Шеберлік сабағы. Мастер класс Аскара Наймантаева

17 қазан 2015 - Таланттар мектебі
Шеберлік сабағы. Мастер класс Аскара Наймантаева

Павлодар облысында "Қызық кәнсерт" атты жаңа әзіл-сықақ бағдарламасымен гастрольдік сапарда жүрген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ұстазы Асқар Наймантаев Павлодар Мемлекеттік педагогикалық институтының, музыка факультеті студенттерімен кездесіп, шеберлік сабағын өткізді.

Театр өнері, актер шеберлігі, сахна тілі қызықтыратын студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, Асқар Наймантаев жуырда ғана жарыққа шыққан «Конферансье. Актер және көркем сөздің шебері» атты кітабы бойынша конферансье мамандығын, оның ерекшеліктерін атай отырып, қызықты да тартымды тақырыпта сабақ жүргізді.

Музыкалық білім беру және әдістеме кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, өнертану кандидаты, философия докторы(PhD) Еркін Жанайхан Асқар Наймантаевқа оқытушылар, студенттер атынан тілек білдіріп, институт ректоры Н.Аршабековтың алғыс хатын табыс етті.

Асқар Наймантаевтың педагогикалық тәжрибесіне осындай сұрау салып, өздеріне шақыртып жататын оқу орындары әлі де бар. «Гастрольдік сапардың дәл келгені өте сәтті болды, көптеген қалаларға уақыт жеткізе алмай қаламын, әсіресе осы кітап шыққалы өзге қалалардан қызығушы көп, тек кездесетін уақыт болса» — дейді Асқар Наймантаев.

Отаралы Көлжан.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніҚАРАКЕМЕР балалар театры

Өзін өзі тануАКТЕР және СӨЗ

ҰстаздарғаСӨЗ СӨЙЛЕУ ЖАНРЫНЫҢ АРТИСІ бөліміне оқуға келіңіздер!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1115507

Пікірлер (4)
Askar Naymantaev # 18 қазан 2015 в 21:16 +1
""
Сурет кішірейтілген. Түпнұсқада көру үшін шертіңіз.
Askar Naymantaev # 18 қазан 2015 в 21:16 +1
""
Сурет кішірейтілген. Түпнұсқада көру үшін шертіңіз.
Таланттар мектебі # 21 қазан 2015 в 18:32 0
Біздің салған суреттер кішкентай болып қалыпты laugh laugh laugh
Базаргүл Алтынбекқызы # 14 қаңтар 2016 в 18:44 0
Педагогикалық тәжірибеңіз шыңдала берсін, жас таланттарымыз көбейе берсін! Сізге мешін жылы зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілеймін.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар