Гран-при иегері

28 ақпан 2015 - Несипкул Утебаева
Гран-при иегері

Халықаралық “Шабыттың”бас жүлдесі – Батырханда

2014жылдың жетістіктері бойынша Бимаханбетовтар отбасы Республикалық “Мерейлі отбасы” байқауының бас жүлдегері атанып, Түркістанның мерейін үстем еткен болатын.Осы ізгіліктің нышанын өрімдей рухы биік бала қыран жалғастыра білді. ХҚТУ-дың Филология факультеті, журналистика мамандығының 3-курс студенті Батырхан Сәрсенхан Астана қаласында өткен ХVІІ Халықаралық “Шабыт-2014” фестивалінің поэзия аталымы бойынша гран-при иегері атанды. Ол іріктеуде 100жас ақынмен додаға түсіп,2-ші кезеңге өткен 50 ақынмен аламан сайыста бақ сынасты.Қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулет төрағалық еткен қазылар алқасы бірауыздан Түркістаннан барған талантты жас ақын Батырхан Сәрсенханды бас жүлдеге лайық деп, тапты. Айды аспанға шығарған 19жасар Батырхан: «Біздің буынның жеңісі»деп,әлемге жар салды.

Отбасында әкесі Бөріхан-теміржолшы, анасы Гүлмира-мұғалім болып қызмет жасайды. Бұл шаңырақта Алланың берген үш ұлы мен бір қызы бар.Батырхан сүт кенжелері.Әкесі де, анасы да өлең жазудан құралақан емес жандар.Осы қасиеттері Батырханға қонса керек-ті. Батырхан Сәрсенхан Ордабасы ауданы Ақпан ауылында дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған. Ол ең алғашқы балапан жырларын 12-13жасынан жаза бастаған.Мектеп қабырғасында поэзияны терең ұғынуға баулыған ұстазы- Мұқай Ұлжарқын. Батырханды баптап үкілі үмітпен бәйгеге қосуға ықпал еткен ХҚТУ-дағы ұстазы филология ғылымдарының кандидаты, доцент Сейдолла Садықұлы.

Бірде Түркістанға арнайы алыстан ат арылтып келген қазақтың тегеурінді ақыны Жүрсін Ерман жас ақындардың ішінде Батырханның жырларын жоғары бағалап, ол:“Кім біледі, ертеңгі күннің ерен ақынының, шынайы шайырының тұсауын кесіп отырған шығармыз?!”деген болатын. Түркістанның мақтанышына айналған жас буын өкілі — Батырхан Сәрсенхан өзінің ақындық келбетімен әлі талай асуларды бағындырып, жетістіктерге жетері хақ.

Несіпкүл Өтебаева,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124430

Пікірлер (1)
Базаргул Агимбекова # 30 маусым 2015 в 22:31 0
Қазақ баласының шабыты тасқындай берсін

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар