Шымқалада лауреат атанып, Түркістанда бас бәйгені иеленген жас өркендер

26 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева
Шымқалада лауреат атанып, Түркістанда бас бәйгені  иеленген жас өркендер

Шымқалада лауреат атанып, Түркістанда бас бәйгені иеленген жас өркендер

Бүгінгі күні қоғамның алдында тұрған жауапты мәселелер өте көп. Өмір біздің халқымыздың әр саналы азаматынан уақытына заманына сай қайрат, жігер қимыл жасауды талап етеді. Ең бастысы – мемлекетіміздің іргесін мықтап қалау, мемлекетімізді басқа елдерге таныту,әлемдегі өзіне лайық орнын табу, мәдениетімізді, рухани байлықтарымызды, әдет ғұрпымызды, ғұламаларымызды елімізде сыйлауы, түсінуі, сенуі керек. Осы тұрғыда Түркістан қаласындағы жасөспірімдер арасында ауқымды дүркін-дүркін іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілуде. Жарғақ құлақтары жастыққа тимей, аянбай еңбек етіп жүрген, өз істерінің майталмандары — Түркістан қалалық білім бөлімінің бас маманы Г.Малбаева мен балалар мен жасөспірімдер орталығының директоры С.Е.Таңатаровалардың ұйытқы болуымен «Өнер құдіреті – мәңгілік» атты фестиваль Түркістан сазды драма театрдың ғимаратында өткізілді. Бұл фестиваль өнер мен әдептің сұлулыққа, сыпайылыққа, әсемдікке негізделуімен ерекшеленді. Ізгілікті демократиялық қоғамда басты мақсат: оқушыларды ұлтжандылық пен интернационалдық сезімге баулуды іске асыру. Сөзімізге арқау болып отырған «Өнер құдіреті – мәңгілік» фестивалінің өн бойынан осы ізгілікті тәлімдік қағидалар айрықша көрініс тапты.Нәтижесінде «Талап таудан асырады» дегендей, І орынды №14 орта мектебі, ІІ орынды Сауран орта мектебі, ІІІ орынды М.Жұмабаев атындағы №15 мектеп-гимназиясы, ал, бас жүлдені Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның өнерлі жас өркендері жеңіп алып, биік тұғырдан көрінді.

Көктемнің жаймашуақ наурыз айының 31 жұлдызында қалалық білім бөлімінің бастығы Ү.П.Сапарованың нұсқауымен Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның оқушылары мен бір топ шығармашыл мұғалімдер шырайлы Шымкент қаласында өткізілген облыстық «Менің Қазақстаным – менің елім» тақырыбындағы фестивальға қатысып келді.Фестивальдің идеясы — әдеби-тарихымызды жас өркен бойында дамыту, Отанға деген сүйіспеншілікті патриоттық тұрғыда нығайту және дарынды балалардың рухани шығармашылығын паш ету. Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның директоры Ж.А.Орынбаеваның бұйрығымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.М.Наурызбаева мен С.К.Жорықбаева және шығармашыл топ құрамындағы Н.А.Куланова, А.Т.Түктібаева, И.Ш.Дадажанова, Ю.В.Костин, Б.А.Резаев, З.Н.Ибрагимова, И.В.Кононенко,

Ж.А.Байкенжеева сынды мұғалімдер мен Әлімхан Еркебұлан, Түркістанбай Олжас, Кәтіп Ержан, Әбдімүтәліп Елдос, Султанова Камола, Абибулла Ақерке, Есет Дана, Абдукарим Даниал, Пягай Диана, Ахметова Наргиза, Мұрат Бақытнұр, Абдурахманов Бабажан,Қалыбай Мадина сынды оқушылар облыстық фестивальға қатысып келді.Облыстық фестивальға қатысатын оқушыларға сахнаға, талапқа сай көркем киімдерді дайындау, киіну мәдениетін қалыптастыру жоғарыда аталған ұстаздардың мойнына жүктелді.Талғаммен киіне білу – адамның өзіне сенімді болуының кепілі емес пе?! Осы орайда оқушыларымызды сахналық киімдермен қамтамасыз ете отырып, оларды ырғақ, дене мәдениеті, би мәдениетімен тәрбиелеген тәжірибелі ұстаздарымыз тынымсыз еңбек етті.Яғни, олар балалардың шығармашылығын дәріптей білді.Сондай-ақ, облыстық көрмеге біздің оқушыларымыздың тарихи деректі туындылары қойылды. «Ақыл, парасат күші адамның ойлауына, пайымдауына,ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп, Әл-Фараби айтқандай, біздің мектебіміздің қолөнері мен өнер туындыларын дайындаған оқушыларымыздың еңбектері облыстық қолөнер көрмесінде көздің жауын алып тұрды десек қателеспейміз. «Өмір өзегі», «Жайлау», «Дала әуені», «Пиктограмма», «Жер-ана», «Наурыз аруы», «Өсиет»,«Жылқы» атты туындыларды дайындаған Г.Асанова, А.Муракова, А.Зейнелова, Ю.Матвиенко, Д.Абсаматова, К.Қуанышева, Қ.Тоймахан, М.Бақытнұр, З.Азатова сынды оқушылар болды.Сан ұлттың өкілдерінен құралған ұстаздарымыз бен оқушыларымыз ең күшті адамдық қасиеттердің бірден-бірі – намысты өресі жеткен жерге дейін өрістетіп, думанды фестивальде өз өнерлері мен шеберліктерін шыңдап қайтты.

ІІІкезең бойынша өткізілген облыстық «Менің Қазақстаным – менің елім» фестивалінде шәкірттеріміздің еліміздің тәуелсіздігі мен жетістігін, салт-дәстүрімізді насихаттап үздік өнер көрсеткені үшін топ жетекшісі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Наурызбаева Гүлмираны облыстық білім басқармасының бастығы А.Елшиеваның қолтаңбасы мен мөрі басылған «Алғыс хатпен» марапаттады.

«Бірлік болмай тірлік болмас»дегендей, Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия директоры Ж.Орынбаеваның басшылығымен атқарылған өнімді іс-шараларда қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса-дағы жетістікке жеткен ұстаздарымыз бен оқушыларымызды жемісін берген жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Несіпкүл Өтебаева,

Н.А.Некрасов атындағы

№9 мектеп-гимназияның мұғалімі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062451

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар