Есірткі-әлем дерті

«ҚЫЗЫЛОРДА ОІІД ЕБҚКБ ТАРАПЫНАН ЖАРИЯЛАНҒАН САЙЫСҚА».

Айтуар Мақсат, Ш.Уәлиханов атындағы № 26 орта мектебінің 7 сынып оқушысы

Құрметті жас дос!

Талай ғасыр аңсап, «тар жол, тайғақ кешуді» бастан өткеріп, «ат басына күн туған, ауыздықпен су ішкен»кешегі қиын замандарда күреспен өткерген біздің аруақты, ер ата-бабаларымыз алып берген тәуелсіздігімізді, салып берген сара жолымызды сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету-біздің қасиетті борышымыз! Біз қазір тәуелсіз қазақ елінің үміт күтер азаматымыз! Елдің гүлденіп, бәсекеге қабілетті дамыған ел болуы үшін қашанда өз еңбегімізбен,өз білімімізбен озық тұруымыз керек! Жамандықтан аулақ болып, салауатты тұлға болу-біздің міндетіміз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы белең алып бар жатқан жаман, адамның өмірі мен санасын улайтын жат қылықтардан бойымызды әркез аулақ ұстап, білімімізді үнемі кеңейтіп отыруымыз қажет. Тәуелсіз еліміздің басты құндылығы адам болса, сол адамның басты байлығы-денсаулығы.Кешегі күні Хакім Абай атамыз: «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады»,- десе, бүгінгі күні Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс?– деп, денсаулықты күтуге, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Дана халқымыз: «Бірінші байлық –денсаулық»,-дейді.Шынында да, деннің сау болғанына ештеңе жетпейді.Бар байлық денсаулықтың қасында құнсыз.Ендеше, ұлттың тамырына балта шабатын,қоғамның санасын улайтын, мәдени және адамгершілік құндылықтарын төмендететін, жас өміріңді улайтын, зардабы жоюға келмейтін, соңы өлімге апаратын есірткіден аулақ бол! Білімсіздік пен қызығушылық, әуестенушілік соңы өкінішке апарады.

Нашақорлық-әлемдік дерт.Бұқаралық ақпарат құралдарында да түрлі тың ақпаратпен, заң салаларының өкілдері де заңдық тұрғыдан аяусыз күрес жүргізуде.Қазіргі таңда қоғам болып күрес жүргізіп жатқанда достарымызды, айналадағы адамдарды ғасыр дертінен арашалау- азаматтық парызымыз. Қызғалдақтай жайнаған өміріңді бір күнде жою -ең үлкен қасірет.Орны толмас өкініш әкелетін есірткіден бойыңды да, санаңды да аулақ ұста.

Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен дос бол! Білім жолын қуып, бос уақытыңды тиімді пайдалан! Жат қылықтарға әуес адамдарды әркез жақсы жолға түсуіне үлес қос! Жүрегіңді иманға толтырып, жаңа күннен жақсылық күт! Алаштың аманатын арқалаған жас дос, сен бүгін менің сөзіме өз үніңді қос!

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаҒасырдың уландырғыш заттары

Ұстаздарға«Айықпас дерт» сахналық қойылым

Психолог жұмыстарыЕсірткі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151010

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар