Ассамблея 20 жыл

27 сәуір 2015 - Tolkin Bakitovna
Ассамблея 20 жыл

Қазақстан – Мәңгілік ел

Бірлігі жараспаған елдің берекесі кетеді. Қазақстан қашанда достықтың ұясы. Татулығы жарасқан тәуелсіз елімізде жүздеген ұлт өкілдері тұрады. Тегінде қазақ жері пана іздеген талай ұлт пен ұлысты бауырына басқан киелі мекен. Қазақстан халқы бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық. Ықылас пен достық дәстүрін жалғастыратын, сан түрлі ұлт өкілдері қазақ халқымен бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде.

№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицейінде «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Қазақстан –Мәңгілік ел» тақырыбында салтанатты жиын өтті.Салтанатты жиынға Щербакова Галина — облыстық «Славян» орталығының төрайымы, Ключевская Любовь — «Славян» орталығының мүшесі, Жұмабаев Асылбек Теңелұлы — облыстық қоғамдық бірлестік басшысының орынбасары, Дүйсенбаев Бақытжан Жұмабайұлы — қалалық білім бөлімінің әдіскері қатысты.

Шараның басты мақсаты — Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген, елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болған Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығында жас буын жеткіншектерді бірлікке, татулыққа шақыру. Біздің жеткен байлығымыз — бірлігіміз екендігін, татулық — тұрақтылықтың ең басты тұғыры екендігін, ал тұрақтылық — ұдайы дамудың бірден бір кепілі екенін түсіндіре отырып, өз Отанының, өз елінің табиғи құндылықтарын сақтай білуге баулу болды. Мектеп-лицей директоры Избасова Алтын Болатқызы сөз алып, «Жігерлі болса, ер болар. Бірлікті болса, ел болар» деген Жамбыл атамыздың сөзімен татулыққа, бірлікке шақырып, оқушылар бірлігінің өте жоғары деңгейде екенін атап өтті. Мектебіміздің оқушылары «Наурыз», «Қара жорға» биімен жиынды ашса, Ворчилова Дарья, Ансеров Туран, Мухсина Алина, Темиргали Улмекен, Акуева Сабила, Кескинбаев Олжас өлеңдер оқып, Пашаева Тамила, Темиргалиева Эрода, Ергешбаева Айдина билерімен тамсандырып, Бұрхан Әлинұр «Жаса, Қазақстан» әнін тарту етті.

Еліміздің болашақ ұрпағын халық педагогикасы негіздеріне сүйене отырып тәрбиелеу – оларды елін, жерін сүйетін отаншылдық рухта тәрбиелеп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетін қасиеттерге баулу, ата-бабамыздың салт дәстүрін бойына сіңіру, ұлттар достығын нығайтуға үлес қосу – біздің міндетіміз. Ассамблеяның басты ұраны — Ел бірлігі! Ал бірлік болмайтын жерде береке де, тірлік те болмайтыны бесенеден белгілі, бұл жайында бабалардан қалған даналық ой, асыл сөздер де жеткілікті. «Бақ қайда барасың? Бірлігі жарасқан елге барамын!» демеп пе еді. Елімізде қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы ассамблеясының халықтың ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында Елбасы 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялаған болатын.Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында «Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек. Сондықтан да, біз Қазақстан халқын ең үздік және мәңгілік құндылықтар — ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырамыз. Этносаралық келісім — ол өміршеңдік оттегісі» деп ерекше атап өтті. Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген.«Бірлік бар жерде — тірлік бар», «Береке басы — бірлікте», «Ырыс алды — ынтымақ» деген сияқты көптеген мақал-мәтелдер соның айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған.Бүгінгі өткізіліп отырылған Ассамблея мерекесі — мектебіміздегі жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік түрлі ұлт

өкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып өзара ауыз бірлікте екенінің жарқын көрінісі болып отыр.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының туы Тәуелсіз Қазақстанның көгінде шарықтайды. Біз Қазақстанның шынайы патриоттары ретінде елімізде орын алып отырған аталмыш мерекені ерекше бағалап, мақтан тұтамыз.

№5 И.В.Панфилов атындағы мектеп-лицей

оқу-тәрбие орынбасары

ТАСТАЕВА ТОЛҚЫН БАҚЫТҚЫЗЫ

«Бекітемін» -----------------------

Мектеп-лицей директоры: А.Б.Избасова

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» аясында өткізілетін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған салтанатты жиынның сценариисі

Өткізілетін мерзімі: 25 ақпан 2015 жыл, сағат: 10:00

Өткізілетін орны: Мектеп фойесі

Безендірілуі: тақырыпқа сай баннер, шарлар

Батыржан:

Армысыздар қадірменді қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Елімізде қоғамдық келісімді одан әрі нығайту, Қазақстан халқы ассамблеясының халықтың ұлттық бірлігін қамтамасыз етудегі рөлін арттыру мақсатында Елбасы 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жариялаған болатын.

Светлана:

Добрый день уважаемые гости, дорогие учителя и ученики! В целях дальнейшего укрепления общественного согласия в стране, повышения роли Ассамблеи народа Казахстана в обеспечении национального единства народа Казахстана 2015 год обьявлен — Годом Ассамблеи народа Казахстана.Мы приветствуем Вас на торжественном мероприятий, посвященное Дню Ассамблею Казахстана.

Батыржан: Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл – халқымның
Мәртебесі ар намысы.

Светлана:

Школа, равняйсь! Смирно! Звучит Гимн Республика Казахстан

Батыржан:

Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында «Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек. Сондықтан да, біз Қазақстан халқын ең үздік және мәңгілік құндылықтар — ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырамыз. Этносаралық келісім — ол өміршеңдік оттегісі» деп ерекше атап өтті.

«Видеоролик жолдау»

Ангелина:

Сегодня мы празднуем 20 летие Ассамблеи народов Казахстана.
Все мы родились в этой одной прекрасной стране, а говорим на разных языках. И всё потому, что Казахстан — многонациональное государство. Политика нашего государства направлена на укрепление равноправия народов Казахстана.

Светлана:

Мы рады приветствовать наших почётных гостей.Сегодня на торжественном мероприятий принимают участие:

Щербакова Галина Сергеевна — облыстық «Славян» орталығының төрайымы

Жұмабаев Асылбек Теңелұлы — облыстық қоғамдық бірлестік басшысының орынбасары

Дүйсенбаев Бақытжан Жұмабайұлы — қалалық білім бөлімінің әдіскері

Ключевская Любовь Ларисовна — «Славян» орталығының мүшесі

Батыржан:

Шарықтасын шат көңілдің алабы

Шат жүрекке ақ тілектер қонады

Дархандай кең бір қонақжай халықпыз

Әрқашанда төрде отырар ел ағалары, дей отырып бүгінгі салтанатты жиынымыздағы алғашқы құттықтау сөзі мектпе-лицей директоры А.Б.Избасова

2 «Б» сыныбы «Наурыз» биі

Светлана:

Постоянные члены Ассамблеи нашей области – национально-культурные центры – проводят огромную и целенаправленную работу по обеспечению полноценного и равноправного развития своих культур, которые и определяют все богатство и многообразие культуры всего низовья Сыра.

Словопредоставляется____________________________________________________

Ангелина:

Казахстан объединил под своим шаныраком людей разных национальностей,

с разной культурой. Мы живем в стране, которую люди разных народов считают своей Родиной. А их язык, культура, обычаи составляют неповторимое лицо нашей страны, ее богатство. Уважаемые гости торжественного мероприятия, особенно серьезно подошли к этому празднику дети начальной школы.

Монтаж: 3 «Г» Ворчилова Дарья, Ансеров Туран, Мухсина Алина, Темиргали Улмекен

Акуева Сабила, Кескинбаев Олжас.

Светлана: Мы строим сообща родной наш дом, Где впитывает сердце дух свободы. Сильны великой дружбой и трудом Сплоченные Отчизною народы! Как цветы растём с тобой, Украшая край родной! Но без танцев и без песен, Жить не можем мы с тобой.

3 «В» танец «Самовар»

Батыржан:

Қазақ халқы қашанда бірлік пен татулық мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген.

«Бірлік бар жерде — тірлік бар», «Береке басы — бірлікте», «Ырыс алды — ынтымақ» деген сияқты көптеген мақал-мәтелдер соның айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз бала тәрбиесінде де осы қағиданы басты бағыт етіп ұстаған.

2 «А» сынып оқушыларының орындауында «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар

Ангелина:

Сегодня Ассамблея народа стала важным элементом политической системы Казахстана, скрепившим интересы всех этносов, обеспечившим неукоснительное соблюдение прав и свобод всех граждан независимо от их национальной принадлежности.

На сцену приглашается ученица 4 «Г» Пашаева Тамила (чеченский танец).

Батыржан:

Бүгінгі өткізіліп отырылған Ассамблея мерекесі — мектебіміздегі жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік түрлі ұлтөкілдері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып өзара ауыз бірлікте екенінің жарқын көрінісі болып отыр

Алдарыңызда 1 «Е» оқушысы Темиргалиева Эрода, Ергешбаева Айдина орындауында өзбек биін қабыл алыңыздар

Светлана:

Год Ассамблеи народа Казахстана, станет не просто празднованием 20-летия самой структуры, а годом торжества модели общественного согласия предложенной Нурсултаном Назарбаевым, признанной во всем мире и презентованной на таких крупных площадках, как ООН, ОБСЕ, он станет годом единства казахстанцев, как яркая демонстрация миру величия, единства, сплоченности казахстанского народа, признание успешности его пути, устремленности в будущее!

2 «Д» сынып бишілері

Батыржан:

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының туы Тәуелсіз Қазақстанның көгінде шарықтайды. Біз Қазақстанның шынайы патриоттары ретінде елімізде орын алып отырған аталмыш мерекені ерекше бағалап мақтан тұтамыз.

Ән: 1 «Ә» Бұрхан Әлинұр «Жаса, Қазақстан».

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084890

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар