Ел Иесі,Жер Киесі Пір Бекет!

15 маусым 2014 - Лаззат Сейсенбаева

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Бейнеу мектеп — интернаты»мм- нің

мұғалімі Сейсенбаева Ләззат

Сабақтың тақырыбы:: Ел иесі, Жер киесі Пір бекет!

Мақсаты: — білімділігі: оқушыларға Бекет атаның кім екені, немен шұғылданғаны, қалай тіршілік кешкені, өмір жолы туралы мағлұмат беру. –дамытушылығы: оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту. -тәрбиелілігі: адамгершілікке, патриотизмге, имандылыққа баулу.

Барысы: Ұйымдастыру. Негізгі бөлім.

Кіріспе. Сұрақ: -Бекет Ата кім, ол туралы не білесіңдер? Мұғалім: Бекет ата туралы жерлесіміз Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев былай деген екен. «-Әлсізге Медет, Күштіге Айбар, Зарыққанға жебеу, Тарыққанға Демеу, Асқанға Тосқан, Сасқанға Сая,Ұрпаққа Ұстаз,Ұлысқа Ұран болған, Ел Иесі, Жер Киесі-Пір ата» десе, саяси ғылымдардың кандидаты, ауданымыздың әкімі Әзірханоы Басшы. « Адам таңғаларлық керемет тылсым күштің иесі,ұрпағына имандылық нұрын сепкен ғажайып тұлға»-, деп жазады.

1-бөлім « Зерде» Биікке бастар даңғыл жол

1.Бекет атаның арғы тегі қандай жандар болған? ( слайд) 2.Бекет атаның балалық шағы қалай өткен? ( слайд) 3.Қандай ұстаздардан білім алған? 4.Ерекше қасиеттері қандай оқиғалардан көрініс берген?

2- бөлім « Таным» Жалпыны жақсылыққа бастай білген

-1. Бекет атаның неше мешіті бар, алғашқы мешітін қашан салынған? Сол Хиуа медресесін бітіріп өзінің туған топырағы- Атырау облысыныңдағы Жылой ауданындағы Ақмешіт аулына келіп, болашақта осы жердің балаларын бір жерден оқыту мақсатында екі бөлмелі мешіт салдырады.( слайдтан көрсету) Осы мешітте Бекет атаның ата-анасы Мырзағұл мен Жәния, баласы Тоғай, Кәрі әкесі Жаналы жерленген. ( слайд) Екінші мешітті- Оғыландыда, атаның өзі осы жерде жерленген. ( слайд) Үшіншісі — маңғыстау ойындағы Тобықты деген жерде Төртіншісі — Ескі Бейнеудегі мешіті.Мұнда ағасы Меңдіқұл, шөбересі, танымал әулие Самалық жатыр.

2. Бекет ата салдырған Бейнеудегі мешіт несімен құнды? ( слайд)

Сонымен қатар атадан қалған киелі заттары: асатаяғы, тымағы, кітабы бар.( слайд) Мұның бәрін ұстазы Бақыржан қажы Бекет атаға еншіге беріп кеткен екен.Әсіресе, көк түсті асас таяқтың төрт қасиетін ерекше көрсеткен.

-шаршасаң көлік,- -шөлдесең сусын,- -қорықсаң қару,- -тоңсаң панаң

«Көк аса» аталуының да себебі болған, екі сөзден құралған, Көк-аспан, Аса-маңызды,қажетті деген ұғымды білдіреді. Яғни көктегі күштермен, аруақтармен байланыс үшін керектігін білдіреді.( слайд ) ( қасиетті көк аса) Қазіргі иесі-Тұрсынғали Ләтіпұлы.

3-бөлім «Тылсым дүние»

Бір Бекет- Пір Бекет

Бекет ата туралы аңыздар мен деректер.

Көркем сөз «Бекет ата туралы аңыз»

4-бөлім «Тағзым» Пір Ата ,қолда халқыңды!

1.Атаға арналған астар ( слайд)

5-бөлім « Шежіре»

Тегім-Адай, Пір Бабам-Бекет деген...

1.Адай ата және оның ұрпақтары ( слайд) 2. 362 әулиелі Маңғыстау. ( слайд) Маңғыстаудағы киелі кесенелер.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068776

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru