Коучинг

Коучинг

Тақырыбы:

«Мінсіз (табысты)оқушы »

Жалпы мақсаты:

«Мінсіз және қиын оқушыға» сәйкес келетін қасиеттерді талқылау, оқушыны қандай жағдайларда табысты деп атауға болатынын анықтау;

Коучинг сабағының мақсатына жету үшін ынтамақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыру;

Коучинг сабағында белсенділік таныту, коучинг мәселесін шешуге қызығушылық білдіру.

Күтілетін нәтиже:

I Коучинг қатысушы мұғалімдер өз оқушыларының табысты болуы үшін сабаққа қатысу деңгейі бойынша қалай топқа бөлетіндерін талқылайды;

Коучингке қатысқан мұғалімідер алған тәжіриберлерін өз тәжірибесінде қолданады;

Түйінді идеялар:

Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.

Ресурстар

Постерлер, маркерлер, қайшылар, түрлі- түсті қағаз, prezi.com презентация, видео

Коучинг жүрісі

Коучинг сессияның

уақыты

Коучтің іс- әрекеті

коучингке қатысушылардың іс- әрекеті

Психологиялық ахуал туғызу

3

Көтеріңкі көңіл күй орнату үшін «Вальс цветов» видео

«Вальс цветов» видео тамашалау. Әріптестер бір-бірінің қасиеттерін айтып бөліседі. (комплименттер айтылады)

«Сағат» ойыны арқылы топқа бөлу

3

«Сіздің өз біліктілігіңізді арттыруға арналған ең қолайлы уақытыңыз?»

әр мұғалім стикерге атын жазып, өзінің ұнатқан уақытына стикерді жабыстырады. Топтар осы уақыт аралығы арқылы топтасып отырады.

Кіріспе тапсырма

3

Коуч «Құмырадағы сызат» атты бейнебаянды көруді ұсынады

«Құмырадағы сызат» атты бейнебаянды көреді (интернеттен )

«Ой қозғау»

3

Осыдан, құрметті әріптестер, бейнебаяннан нені байқадыныздар?

Мұғалімдер коучингтің тақырыбын анықтайды

Коучинг мақсатын таныстыру

1

Коуч сабақтың мақсатымен слайд арқылы таныстырады

Мұғалімдер тыңдайды

Топпен жұмыс

10

І. 1 топ «Мінсіз оқушы»

2 топ «Қиын оқушы»

3 топ «Мінсіз мектеп»

ІІ. Мінсіз оқушы», «Қиын оқушы», «Мінсіз мектеп» сызбаға толтыруға жұмыс береді

Әр топтың мұғалімдер өз жұмыстарын постер арқылы қорғады

«Фишбоун» әдісі арқылы мұғалімдер сызбаны толтырады

Тәжірибелік жұмыс

7

Коуч: Егер оқушы мектепте мінсіз болса, өмірде де табысты болуы мүмкін бе? Барлық «Үздік оқушылар» өмірде табысты бола алады ма? Қатысушыларға атақты адамдардың суреттері слайдтан көрсетіледі, олардың қайсысы үздік болғанын, қайсысы екіге оқығандарын анықтау тапсырылады.

Слайд көрсетіледі. «Екіге оқыған атақты адамдар», «Атақты үздіктер»

1.Қатысушылар ресурстарды пайдалана отырып, жобаларын жасайды.

2.Әр топ өз жұмыстарын қорғайды

Сергіту сәті

3

«Қызыл өрік» әні караоке

Мұғалімдер ән шырқайды

Рефлексия

5

«Ойлаудың бес гүлі» стратегиясы бойынша бүгінгі жұмысымызға рефлексия жасап көрейік.

Мұғалімдер коучинг жұмысымына рефлексия жасайды.

Түйінді идея

Коуч: Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072348

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар