Ұлы Отан соғысына 70 жыл

21 қыркүйек 2015 - Ажар Алтыбаева
Ұлы Отан соғысына  70 жыл

Атырау облысы Жылыой ауданы

Құлсары қаласы №9 мектептің химия пәні мұғалімі

Ашық шара тақырыбы:

Ұрпаққа="" жеткен="" аманат

Алтыбаев Нәрік туралы үздік сыр.

Құлсары қаласы, 2015жыл.

Күні: 6.05.2015ж.

Сыныбы: 10«б» сынып

Өтетін орны: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №9 мектеп АКТ залы

Тәрбиелік шара: «Ұрпаққа жеткен аманат»

(Ұлы Отан соғысының ардагері, байырғы ұстаз- Алтыбаев Нәрік туралы үздік сыр)

Тақырыбы: «Ұрпаққа жеткен аманат»

Мақсаты:

а) Ардагер атын ұлығылау, мақтан ету үшін оқушыларға өмір жолын, ерлігін, ұрпақтарын таныстыру.

ә) Отанын қорғауға, елін сүйуге ерлік жасауға тәрбиелеу.

б) оқушылардың таным-түйсігін, ойын, қабілеттерін дамыту.

Шараның көрнекілігі: Слайд, материалдар, кітап көрмесі, плакаттар т.б.

Шараның әдісі: Мәнерлеп оқу, көрініс көрсету, әңгімелеу, видеороликтер т.б.

Шараның барысы:

І Ұйымдастыру (Оқушыларды, қонақтарды орналастыру, компьютерді дайындау.)

ІІ Негізгі бөлім:

а)Кіріспе: «Майдангер өмірі- өнеге»

Сынып жетекшісі: Құрметті оқушылар, бүгінгі шара қонақтары, ұстаздар! Бүкіл қазақ халқы мамыр айында тойлайтын ұлы мерекелер бар. Соның ішіндегі ең ерекшесі, берекелісі, барша азаматқа ой салар ұлы күн –Жеңіс күні. Осы мереке қарсаңында ауданымыздың мақтанышы, Ұлы Отан соғысының ардагері, байырғы ұстаз, аудан өмірінде ерекше із қалдырған жан- Алтыбаев Нәрік атамыз туралы тәрбиелік шарамызды бастаймыз. Шара басында ұлы адам өміріне шолу жасасақ.

Ұлы Отан соғысының ардагері, Ұлағатты ұстаз Алтыбаев Нәрік Алтыбайұлы 1914 жылы Маңғыстау өңірінде дүниеге келген. Отбасының жалғыз ұл, жеті жасында анасынан айырылған. 1921 жылы Қосшағыл елді мекеніндегі мектеп-интернатына қабылданып, жеті жылдық мектепті толықтай бітіріп шықты. 1928-1938 ж.ж. елдегі сауатсыздықты жою науқанына белсене араласып, Жылыой өңіріндегі мектептердің бірінде ересектердің сауатын ашу мақсатында дәріс берген. Осы жылдары жұбайы Әпузамен жанұя құрған болатын. 1938 жылы әскери борышын өтеу үшін Жылыой аудандық әскери комиссариаты арқылы қызыл армия қатарына шақырылған. Қызыл армия қатарына алынғаннан кейін көп ұзамай ІІ дүниежүзілік соғысы басталған. Алғашқыда 1939-1940 ж.ж. Финляндия соғысына қатынасып, ақ финдерді талқандаған. Одан кейін 1941-1942ж.ж. Ұлы Отан соғысы басталып неміс фашисттері басқыншыларына қарсы соғысқа араласқан. 1942 жылдан бастап Коммунисттік Партияның мүшесі атанған. Осы жылдары «Новодчик зинитной батареий» атты қысқа курсты дайындықтан өткеннен кейін, әуе қорғаныс шебінің зинитшілер батареясында көздеуші болған. Сол кезден бастап соғыстың аяғына дейін зинитшілер батареясының командирі Михаил Демченкомен соғыстың қиын қыстау кезеңінің бәрінде бірге болып, соғыстан кейін және бейбітшілік өмірде де, яғни 1992 жылға дейін хат алысып тұрған екен.Осы құрамда соғыса жүріп Москва қаласын әуе шабуылынан қорғауға қатысып, кескілескен шайқастарда неміс басқыншыларына тойтарыс бере отырып, олардың шегінуіне

мәжбүр еткен.

1943 жылы Орел-Курскі доғасына қызу қатынасып, бір күнде немістің үш бірдей самолетін құлатқаны үшін «қызыл жұлдыз» орденімен марапатталып, осы бір сұрапыл шайқастан жарақаттанып госпитальге жатып емделіп шығады.Осыдан кейінгі ұрыстарда да, көрсеткен ерлігі үшін бірнеше рет «За отвагу » медальдарымен марапатталған.

1944 жылы Шауляй қаласының маңындағы неміс фашисті басқыншыларының мықты жасақталған бекінісін алудағы ерекше әскери қимылдары үшін Совет Одағының маршлі бас қолбасшы Сталиннің өзі алғыс жариялаған.(Объявил вам благодарность)

1945жылы Ұлы Отан соғысында Берлин қаласын алумен аяқтаған. Ұлы Отан соғысы жеңісінен кейін тамыз айында Жапон мелитаристтеріне қарсы соғысқа, жапонияға аттанған. Жапон басқыншыларын қыркүйек – қазан айларында талқандап, 1945 жылдың қараша айында елге оралған.

1955жылға дейін Гуреьв Педагогикалық Училищесін аяқтай жүріп, Жылыой аудандағы мектептердің бірінде ұстаздық қызметін жалғастырған. КомПартияның шақыруымен 1955жылдан бастап «30 мыңдықтар» қатарында ауыл шаруашылығын өркендетуге ат салыса отырып Агроном мамандығын да игерген. Коммунизмтаңы совхозында қызмет ете жүріп 1974жылдар зейнеткерлік демалысқа шыққан. Бейбіт мезгіліндегі еңбектерімен соғыстағы ерліктері үшін көптеген мерекелік медальдармен «Отан соғысы» орденімен, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің алғыс хатымен, облыстық және аудандық мемлекттік органдарының құттықтауларымен марапатталған. Жұбайы Әпузамен 7 бала тәрбиелеп өсірген үлгілі отбасылардың бірі.1996 жылдың шілде айында 82жасында дүниеден озған.

2014 жылдың қазан айында 100 жылдық еске алу кеші өткізілді.

(Слайд көрсетіледі)

Жүгізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті бүгігі шараның меймандары, ұстаздар, оқушылар!

Бүгінгі шарамыз – ұлы тұлға, соғыс ардагері, ұлағатты ұстаз, ұрпаққа үлгі болған адам – Алтыбаев Нәрік атамызға арналады.

Отты жылдар өткеліне сөз берсек,

Аталарға құрмет етіп біз жүрсек.

Ұлағатты, батыр ата өмірін,

Оқушылар ойнауында бір көрсек!

І Әскерге шығарып салу.

Жүргізуші:

Қарулан! -деген сөз жетті,

Атамыз әскерге кетті!

Көрініс: (Әскерге шығарып салу: әскери киім киген Тимурды әйелі Бибінұр екі қызымен шығарып салады)

ІІ Соғыстың басталуы.

Жүргізуші:

Бітпеді елдегі көп іс,

Басталды, басталды соғыс!!! (Видео 1)

(Голос ливитана Внимание! Внимание! Говорит Москва!.. Бомбалар даусы, атылған мылтықтар т.б.)

ІІІ Майданнан хат.

Жүргізуші:

Ұрпаққа жеткен бір аманат,

Майданнан жазылды «үшбу хат.»

Кенжегүл — шығып жұбайына жазған хатты оқиды.

Көрініс: (Окопта үш салдат болады біреуі мылтығын сүртіп отырады, екіншісі батенкасының бауын байлап отырады, осы кезде үстеріне бомба түсіп, командира және Нәрік екеуі тірі қалып, жермен жылжып барып бір-бірін құтқарып алып кетеді. Командирі ауыр жарақат алып, Нәрік басынан контузия алып госпитальға түседі. )

(Видео 2)

Жүргізуші:

Ұшқындап, түтеген, атқан оқ,

Жан – жақтан, ысқырған қызыл шоқ.

Окопқа түскен бір бомбадан,

Қалады екі адам тірі боп! (Екеуі бір-бірін сүйеп кетіп қалады.)(Видео 2 жалғасы)

Жүргізуші: Зинитшілер батареясының командирі Михаил Демченко жолдастан соғыстың қиын қыстау кезеңінің бәрінде бірге болып, соғыстан кейін және бейбітшілік өмірде де, яғни 1992 жылға дейін хат алысып отырған.

Аружан — Демченконың жазған хатын оқиды.

Жүргізуші: 1944 жылы Шауляй қаласының маңындағы неміс фашисті басқыншыларының мықты жасақталған бекінісін алудағы ерекше әскери қимылдары үшін Совет Одағының маршлі бас қолбасшы Сталиннің өзі алғыс жариялаған.

IV Командирден алғыс алу.

Көрініс: Командир: Мұхамбет, қатардағысалдаттар: Аманжол, Назар, Тимур, Бибінұр сапқа тұрып келеді, командирі бөлімшедегі Алтыбаев Нәрікке Сталиннің алғыс хаттын дауыстап оқып табыстайды.

V Жеңіс күнін қарсы алу.

Жүргізуші:

Аралап ай мен қыр, еңісті,

Еліміз қарсы алды Жеңісті!!!

Видео өлең «День победы»

(Оқушылар «уралап», соғыстан қайтқан солдаттарды қарсы алады, әйелдер,

бала – шаға мәз майрам болып жатады.)

VІТағы да соғысқа......

Жүргізуші:

Біткен мен азап күн, алапат,

Дүние сілкінді ғаламат.

Атамыз Жапонға аттанды,

Келтірмей еліне жаман ат!

Көрініс: Жапонияға аттану: Мұхамбет, қатардағысалдаттар: Аманжол, Назар, Тимур, Бибінұр сапқа тұрып келіп жапонияға аттанады.

Командир: Бөлімше, сапқа тұр!

Соғыс бітті, бірақ Жапон халқы әлі азаттық алған жоқ.

Ендігі жерде шығысқа қарай, алғааа!!!-деп кетеді.

VІІ Түпкілікті елге оралу.

Жүргізуші:

Жол жатыр арада көсіле,

Жұмбағы соғыстың шешіле.

Атамыз табанын тіреді,

«Әрең» деп, туған жер төсіне!

Көрініс: Тимур, Бибінұр, Торғын, Жансая, Кікентай қыздар елге оралған жұбайын ,қарсы алады: ауылдастар, бала-шаға шығып күтіп алады.)

VІII Соғыстан кейінгі жайлы өмір.

Жүргізуші:

Қолға алып бір ісін,

Ішіп ап, туған жер қымызын.

Соғыстан келген соң атамыз,

Жалғады ұстаздық жұмысын!!!

Көрініс: Партада отырған оқушылар Кенжегүл, Торғын, Дастан, Назар, Аманжол ағайы Тимур келіп сабақ берудегі үзінді.

Мұғалім созі:« Ал, балалар! Сұм соғыс бітті! Енді білім алып, халықтың еңсесін көтерейік!»

Жүргізуші:

Осылайша өмірдің ауыр өткелінен өткен атамыз бейбіт өмірге араласып, ұстаздық өмірін жалғастырады. Бүгінде ата ұрпақтары еліміздің түкпір- түпірінде халыққа қызмет етуде!

«Жазылмаған соғыс салған сырқаттары,

Ата созін қайталар шырқап бәрі!

Тамашалап, көз салсақ, экранға,

Есте қалар батырдың ұрпақтары!»

Слайд: Батыр ұрпақтары, немере – шөберелері, мұражайдағы материалдар т.б.

Жүргізуші:

Ата есімін есінде елі сақтар,

Сақтаулы солдат жазған «үшбу » хаттар,

Жауынан жасқанбаған жауынгердің,

Тағылды кеудесіне марапаттар.

Слайд: (Орден- медальдар, мараптаттар,)

Жүргізуші:

Бүгінде соғыс ізін гүл қаптаған,

70 жыл бұрын жерді жау таптады.

Еске алып ортамызда толғайды,

Атамыздың бүгінгі ұрпақтары!!!

Атамыздың ұрпағы Балғын ағайға сөз беріледі:

Атамыздың оқушысы Замадин атамызға сөз береміз.

Жүргізуші:

Сөйлесін қара түн мен азап – қайғым,

Жырладым елеулісін болған жайдың.

Зерттеген ата өмірін елеп екшеп,

Қызметкері сыр шертеді мұражайдың.

Мұражай қызметкері Қарлығаш апайға сөз кезегі беріледі.

Оқушылар сұрақ қояды: (Жансая, Арайлым, Торғын)

1Сіз өзіңіздің батыр ұрпағы екеніңізге мақтанасыз ба?

2 Жастардың патриоттық сезіміне қөңіліңіз толама?

3Жастар Отанын қорғап, осы ата сияқты «жаужүрек» болуы үшін не жетіспейді?

Жүргізуші:

Біз, бүгінгі ұрпақ, өткен тарих,өткен күнге орала отырсақ, болашақ ұрпаққа айтарымыз көп. Біз Алтыбаев Нәрік атамыздың ұрпағы, сынып жетекшіміз – Алтыбаева Ажар апайдан дәріс алып, тәрбие алып жүргенімізді мақтан етеміз. Ажар апай Нәрік атамыздың туған немересі.

Жүргізуші:

Әлі есімде сұм соғыстан қалған ән,

Ұрпақтары дәстүр – салттан қалмаған.

Нәрік ата немересі Ажар апай,

Мектебімде ұстаздықты жалғаған.

<img width="«335»" height="«197»" src="«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image002.jpg»" v:shapes="_x0000_i1025"> <img width="«150»" height="«232»" src="«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtmlclip1/01/clip_image004.jpg»" v:shapes="_x0000_i1026">

Сахнада хор Жұмекен Нәжімиденовтің «Бейбіт күн тілегі» әні хормен орындалады.

1 Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын.

Қайырмасы:

Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!

2 Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды.

Қайырмасы:

3 Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.

Қайырмасы:

Жүргізуші: Міне, оқушылар, бүгінгі тәрбиелік шарада аудан тарихына үлес қосқан, жеңісті жақындатқан батыр- Алтыбаев Нәрік ата туралы үлкен мағлұмат алдық. Осы кісінің өмір жолының соғыстың кесірінен азапты болғаны мен, ұрпағына салған сара жолының ғажап, ғұмырлы екеніне көз жеткізгендей болдық! Ендеше, Нәрік атадай елін сүйген азамат, жауынан тайсалмаған жауынгер, танымал тұлға, ұлағатты ұстаз болуға барлығыңызды шақырамын.

Шарамыздың «Ұрпаққа жеткен аманат» деп аталуының өзінде үлкен мән бар.

Бүгінгі тәрбиелік шарамызға келіп, ой бөлісіп, оқушыларға ата өмірін әңгімелеген шара қонақтарына сый- сыйапатымызды табыс етеміз!

Жаманға жаны бір қас, пейілі тар,

Атадай қайтпас, қайсар еріміз бар.

Шараға келген, Нәрік ата ұрпақтары,

Қашан да, сау-саламат болыңыздар!

(Қонақтарға сыйлық беріледі, музыка ойнап тұрады.)

Олай болса, бейбіт күнде белсенділік танытып, аталар салған сара жолды бұзбай, бейбітшілігімізді сақтайық!

Ендігі жерде «соғыс» деген суық сөзді естімей өсейік!

Бейбітшілік мәңгі жасасын!

Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Дей отырып бүгінгі біздің ашық шарамызды жабық деп жариялаймыз, қош сау болыңыздар!!!

Осыған ұқсас жазбалар:

Тарих"Боздақтар" кітабы қалай жазылды?

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115456

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 13 қазан 2015 в 21:44 0
"Ер есімі- ел есінде" дегендей жас ұрпаққа өнегелі, тәрбиесі зор сабақ деп білемін.
Ажар Алтыбаева # 27 қаңтар 2016 в 23:43 0
Рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар