Тіл тағылымы

26 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Тіл тағылымы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»заңын,

Тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау барысында мектеп басшысы С.Н.Керннің бекіткен айлық жоспары бойынша Н.Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияда ауқымды іс-шаралар жүргізілді.

«Қазақ тілі»айлығы барысында мектеп директорының орынбасарлары

Ж.А.Орынбаева мен Г.А.Михайлиналардың ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің үздік оқытушысы»байқауы өткізілді.Г.Еділбаева, М.Шахманова, Ж.Атабалаева,Ә.Орынбаева,

А.Тасманова сынды қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері өзара бақ сынасты.Қазақ тілін өзге тілді ортада үйретуде сапалы нәтижеге қол жеткізіп жүрген мұғалімдеріміз заман талаптарына сай озық әдістемелерін, яғни іс-тәжірибелерін ортаға салды.Байқау өте тартысты өтті. Байқауға қатысушылар интерактивті тақтаны тиімді пайдаланып, қазақ тілінің жаңа оқыту технологияларын пайдалану негізінде өз тақырыптары бойынша үйретудің сапалы әрі тиімді жолдарын анықтап, жүйелі түрде айтып берді. Байқауға қатысушылар педагогикалық — психологиялық сұрақтарға мүдірмей нақты жауап беріп, әдістемелік сауаттылықтарын көрсетті. Өз өнерлерін көрсетуде мұғалімдеріміз тапқырлық танытып, көрермендерді шеберліктерімен таңқалдырды.Ә.Орынбаева, М.Шахманова, А.Тасмановалар өлеңді мәнерлеп оқып, поэзиядан сыр шертсе, Г.Еділбаева О.Әубәкіровтың мысал өлеңін ым-ишарамен нақышына келтіре орындап, көрермендерді күлкіге көмкерді.Ал, Ж.Атабалаева болса, Ш.Айтматовтың шығармасының желісі бойынша мәңгүрт баласын іздеген ананың ролін сомдап шығып, бәріміздің көзімізге жас алдырды. Бұл байқау мұғалімдердің кәсіби және рухани кемелденулеріне ықпал етті.Біліктілікті арттыру, кәсіптік педагогикалық шығармашылықты ынталандыру мақсатында өткізілген байқауда қазылар алқасы қатысушылардың әдістемелік қоржындарын сараптай келе, жеңімпазды жариялады. «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» атағын жеңіп алған – Алтынай Тасманова болды.Ол қалалық байқауға жолдама алды.

Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау үшін №9 мектеп-гимназияның қазақ тілі мамандары Т.Аймұратов пен Р.Бердиярованың ұйымдастыруымен «Үздік аудармашы»байқауы мектеп қызметкерлері арасында өткізілді.Байқауға биология пәнінің мұғалімі Ә.Құлжаев, тарих пәнінің мұғалімі Н.Жұмашева, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ю.Бусыгина, музыка пәнінің мұғалімі А.Сұлтанбекова,қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.Эрметова, лобаронт С.Өтеповалар қатысты.Тәуекелді талап ететін байқау шарттарын мұғалімдеріміз педагогикалық әдеппен, ұқыптылықпен, жарасымдылықпен орындап шықты.Сыни ойлау деңгейлері жоғары, өзгенің пікірін құрметтей білетін байқау үміткерлері өздерінің рухани бай, зиялы тұлға екендерін таныта білді. 4-ші кезеңде мәтінді аударуда қатысушылар әдіснамалық, интелектуалдық тұрғыда білімдерін сарапқа салды.Кәсіби сапаларды меңгерген мұғалімдеріміз бәсекеге төтеп беретін тұлға екендерін дәлелдеді. Бұл байқауда қазақ тілі пәнінің мұғалімі М.Эрметованың бағы жанып, « Үздік аудармашы» атағын жеңіп алды.

Оқыту үрдісінде оқушыларды жақсы нәтижеге жеткізудің жолдарын қарастыра білетін пән мұғалімі Р.Бердиярова «Абай-дана, Абай-дара қазақта» тақырыбында 8-сыныптар арасында сайыс өткізді.8бөлімнен тұратын сайысқа 7оқушы қатысты. Райхан Бердиярова ұлы ойшыл- ғұлама Абайдың өсиет сөздерінің қаймағын бұзбай оқушыларға барынша терең игертуге тырысты. Сайыс нәтижесінде 8 «Д»сыныбынан Б.Сейтжаппар 1-орынға, 8 «Е» сыныбынан А.Сейдалы 2-орынға, 8 «Г» сыныбынан Н.Юсупова 3-орынға ие болды.Р.Бердиярованың орыс сыныптарында өткізген ашық сабағын тіл үйретудің озық үлгісі деп есептесек орнықты болар еді.Оны әдістемелік қоры жетілген кәсіби, шығармашыл мұғалім десек те болады.Бұның айқын дәлелі –ол Талғар қаласында қызмет етіп жүрген кезінде, «Ғ.Мүсірепов – көркем сөз зергері» атты Алматы облыстық ғылыми-конференциясында жасаған мазмұнды баяндамасы үшін 1-орынды иемденген болатын.Ол Ресей-Қазақстан университетінде де біраз жылдар қызмет еткен. Әдістемелік қоржынын толықтырған Р.Бердиярова бүгінде мектебімізде оқушыларға жалықпастан мемлекеттік тілді үйретуде.

«Қазақ тілі» айлығы барысында «Ақ қауырсын», «Астанам – бас қалам» атты шығарма жазу байқаулары, «Абай-Шәкәрім», «Пушкин», «І.Жансүгіров», «М.Мақатаев»оқулары,»Тапқыр достар», «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»ойындары, «Менің елім –Қазақстан», « Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Үш бәйтерек», «Бес арыс», «Алаштың ардақты азаматтары» т.б. іс-шаралар жаңашылдықпен өткізілді.

Ж.Кеутешова, Д.Жабагиева, А.Шаметова, Г.Наурызбаева, В.Батыркулова, М.Құрманова,

А.Қалкөзова, А.Мырзағалиева, М.Сапарбаева, Г.Исатай, Р.Серікбаева, З.Елдиярова, С.Турабаева, Г.Ахметова сынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері үлгілі сабақтарын көрсетті.Мемлекеттік тілді оқытуда инновациялық жүйелер мен жаңашыл ой-пікірлердің қалыптасуына негіз болған озық әдістемелік жүйелер ортақ арнаға тоғысты.Осы айлыққа қатысушы ұстаздардың барлығы дерлік ой-толғаныстарын шыңдап, ішкі мүмкіндіктерін ашуға қол жеткізді.

Несіпкүл Өтебаева,

Н.Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның мұғалімі,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083489

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар