Францияда жеңімпаз атанған Саяна

26 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Францияда жеңімпаз атанған Саяна

-Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының мақсатында Экономиканың және азаматтардың әл-ауқатының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту үшін оны түбегейлі жаңғырту -деп көрсетілген. Қазіргі кезеңде Түркістан қалалық білім бөлімінің қызметкерлері мен қала мұғалімдерінің білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында атқарып жатқан еңбектері елеулі. Соның бір айғағы — Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның 11 сынып оқушысы Саяна Әбдіжаппарқызы Сабден қалалық білім бөлімінің қолдауымен Францияның Париж қаласында халықаралық деңгейде өткізілген «Surles pas de grans matneaticiens» атты олимпиадаға қатысып І дәрежелі дипломды қанжығасына байлап оралды. Қазақстан мектептерінен 44 оқушы барған болатын. Соның бірі – Түркістанның төл перзенті – Саяна Әбдіжаппарқызы Сабден. Ол халықаралық білім сайысында жүлделі орын алғаны үшін Қазақстанның және Францияның медальдарының иегері атанды. Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның директоры Жаңыл Орынбаеваның қатысуымен және мектеп директорының орынбасары Гүлжан Мұратованың ұйымдастыруымен мектепте өткізілген жиында Саянаның жетістігі үлгі ретінде оқушыларға кеңінен насихатталып аталып өтті. Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның директоры Жаңыл Орынбаева алқалы оқушылар жиынында сөз алып жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар – Саяна Сабденді Мақтау қағазымен марапаттады.

Саяна Сабденді халықаралық деңгейдегі математика пәнінен олимпиадаға ыждаһаттылықпен дайындап, нәтижесін көрсете білген білімпаз ұстаз — Анаргүл Ағабекқызы Бейсебаева. Сонымен қатар сынып жетекшісі – Ольга Матвиенконың да осы жетістікке қосқан үлесі зор.

Саянаның балалық шағына үңілсек: Ол зеректігімен 3 жасынан алфавитті танып, 4жасынан оқи бастайды. С.Сабден 4сыныпта оқып жүргенінде, мектепке облыстық департаменттен келген Айткүл апайдың кітапхананы тексеру сараптамасы бойынша, ол – ең көп оқитын оқырман ретінде танылған болатын.Сондай-ақ, ол жыл сайын өтетін дәстүрлі «Золотое Руно» байқауының жеңімпазы, қалалық олимпиаданың ІІ–орын иегері,қалалық ғылыми жобаның І- орын иегері атанған.

Ойы алғыр, танымы жоғары ізденімпаз оқушы – Саяна Сабден текті жерден шыққан десек те болады. Оның түп атасы – Сабден Дайрабай( Москваның жоғарғы оқу орнын бітірген) Түркістан қаласындағы «Балалар үйінің» тұңғыш директоры болған.Ал, әкесі – Сабденов Әбдіжаппар болса, Саранский қаласындағы Мордовский мемлекеттік университетінің физика факультетін бітіріп, көп жылдан бері Түркістан қаласында пневмоавтоматик мамандығы бойынша қызмет атқаруда.Анасы – Баян Қасымқызы Сабден жоғарыда аталған мектепте орыс тілі пәнінің мұғалімі, мектеп директорының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, қазіргі кезде қалалық білім бөлімінің әдіскері лауазымында еңбек етуде.

Сөз соңындаФранцияда жеңімпаз атанған Саянаға — алдағы сындардан сүрінбей өтіп, биік шыңдардан көріне бер!-дегіміз келеді.

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның мұғалімі,

Түркістан қаласы

Осыған ұқсас жазбалар:

Іс-шара мәліметтеріЮлия – облыстық байқау жеңімпазы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072415

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар