Оқытуды басқару және көшбасшылық

19 ақпан 2016 - Гульшат Башимова

Коучинг жоспары.

 Тақырыбы:

 

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Мақсаты:

Дұрыс және тиімді басқару үшін «көшбасшылық» ұғымына анықтама беріп, оның қасиеттері мен машықтарын атау.

Нәтижесі:

 

Өз көшбасшылық қасиеттерін бағалау.Көшбасшылық қасиетін жетілдіру бойынша стратегия

Түйінді идея:

Әр мұғалім өз бойындағы көшбасшылық қасиеттерін дамытуға жол ашу.

Сілтемелер:

МАН – 79 – 86 бет

Ресурстар:

Интерактивті  тақта, интернет, компьютерлер, стикерлер, маркерлер.

 

Коучинг барысы:

 

Оқыту әдістері

 

Коучтің іс-әрекеті

 

Мұғалімдердің іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

5-7 минут

Шаттық шеңберінде тұрған тыңдаушыларға:  Қазақтың ұлы билерінің  суретін таратады, осы кісілердің атымен топтасады

Топқа бөлінеді.

2. Ой қозғау

2 минут

Төле би, Қазбек би, Әйтеке би бұл кісілер туралы  білетінін ой қозғайды.

Мұғалімдер бұл ұлы тұлғалардың көшбасшы екенін айтып, коучингтің тақырыбын ашады.

3. Топтық жұмыс

8-10 минут

1.«Көшбасшы» ұғымына ассосация жасатып, осы ұғымның анықтамасын   шығару туралы тапсырма береді.

 

2. ББҮ-нің бірінші бағаның толтырту.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

3. 3 топ бір-бірінің жұмысын «Бағдаршам» арқылы бағалату.

1.Көшбасшы ұғымына ассосация жасап, ереже шығарады.

 

 

2.ББҮ-нің бірінші бағаның толтырады.

3. Топтар бір-бірін бағалайды.

4. Тыңдаушыларға түсінік беру

жұмысы

8-10 минут

 

«Оқытуды басқару және көшбасшылық» бойынша заманауи  түсінік, ұжымдық іс-әрекет, маңызы, дамыту стратегиялары бойынша түсіндіру.

Тыңдаушылар ұйып тыңдайды, сұрақтары болса қояды.

5. Сергіту сәті

3 минут

«Көшбасшыны анықтау» ойынынойнатады.

Белсенді ойынды ойнатады.

Топтық жұмыс

 

4-5 минут

1.     «Үздік көшбасшы» атты тапсырманы орындатады.

Тапсырма: Әр топта отырған тыңдаушылардың арасынан топ көшбасшысын, жасырын дауыс беру арқылы анықтайды.

2. ББҮ-нің екінші бағанын толтырту.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

1.     Үздік көшбасшыны анықтайды.

2.     ББҮ-нің екінші кестесін толтырады.

5. Топтық  жұмыс

10-15 минут

І топ

«Миға шабуыл» жаттығуы

Сөйлемдерді аяқтаңыз:
1.Көшбасшы –....
2.Көшбасшы болу үшін....
3.Көшбасшы, ең алдымен.....
4.Көшбасшыға тән қасиеттер....
5.Көшбасшы болып тумайды, қалыптасады, өйткені...
6.Мен көшбасшыларға берер ұсынысым...

7.Топ көшбасшысының қателігін аңғардым…

ІІ топ

«Керемет көшбасшы» жаттығуы

1. Керемет басшы қандай қасиеттерімен  ерекшеленеді?
2. Қазіргі экономикалық жағдайда сіздің пікіріңізше, білім беру менеджеріне қандай қасиеттер тән болуы керек?
3. Көшбасшыдан не үйренуді қалайсыз?

ІІІ топ

«Рульді ұстап тұрғанда» жаттығуы

Теңізде тыныштық болған кезде әркім де штурвалды ұстап тұра алады. Сіздің көшбасшылық қасиетіңіз  теңіз толқып, онда бірқатар өзгерістер болған жағдайда байқалғалы тұр. Мұндай сәтте адамдар да толқып,  бағыттарын жоғалтып, күйзеліске тап болып, дағдарысқа ұшырайды.
Тапсырма:  осындай жағдайда, сіз көшбасшы ретінде айналадағы адамдардың көңіліне үміт отын қайтіп ұялатар едіңіз?

1. Көшбасшы оқушының бойындағы жағымсыз қасиеттерді анықтайды.

 

2. Мәдени бөлініс туралы біледі.

 

3. Сыныпты топқа бөлу үлгілерін біледі.

 

4. Топтар бір-бірін бағдаршам түстері арқылы бағалайды.

 

7. Рефлексия

10 минут

1. ББҮ-нің үшінші кестесін толтыртады.

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

2.Көшбасшылармен байқағыштыққа бағытталған ойын.

(Роза апай ойнатқан ойын)

3.     Бағалау

1.     Коучиг тақырыбы бойынша ой қорытады.

2.     Ойын ойнайды.

3.     Жақсы көңіл-күймен тарқайды.

4.     ББҮ-нің үшіншіі кестесін толтырады.

5.     Смайликтер арқылы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147872

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 26 ақпан 2016 в 20:06 0
Көшбасшылық ұстаз бойындағы қасиеттерді анықтауға көмектеседі.Оның тиімді жолдарын анықтау керек шығар.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар