«Соғады жүрек...» М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

«Соғады жүрек...» М. Мақатаевтың шығармашылығына арналған

әдеби-сазды кеш

1- Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқытушылар, М.Мақатаевқа арналған әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер! М.Мақатаев биыл 85 жасқа толып отыр.

2-жүргізуші

 Жыл керуені алға жылжыған сайын М.Мақатаевтың артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздың қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарықрай, өркендей өсіп, айшықтала түсуде.

1-жүргізуші

Абай үндес Мұқағалидай перзенті бар халық –шынымен бақытты халық.

             Отан туралы  өлеңдер оқылады      

1- Жүргізуші:

М. Мақатаевтың өлеңдерінің тақырыбы сан алуан, соның ішінде бір қатар өлеңдері махаббат тақырыбына арналған.

2-жүргізуші

Махаббат бақыт емес қонатұғын,

Түлкі емес, ойдан-қырдан шалатұғын.

Махаббат – кездеспейтін керемет бір!

Өмірде бір-ақ рет болатұғын,-деп, ақын жырлағандай, кезекті махаббат лирикасына берейік.

 Махабатт туралы өлеңдер оқылады

1- Жүргізуші:

Ақынның бір ғана прозалық шығармасы  бар. Ол «Қош махаббат» пьесасы. Бұл пьеса барлық қазақ драма театорларында қойылады. Осы пьесадан үзіндіні тамашалаңыздар. «Махаббат диалогы»

(«Махаббат станциясы» көркем фильмнен — музыкалық сүйелдеме)

–       Құс боп ұшып жоғалсам, не етер едің?

–       Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

–       Отқа түсіп өртенсем, не етер едің?

–       Күл боп бірге соңынан кетер едім.

–       Бұлдырасам сағымдай, не етер едің?

–       Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

–       Қайғы әкелсем басыңа, не етер едің?

–       Қойшы, сәулем, бәрән де көтеремін.

 2- Жүргізуші:

 «Мұқағали өлеңдері әнге сұранып тұрады» деген пікір жиі айтылады. Расында, бүгінде ой жүгіртіп қарасақ, ақын сөзіне жазылған әндерді санамалап шығу мүмкін емес сияқты.

1- Жүргізуші:

Кешегі өткен Нұрғиса, Шәмші сынды біртуар композиторлардан бастап, бүгінгі жас буынға дейін Мұқағали өлеңдеріне ән жазды. 

Ән «Сенің көзің»     

2- Жүргізуші:

М. Мақатаевтың поэмалары: Райымбек! Райымбек!, Бала шақтан – болашаққа, Алтай–Атырау, Мұзбалақ, Досыма хат, Ару ана. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы халықтың наным — сенімін, әдет — ғұрпын жаныңмен ұғып, санаңа сіңіруді көздеген туынды.

Ақын бұл поэмасын бір түнде жазып, ертеңіне Ғабит Мүсіреповке келіп, оқып берген. Ғабит Мүсірепов поэманы мұқият тыңдап, Мұқағалидың арқасынан қағып: «Өте жақсы»,- деп бағасын беріпті, ақынға алтын қалам сыйлаған. Осы поэмадан үзінді тамашалаңыздар.

Көрініс: «Аққулар ұйықтағанда»

Автор:

Өзен де жоқ сыймаған арнасына,

Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай

Қалай біткен мына көл тау басына?!

Мөлдірейді,қарайды қарға, шыңға

Жалғыздықтан  жамандық бар ма, сірә.

Қанша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпақ кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша өсті екен, құлады екен,

«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?

«Жетім көлден»су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай ‐салада?

Қанатынан үзіліп ән‐самала,

Қаншама аққу кетті екен–аңсаған ән?

Бала жатыр төсекте, албыраған,

Әке жатыр еденде, қалжыраған.

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.

Түні мынау тамыздың маужыраған,

Тауы анау шымылдық салбыраған.

Бала жытыр төсекте күйіп‐жанып,

Баласының ана отыр күйін бағып.

Қайдағы бір қатыгез, сұрқай ойлар

Миын қарып барады, миын қарып.

Ана:

«Мана,  күндіз, тәуіп шал не деп кетті?!

Әлде өтірік, әлде шын демеп кетті.....

–       Аққуменен баланы аластаңдар,–

Деді дағы жәйімен жөнеп кетті......»

–       Тұрсайшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?!

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі

Ұмытылып кетті ме санатыңнан?

… Айналайын аққудың қанатынан,

Қайтеміз, ол да адамға бола туған.

Әке:

–       Апыр‐ай, қалай барам, қалай барам?!

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Барлығы қасиетке қарайлаған,

Оқ атам қасиетке қалай ғана?!

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Ана:

–       Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсін қалғандарын.

Перзент сұрап несіне армандадың?!

Құрысын онсыз сенің жанған бағың!

Мылтықты әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі!

Шал:

«… Апыр‐ай, бұл кім болды таңсәріде

Көргенсіз көл басында мылтық атқан?!

Құстардың зәре‐құтын шырқыратқан,

Неғылған қаныпезер құлқы қатқан?!

Мылтықты атарлықтай көлге келіп,

Апыр‐ай, жоқ еді ғой елде желік...»

 Ана:

«… Мына жатқан «Жетім көл», мына аққуды

Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа...

Жоқ!

Мен емес...

Мен атпадым...

Кеше гөр, кешіре гөр, Жаратқаным?!»

 Автор:

… Сол кеткеннен мол кеттім, оралмадым,

Жерді аңсаймын...

Жалғыз‐ақ сол – арманым.

Қиын екен қимасың екі бірдей

Көз алдыңда ғайып боп жоғалғаны...

 Орында екен «Жетім көл», жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз 

Қасиетті аққулар оралмапты.

1- Жүргізуші: Ербол

 Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді.

Ән «Күрең Күз» әніне оқушылар Вальс биін орындайды

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124452

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 9 ақпан 2016 в 20:05 0
Мұқағали- қазақтың бір туар жарық жұлдызы туған халқына, болашақ ұрпаққа өшпес мұраларын қалдырған...

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар