Коучинг "Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау"

1 наурыз 2015 - Гулмайда Саниқызы
Коучинг "Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау"

Күні:

03.01.2014ж

Коучинг сабақтың тақырыбы

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Жалпы мақсаты

Оқу үдерісі мен нәтижелерін жүйелі түрде және сыни талдау,
соның негізінде ағымдағы және кейінгі оқу үдерісіне қатысты тұжырым жасап, шешім немесе ұсыным шығаруға бағытталған бағалау түрлерін ұсыну.

Бағалау мақсатын зерделеу және оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қолдану.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

Мұғалімдерде өз сабақтарында оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау түрлерін біледі.

Ұсынылған деректермен жан-жақты танысады.

Мұғалімдер бағалау критерийлерің құрастыра алатын болады.

Алынған теориялық мәліметтерді практикада қолдана алады.

Коучингтің негізгі идеялары

Мұғалімнің оқу үдерісінің барысы туралы ақпаратты жай ғана айтып қойғанынан, оқушыларды олардың жеке бағалауына немесе олардың құрдастарын бағалауға қатыстыру оқушыларды білімге ұмтылдырады, көп нәтиже береді, сонымен қатар мұғалімнің оқушыларды білім алуға тартып, олардың өз білімдері үшін өздерінің жауапты болуын ынталандыруы

Дереккөздер

МАН, Интернет торабы., www.cpm.HertsCamvoiceбасылымы, мамыр 2011

Өту барысы

Кезеңдері

Коуч әрекеті

Коучингке қатысушылар әрекеті

Қажетті ресурстар

1.Проблеманы анықтау кезеңі

Амандасу, коучингке қатысушыларды тренингке шақыру

Тренингкке қатысады

А4 формат, түрлі түсті бояулар, плакаттар

2.Тақырыпты өрбіту мақсатындағы практикалық жұмыс

Тренинг жүргізеді

«АЙСБЕРГ»

Екі үлкен газет еденге төселеді.Бұл айсбергтер болады.Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Коуч- касатка, қатысушылар – пингвиндер. Қатысушылар музыка бойынша қозғалады. «Касатка» деген команданы естіген кезде әр топ мүшелері өз мұзына сиып тұруға тырысада. Симағандар ойыннан шығады.

Тренигтер топтамасы

Музыка

3.Ой жарысы

А4 форматтағы қағазды екі бүктей отырып көбелектің суретін салуды ұсынады.

Қатысушылар көбелектің суретін салады.

А4 формат, түрлі түсті бояулар

Қасындағы көршісімен жұптасып, салынған суретті алмастырып дәстүрлі бағалауды ұсынады

Жұптар бір-бірінің жұмысын дәстүрлі бағалайды.

Көбелек суреттері

Критерий бойынша бағалауды ұсынады

Көршілер бір-бірінің жұмысын критерий бойынша бағалайды

Көбелек суреттері

4.Оқыту үрдісіндегі әрекеттерді жобалау

Таныстырылым

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау түрлерімен танысады, қажеттілігін түртіп алады

Слайд

Жазылған шығармаларды ұсынады.Шығармаларға критерий құрастыруды ұсынады

Шығармаларға критерий құрастыруды топ болып орындайды

5.Қорытындылау

Көрме ұйымдастыру.

Салынған суреттерден көрме жасақтап, шынайы бағаланған суретке өз атымен стикер жапсыру.

Көрме

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130042

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар