Юлия – облыстық байқау жеңімпазы

26 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Юлия – облыстық байқау жеңімпазы

Жаңалықтың жаршысы болған, жеті жұрттың тілін жетік меңгерген Н.Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, жас маман – орыс ұлтының өкілі -Бусыгина Юлия Сергейқызын ілтипатпен атап өтейік.Ол осы аталған мектептің түлегі.Ол бүгінгі таңда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге өзіндік қолтаңбасымен зор үлесін қосып жүр. Мектеп қабырғасында жүргенінде-ақ ұстазы Ж.Қасымованың (бүгінде зейнеткер) жетекшілігімен қала бойынша ғылыми жоба жұмысынан «Жасөспірімдер шығармашылығы – 2003»тақырыбын қазақ тілінде қорғап, жеңімпаз атанған болатын.Сол үрдіс жалғасын тапқандай.Ол үнемі БАҚ өкілдеріне қазақ тілінде сұхбат беріп, Түркістан қаласының тыныс-тіршілігінде алқалы жиындарда мінберден өз ой-пікірін қазақ тілінде баяндап жүрген белсенді мұғалімдердің бірегейі. 2008 жылы еңбек жолын бастаған Ю.С.Бусыгина «Жас келсе-іске» дегендей, осы аталған жылы Түркістан қаласы бойынша жолдамамен облыстық «Тіл – халық жанын танудың кілті» тақырыбында өткізілген байқауға қатысып,2-орынды алып келген болатын. Ал, биылғы жылдың наурыз айының алғашқы онкүндігінде Ю.С.Бусыгина шырайлы-Шымкент қаласына барып, білім саласында қызмет ететін өзге ұлт өкілдері арасында өткен «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты облыстық байқауға қатысып,3-орынды қанжығасына байлап келді.Ол «Сыр сандық» турында өзін толыққанды өлең сөзбен таныстырды. «Ұтымды жауап, пайымды пікір, салт дәстүр»турында сұраққа мүдірмей жауап берді. «Сапалы аударма»турында мәтінді қазақ тіліне өте сәтті аударады. «Өнерліге өріс кең» турында «Асыл әжем» әнін нақышына келтіре орындайды. Ол өзінің қазақ тілінде сөйлеу мәнерімен,ұлттық киімімен,4 турдан сүрінбей өтіп топты жарып шықты.Облыс көлемінде мемлекеттік тілді насихаттауда озық үлгі көрсете білген, 23-ке енді толатын Юлияның мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге,қолданбалы саласын жетілдіруге үлес қосып, шеберлігін шыңдай беретініне кәміл сенім білдіреміз. Өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін сүйіспеншілікпен меңгерген Юлия Бусыгинаны Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің тұлғасын қалыптастырушы -мемлекет қызметкері деп айтуымызға толық негіз бар.

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Осыған ұқсас жазбалар:

Іс-шара мәліметтеріФранцияда жеңімпаз атанған Саяна

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148666

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар