«Ана-бақыт, Ана-күн!»

16 маусым 2015 - Зейнеш Таңжарова

Тәрбие сағатыныңтақырыбы: «Ана-бақыт, Ана-күн!»

Тәрбие сағатының мақсаты:

8- Наурыз-халықаралық әйелдермерекесінатапөту, анаға, әйел-қыздарға деген мейірім, сүйіспеншілік арттыру, әйел-ананың қоғамдағы, өмірдегі орны мен рөлінің ерекшелігін жастарға, білім алушыларға ұғындыру. Білімалушылардыәлемдегі ең асыл жан-аналарды, қыздардысыйлауға, адамгершілік сезіменқалыптастыруға, әсемдікті сүюге баулу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:

Қабырға газеттерін шығару, тәрбие сағатының тақырыбы, сахнаны безендіру.

Тәрбие сағатының өтілу әдісі:

Сахналық қойылым, мерекелікконцерт.

Қатысқан оқушылар саны:17

Өтетін орны: АКТ залы

Уақыты: 6 наурыз 2015 жылсағ.12.00

Жоспар:

1.Аналарға, ұстаздарға, ару қыздарға арнаулар

2. Сахналық қойылым.

3. Жағдаяттан шығу.

4. Өлең-жырлар оқу.

5. Мерекелік ән шашу.

1-жүргізуші: Көктемнің шуақты күндері мен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтынхалық жоқ. Бәріміз деананың ақсүтіненнәр алып,өсіп-өніп келеміз. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөзі-Ана! Тіршіліктіңқайнар көзі, мейрімніңкәусар бұлағы-Анаесімінен артыққасиетті, киеліештеңе жоқ. Күллі дүние. Абзал да асыл жандардыңалдындабасиеді.

2-жүргізуші: Құрметті асыланалар, ұстаздар, қыз-қызғалдақтар!

Қарастынанқылтиып бәйшешек бой көтергенде, көктемніңалғашқы хабаршысындайболып, аналар әйелдер, қыздар мерекесі келеді. Бәйшешексоншалықты нәзіктігінде қарамастан қыс ызғарына шалдықпай бүршік жарады. Біздің асыл аналарымыз да соншалықты нәзіктігіне қарамастан барлық қиындықтарға төзімді. Құрметті аналар, апайлар, қыздар! Сіздердің көктемгі күндей жарқыраған гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын.

1-жүргізуші: Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса аналар, бүгінгі сән-салтанатта, сый құрметте, ән мен би де тек өздеріңізге арналады!

1-2 жүргізуші: бірге Мереке құтты болсын, ардақты абзал жандар!

Ән «Анашым»хор.

1-жүргізуші: Армысыздүниеніңасылдары

Жайнасынкөңілдердіңжасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен жыр,

Сіздер үшін мереке шашулары.

1-оқушы: Тербейді ана қуаныштыбақытты,

Тербейді ана тебіренеді жаны шын

Тербейдіана уақытты

Барлық әлем бір-ақбесікана үшін

Тербейді анабөбегін

Сол арқылы тербетедіөз елін

Құмын, тауын, өзенін

Тербейді анакөлеңкелі шуақты

Планетаның алақаны сияқты.

2-оқушы: Шешесенбақыттысың!

Шеше сен бақыттысың!

Жыламағын…

Жай түсіп жатқанда да құламағын,

Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның

Сондықтен жыламағын, жыламағын

Бармын ғой

Тірімін ғой, қасыңдамын

Өлмеймін мен өзіңдей аспандамын

Таусылып өз сөзіңнен шаршамағын

Байырғы берекеңді қашырмағын

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып тозбасыңа

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Шеше» деп жаздым ылғисөз басына

(Тәңірім кешіре гөр кесірімді)

Аспанға жазсам сенің есіміңді

Шеше, сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігіңді.

Ән: «Анаға сәлем» Байжан Жансая

2-жүргізуші: Сен білесіңбе дүниедегі ең сұлу кім?

1-жүргізуші: Дүниедегі ең сұлу-ол қазақ әйелі, ана!

2-жүргізуші: Неге?

1-жүргізуші: Ана-бар мұратын отбасының игілігіне арнаған әлемдегі ең асыл, ең ізгі адам.

2-жүргізуші: Ана бар тілегін, арманын перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейрімді жан.

1-жүргізуші: Ана бақытты некені ерінің талайынан күткен әлемдегі ең адал жандар.

2-жүргізуші: Ұлттың ұйытқысы

1-жүргізуші: Ұрпақтың анасы

2-жүргізуші: Ендеше бүгінгі ән мен жырымыз. Би мен күйіміз тек өздеріңізге арналады қымбатты аналар. Ұстаз-апайлар. Білім алушы арулар!

Би: «Қосжұлдыздар» би тобы«Қызғалдақтар» биі

1-жүргізуші: Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған

Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған

Әлемде сен болмасаң осылайша

Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, игі арман

2-жүргізуші: иә, бүгін мактасақ-барлыгын жеңетін, тіршіліктің бұлағы әйел –ананы мақтайық»

1-жүргізуші: Оның алдында ажал да бас иетін нағызкүшті әйел ананы мақтайық.

2-жүргізуші: Ханды да, дананы да, батырды да өмірге әкелген ананы дәріптейік.

1жүргізуші: бізге қажымас қайрат беретін –ана. Анаға бас иейік!

2-жүргізуші: Эпостағы Гүлбаршын мен Құртқа. Ақжүніс пен Назым, тарихтағы Домалақ ана, махаббаттың пірі-Айша бибі мен Абақ ана, Абайдың туған анасы Ұлжан, ел билеген Айғаным, қол бастаған Бопай, Ел қорғаған Гауһар ана бәріанадеген атқа ие. Ендешесол аналарға тағзым етейік.

«Әкешім, анашым» әніОрындайтын Мыскалбай Гүлдана

Өлең оқу: «Әйел менің ақылшың да серігің!»

1-оқушы: Сенікі ме, менікі менсонау гүл,

Арман үшінжүрмізжазыпалаужыр

Жат біреуге бақытболып туатын

Әйелдерді еркелеткенжөн-ау бір

Әйелді ылғи еркелеткен ел азар

Көрініс: «Соқырана»

Автор сөзі:

Жібісін депжүректерінжыртөгем

Перпзент білсінанаға қол сілтеген

Жетімжайын, жесіржайынтолғаған

Бүгіндежоқкүндежиынкүл төбем

АдамдыАлланармақсатпенжіберген

Мақсатыңдытанып, сезіп білер мен ең?

Ата-анаданбиікқойған бар малын

Қуыскеудетопасбаскөпбілем мен.

Сеніпедім табылар деп қасымнан

Сенгенқойым тентек болды жасынан

Ғибрат алыпойғақарапбайқап көр

Оқиғаныбаяндайынбасынан.

Бала едітереңойлап көрмеген

Ойын ойнап, қызық қуып терлеген.

Мектептегі сабақ, тәртіп тым жақсы

Сондықтан дажоқкедергі көлденең.

Бірақ оныңкөңілін бір ой бөледі

Дейдіөзі солой жолды бөгеді

Өз пайымасолай ғой бұл баланың

Анасының бір көзі жоқ себебі.

Сол мектептеаспазшыеді анасы

Ұлына еді бар тәттісі, бар асы.

Ақша тауыпасты-үстіне түсетін

Қарныашпасын, киінсіндеп баласы

Ал баласы асханаға кірмейтін

Апасыменкөшедебір жүрмейтін

Ас беретінсоқыр әйел анасы

Екендігін достары да білмейтін

Әр бір тәулік ашыпжаңа парағын

Бұл да басты сақтықпен әр қадамын

Кім біледіғұмырынбұл жұмақтың

Қанша уақытжұмбақболып қалатын.

Құпияны ашпаса кімбіледі,

Байғұс ана мейірімдіеді жүрегі

Баласыныңталабыменталантын

Білейіндепсабағынакіреді

Жаутаңдатыпжалғыз ғанажанарын

Анасы: Рұқсатпа, амансыңба қарағым

Білейін деп келіп едім сабағын

Анасы едім мынау отырған баланың

Деген кезде балаларғойешкімді

Ренжітпеген, елемеген еш мұңды

«Анасыныңбір көзі жоқ қызық-ай!»

Автор: Деген сұмдықсуықмысқылестілді.

Баласының кеттітүсіп қабағы

Анасынаайуанкөзбен қарады

Ызаболыпсауесіктісартұрып,

Шыға кеттібеткеұстап даланы

Келдіүйінеуақыт асқанақшамнан

Назынайттыназалыүнменбасталған

Анасыжүр бәйекболып ас әкеп

Баласының қамынойлапаш қалған

Баласы: Дедіұлы: «Ананеге келесің?»

Іздеп келсең, бар ойымды бөлесің

Мені іздеп келмеші енді мына жұртқа

Анасыныңкөзісоқырдемесін

Мен ұяламсырттамағанжолама

Сөздеріме көңілің рас толама?

Неге соқыр, қайда сенің бір көзің,

Айтшы анашым сырын білсем бола ма?

Автор:Жылады анаеңіреді, егілді

Үйренгенғой келген мұңға көнуді

Шын жылады соқыр көзденжас шықты

Көкірегінде бар құпия көмулі

Анасы: Кешір қалқам, не десеңсол болады

Айтқансөзіңақылымақонады

Сені ұялтқансағанеткен қателік

Бүгін мынау ең соңғысы болады

Автор: Ия, дәл солай болады ең соңғысы

Екінші рет бармадыонда ол кісі

Сыртынанақ тілегінтілейді

Осы болар істердіңеңоңдысы

Баласыныңтілегіосықалаған

Жеке жүрсе бақыттыөзінсанаған

Деп ойтүйді «құтылар ем шешемнен,

Оқу бітсе, келмейқойсамқаладан»

Солайжүріп оқудыбітірдібалада

Бұрынғыдан бетер суықанаға

Оқимындеп ары қарайжиналып

Тартып кеттішетеласып қалаға

Айтқандай-ақ ол анасынұмытты

Жұмыс тапты, маман болдыбілікті

Әйел алды, бала сүйдіанасын

Есіне алмайойсыз, қамсыз жүріпті

Күзсезімдердісілкіпжауан жауып тұр

Жігітүйісәнсалтанаттауып тұр

Құлақ салды әйелі де өзі де

Есіктерін біреу келіп қағып тұр

Кім болды деп есікқаққанжаңағы

Бәрі бірдей есікті ашып қарады

Әйеліде баласы да қорықты

Іздеп кепті соқыр ана баяғы

Жігіт жеке шықты тағы далаға

Жақындап жалғыз көздіанаға

Баласы: Әйелімменбаламды сен шошыттың

Неге келдің не бар мынау қалада

Анасы: Саған келдім демеймін бұған өкінем

Хабарласпай тым алысқа кетіп ең

Үйленіпсің балаң бар деп естідім

Сүйейінші немеремнің бетінен

Автор: Сескенді ана жабысар деп сорлады

Қатуланып қабақшытты ол тағы

Баласы: Жоқ болмайды рұқсат жоқ себебі

Бір көзің жоқ балам сенен қорқады

Автор: Бітті әңгіме болмас қайта бастауға

Қайттыанадемеу болар дос барма

Күңіреніп ақ жауын төгіп тұр

Анамен бірге жылап аспанда

Уақыт сырғып айлар өтті жыл өтті

Өткен әр жыл жиырма түлек түлетті

Ауылға келіп сағындық деп достары

Хат жіберіп шақыртты сол жігітті

Жол ұзақ деп жігіт бірақ қиналды

Дегенменен барамын деп ұйғарды

Әйелді алып баланы алып сол күні

Жол жүрмекке отбасымен жиналды

Келді ауылға мауқын басты атырды

Жігіт ойы басқа арнаға ауады

Балалықты еске алсам деп жаяулап

Өзі тұрған ескі уйіне барады

Уйден шықты бөгде әйел

Көрші әйел: Сен келдің бе өзгермепсің таныдым

Анаң қайтқанда қалдырып еді «Аманат»

Мен ашпадым оқы өзің жарығым

Автор: Берді қағаз төрт бұрыштап бүктеген

Деді жігіт түсінбедім түкке мен

Ашып көріп оқимын деп оңаша

Кетті оңаша бар-ау хабар күтпеген

Анасы:(хат) Балам, ботам, айым, күнім. Асылым

Қарт кеудемде бір сыр бар еді жасырын

Кеудемді өртап барады сол күрең ой

Әйелдерсіз тірлігіміз не болар.

Қойдейтұғын қожаң егер болмаса

Еркек байғұс азып –тозып жоғалар

Әйел сеніңазпазшың да күтушің

Әйел барда жалынсың сен, отсың сен

Әйел жоқта бықсыған бір түтінсің

2-оқушы:Әйел сенің ақылшың да, айбарың

Ол барында естімейсің қайғы әнін

Әйел сенің күзетшің де, сақшың да

Әйел сенің мерекең де, мейрамың!

Бір өзіңде барлық үміт, бір арман

Жеңбей қоймас нұрлы жанар қадалған

Барлық гүлдер жүпар жинап бойына

Әйел күннің шуағынан жаралған

3-оқушы: Әйел достар, бақытты бол, көп жаса

Бақыт бол сен, бақытқа жер толмаса

Өңкей батыр кімге керек айтыңдар,

Жеңіс күнін қарсы алар жер болмаса?!

Жалғыз жүріп жол табамын деу далбаса

Жігіт болсаң жар табуға қам жаса

Той думанның керегі не дүниеге,

Қуанбаса, әйелдер ән салмаса!

Ән «Жан ан » ОрындайтындарЖанабіл Дулат, Байжан Ж

1-жүргізуші: Әрине, әйел ана барлық қиындықты жеңетін күш, сарқылмайтын бұлақ демекші, бала тәрбиесінде ананың алатын орны ерекше бөлек екендігін мойындауымыз қажет. Деген мен Кейде туындайтын мына бір жайды бірге шешсек құрметті көрермен!

Жағдаят. Жататын уақыт болды. Ұлы теледидардың алдынанкетпейді. Шешесінің «Уақыт болды, жатып ұйықта, ертең сабағыңа тұра алмайсың»-деген сөзін тыңдар емес. Шешесі күндегі әдетінше: «Мына ұлыңа жат деп айтшы»-деді Әкесі: «Бар төсегіңе жат! Не деп отыр шешең, естімейсің бе?»-деді Ұлы тез орнына тұрды да шешініп төсегіне жатты. Әкесін ғана тыңдайды, мені тыңдамайды, тілімді алмайды деп баласының апайына арызын айтты.

Сұрақ: Баланың шешесіне не көмекберер едіңіз?

Сол ананың орнында өзіңіз не істер едіңіз?

Баланың әкесін ғана тыңдауына кім кінәлі?

Ән «Сенің анаң алтын» орындайтын Хоштаева Орйынша

2-жүргізуші: Ардақты аналар, ұстаздар, арулар! Сіздергеосынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін! Жүздеріңізден қуаныш пен шаттықтың нұры кетпесін. От басында, еңбек пеноқуларыңыздашабыт пен қуанышкөп болсын. Мерекелікүндеріңізшуаққатола берсін! Деп өздеріңізге арнаған шағын концерттік бағдарлама мен «Ана бақыт, Ана күн» атты мерекеліктәрбие сағатын аяқтаймыз.

Осыған ұқсас жазбалар:

Іс-шара мәліметтері8 наурыз мерекелік сценарийі

ҰстаздарғаТәуелсіздіктің білімді ұрпақтары

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148545

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар