Берекелі алтын күз

28 қазан 2014 - Айгуль Тортаева
Берекелі алтын күз

                 БЕРЕКЕЛІ, МЕРЕКЕЛІ  АЛТЫН  КҮЗ!

 Оқушыларымыздың асыға   күткен  «Алтын күзі»  де келіп жетті. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау – бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады.

       «№11 Қоскөл орта мектебі»КММ-де осы алтын күз мерекесі қарсаңында  іс-шара жоспары  жасалып, соған сәйкес мерекелік шаралар жоғары деңгейде өткізілді.24 қазан күні 1-4 сынып оқушыларының  арасында  алтын күз ертеңгілігі өтті.Мерекеге сай безендірілген залдың сахнасына «Берекелі алтын күз» тақырыбы түрлі — түсті жапырақпен жазылып, гүлдермен әшекейленді. Мерекелік кешті бастауыш сынып мұғалімі  Жусупова.А  жүргізді.Ертеңгілікке қатысушы бүлдіршіндеріміз өз өнерлерін ортаға  салды, тамаша көріністер қойды.25 қазан күні 5-6-7 сыныптар арасында «Берекелі алтын күз»тақырыбында 7 бөлімнен тұратын сайыс өткізілді.Молшылыққа толы берекелі «Алтын күз» мерекесімен келген көрермендерді  құттықтап, күз туралы әдемі өлең-шумақтарымен бастаған 11 сынып оқушысы Бекетова Ақжарқын кешті тартымды да қызықты өткізді.Сайысқа  7 сынып оқушыларынан құралған «Ақ қайың»тобы,6 сынып оқушыларынан құралған «Күзгі жапырақтар»тобы, 5 сынып оқушыларынан құралған «Алтын күз»тобы қатысты.Өте жоғарғы  деңгейде дайындықпен келген топтар сайыстың әр кезеңдерінде өз өнерлерін, күз тақырыбындағы көріністерін, күзгі сән үлгілерін, күзгі сыйлықтарын көрсетуден, мерекелік дастархан мәзірін дайындаудан сынға түсті.Әсіресе «Күзгі жапырақтар» тобының «Қырманға кел»әні, «Ақ қайың»тобының көркем сөз оқуы мен өз  топтарын таныстырулары, «Алтын күз» тобының  күзгі сән үлгілері көрермен қауымы мен  әділқазылар алқасының орасан зор ілтиптына ие болды. Сайыс қорытындысы бойынша  1-ші орынды «Күзгі жапырақтар»тобы иеленді. Сайысқа қатысушы топтарға грамоталар мен арнайы сыйлықтар тапсырылды.Мерекелік кеш соңы тамаша биге ұласты. Ата-аналары мен сынып жетекшілері бірлесіп ұйымшылдықпен  өткізілген осындай іс-шаралар мектебімізде өз жалғасын таба бермек....

                                                            «№11 Қоскөл орта мектебі»КММ

                                                        директордың тәрбие ісінің орынбасары

                                                                            А.С.Тортаева

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115406

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар