

Аяжан. Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Барлығы. Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз. 

Асылбек. 
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай… Балаусаның  орындауында «Қыз сыны» әнін қабыл алыңыздар.

Еламан. Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, маңдайымыздан сипай білген аналарымызғаайтар алғысымыз шексіз.

Екпін.  Біз кішкентай болғанда ойын ойнататындарыңыз әлі де есімізде. Ал бүгінбіз сіздерді ойнатамыз. 
Ойын:

Асылбек.Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды.

 Еламан. Мерекеге арналады бүгін билер.
Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер, — демекші, ендігі кезекте «  Жастар  биі», қабыл алыңыздар!

Ең соңында оқушылар ай секілді дөңгеленіп тұрып, алдын ала аналарға  арнап шығарылған 4 жол өлеңдері жазылған ашық хатты оқып, шоқ гүлдер  ұсынады. 
Асылбек. Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен концертіміз аяқталды.

Барлығы:  Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын!

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніКөктем аруы

Тәрбие жоспарыАсыл әжем ақ әжем

БастауышАна- біздің күніміз, Біз- ананың гүліміз

ҰстаздарғаТәуелсіздіктің білімді ұрпақтары

Ұстаз ұйымдастырушы«Ана-бақыт, Ана-күн!»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152261

Пікірлер (1)
Жамила # 28 қараша 2015 в 10:23 0
сценарий жақсы екен

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар