Сыйынар ем ана деген тәңірге..

15 маусым 2014 - Лаззат Сейсенбаева

Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы

«Бейнеу мектеп интернаты» мм нің

бастауыш сынып мұғалімі

Сыйынар ем ана деген тәңірге…

Мақсаты: Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, аналарға деген құрметтің шексіз екендігін ұғындыра отырып, ізгілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:ана туралы қанатты сөздер, слайдтар, фотосуреттер, шарлар.

1-бөлім: Ана-тіршілік тірегі

Вальс: Ана туралы жыр.

Біржан: Жан жылуын көкірегіне толтырып,

Дархан: Көктемді қанатына қондырып.

Біржан: Аналарымыздың әсем мерекесі де келіп жетті.

Дархан: Өздеріңізді шуақты мерекелеріңізбен құттықтаймыз!

Біржан: Ана—деген жүректегі асыл ән, Ана- бақыт деген сөзге қосылам.

Дархант: Анаға айтар тілегіміз таусылмас, Ана-деген өмірдегі асыл жан.

Біржан: Шырылдап жерге түскеннен-ақ біздің ең жақын досымыз

Дархан: Ұстазымыз

Бірге. Ол-ана

Біржан: Ана-- десе толқымайтын жүрек,

Дархан: Тасымайтын қан,

Біржан: Сезбейтін сезім болуы мүмкін емес.

Дархан: Дүниеге алып келген, Күн нұрындай асыл анам, Бүкіл әлем жақсылығын, Тілеп едің өзің маған.

Біржан: Қазақ халқы ежелден, Құрметтеген қыздарын. Ата-дәстүр салтымен, Төрді ұсынған әрдайым. Ендеше «Қыз өссе елдің көркі» демекші сыныбымыздың сүйкімді қыздарына төрді ұсынсақ.

2-бөлім «Қыз өссе, елдің көркі»

Дархан: Ай секілді ажарлы Айнұр бүгін, Қалдырмайды Жаннұр сынды егізін. «Ақжайнақ» деп бұралып би билесін, Біз көрейік егіз гүлдің өнерін. Би: Ақжайнақ

Біржан: Жайнап жаймен жүретін Жымиып ақырын күлетін. Аналарға Назерке Арнап бүгін жыр төксін!

Көркем сөз: Ана

Дархан: Жаны сұлу Айдана Сыйлайды оны бар бала. Нұршатпенен қосылып. Ән арнасын анаға.

Ән.

Біржан: Жамандыққа бармайтын, Сабақтан көп қалмайтын. Алмажанның бар сөзі Аналарға арнайтын.

Мұғалім: Міне, сыныбымыздың кішкентай бүлдіршін қыздырының өнерін көрдік, енді ұлдарымыздың құрбыларына арнаған құттықтау қағазын табыс етейік.

«Білгім келеді» айдары.

3-бөлім «Сыйынар ем Ана деген тәңірге! Көрініс: Ана жүрегіОқушылармен пікірлесу. Слайд көрсету (аналар туралы) Қорыту.( аналарға гүл шоқтарын беру)

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068774

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru