«Ізденген жетер мұратқа» Жас мұғалімдер апталығының қорытынды кеші

5 ақпан 2014 - Гулёка
«Ізденген жетер мұратқа» Жас мұғалімдер апталығының қорытынды кеші

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы

Қарабұтақ орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі

МЫРЗАҒАЛИЕВА ГҮЛДАНА ЖАҚСЫЛЫҚҚЫЗЫ

Қарабұтақ орта мектебінде өткен «Ізденген жетер мұратқа» Жас ұстаздардың арасында өткізілген апталықтың қорытынды кешінің

б а ғ д а р л а м а с ы

Мақсаты:Жас ұстаздардың белсенділігін арттыру, пікір алысу, өз тәжірибелерімен алмасу.

Қайырлы күн, қадірменді бүгінгі сайыстың қонақтары және де ұстаздар!

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылған, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер, халайық, сергісін бой.

Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрін сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім – тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз «Жас мұғалімдер» байқауының соңғы бөлімінде бақтарын сынамақшы. Құрмет пен қошемет көрсетіп, мұғалімдерімізді ортаға шақырайық.

1.      Набат апай бастаған топ келеді,

Гүлбақыт,Іңкәр, Злиха білімге ғана сенеді.

«Еңбек – бәрін жеңбек» ұстанымы бұл топтың,

Бұл сайыста жастардың еңбектері еленеді.

2.      Тәлімгері бұл топтың,

Ұлмекен апай – мықты апай.

Соңынан ерген Мирамгүл, Асқарбек пен Жазира,

Ашық сабақ, сыныптан тыс шарадан

Жинағандары мол ұпай.

3.      Анар апай жүзден жүйрік баптаған,

Ең биік ту – намыс туын ұстаған.

Гүлстан, Гүлзия, Гүлшара

Болашақтың сара жолын бастаған.

4.      Мерейгүл апай келеді топты бастап,

Жандарына жалау болды анаға ұқсап,

Гүлдана, Динара, Мұрат байқауда еңкейген жоқ,

Шалқайғанға шалқайды құдайға ұқсап.

Ендеше тәлімгер апайларға бүгінге дейін жасаған қызметіне алғыс айтып, кешіміздің құрметті қонағы қылып, төрден орын береміз. Ал, бүгінгі байқаудың сайыскерлеріне «Ширату» бөліміне қош келіпсіздер демекпін.

Әділдікпен баға берер ұстаздарға,

Әділдікпен қара қылды жаруға,

Әділқазы алқаларын айлайық,

Үздіктерді таңдап бүгін алуға.

Әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.

1.      Мектеп директоры – Кулсарина М.К

2.     

Кәсіподақ ұйымының төрағасы – Еңсепбаев М.Е

3.      «Нұр Отан» бастауыш партиясының төрайымы – Науырызбаева С.К

4.      Тәрбие ісінің меңгерушісі – Аманова К.Л

5.      Аудандық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің» үздік оқытушысы байқауының белсенді қатысушысы – Шыныбаева Л.С

(слайдпен бағдарламамен таныстыру)

1)     Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең,

Тәуекел, күреске түс, бар-дағы жең.

Дүниеде барлығыңды кім біледі.

Үйіңде ынжықтанып отырсаң сен! – деген С.Торайғыровтың адамзат, яғни жастарға үлкен бір күш пен жігер бере жырлағанын айқын көруге болады. Олай болса, тәуекел етіп, жігеріңді жиып, нағыз тартысқа түсетін сәтке жеттіңізде. Ендеше, тартынбай топтарыңызды таныстыруға кезек берейік.

1 – топ: «Жарқын болашақ»

2 – топ: «Бәйтерек»

3 – топ: «Сұңқар»

4 – топ: «Болашақ»

2)     Білгенге: білім байлық – бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер – білім, өшпес мұра

Таусылмас тау кенінің қордасындай – деп Омар Шораяқұлы жырлағандай жас мұғалімдеріміздің сегіз қырлы – бір сырлы болуы үшін өнерлерін байқап көрейік.

1 – топ: «Жарқын болашақ»

2 – топ: «Бәйтерек»

3 – топ: «Сұңқар»

4 – топ: «Болашақ»

3)     М.Жұмабаев:

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін – деп, жетпеген жеңісіне, орындай алмаған арманына артында қалған жастардың жететініне нық сенім білдіріп кеткен. Сол сенімді сөзбен емес, іспен көрсететін жастарымыз енді «Үздік жоба» сайысында өздерін сан қырынан көрсетпекші.

1 – топ: «Жарқын болашақ»

2 – топ: «Бәйтерек»

3 – топ: «Сұңқар»

4 – топ: «Болашақ»

4)     Қане, ұстаздар пікірлесіп қарайық,

Қилы – қилы ойды ортаға салайық,

Сан – салалы асыл ойлар тоғысып,

Толғандырған жайды шешіп алайық – дегендей жас ұстаздардың тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті. Сұрақтар беріледі, топтар екі сұрақты таңдап алып, жауап береді. Дайындық уақыты – 2 минут.

5)     Айбайдың жалғасытырып ақындығын,

Ұрпағы өлең оқып жатыр бүгін,

Сайыстың мәресіне жақындады,

Дәлелдеп, ұстаздықтың нарқын бүгін – дей келе, ендігі кезекте ұстаздарымыз қазақтың ақындарының өлеңін оқудан бақтарын сынамақшы. Ендеше, іске сәт демекпіз!

6)     Портфолиода жинақталар мұғалімнің еңбегі,

Ұқыптылық талап етер ертеңі,

Жетістік пен нәтижелер қоры бұл,

Мұғалімнің жұмысынан сыр шертеді – демекші, ендігі кезек «Үздік портфолио» сайысына кезек берейік.

 

            Бүгінгі сайысымызды тамашалауға келген әр ұстаздарымызға дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!!!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084832

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар