Мектептің даму жоспарына ұсынылатын басымдықтарды анықтау Желілік қоғамдастық және оның қызметі.

22 сәуір 2015 - Гулмайда Саниқызы
Мектептің даму жоспарына ұсынылатын басымдықтарды анықтау Желілік қоғамдастық және оның қызметі.

Күні:

31.10.2013ж

Коучинг сабақтың тақырыбы

Мектептің даму жоспарына ұсынылатын басымдықтарды анықтау

Желілік қоғамдастық және оның қызметі.

Жалпы мақсаты

üЖүргізілген зерттеу жұмыстарын талқылап, негізгі бағыттарды анықтап мектепті дамыту жоспарына басымдықтар ұсыну.

ü«Білім беру қоғамдастығы» ұғымын енгізу, оның қызметін және осындай қоғамдастықты ұйымдастыру жолдарын ұсыну.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

üМұғалімдерде зерттеу жұмыстарына толық анализ жасауда, басымдықтар ұсынуда дағды қалыптасады. Ұсынылған деректермен жан-жақты танысады.

üМұғалімдер мектеп қоғамдастығы дегеніміз не екенін біліп, өздері қоғамдастық құра алатын болады.

Коучингтің негізгі идеялары

üМұғалімдер зерттеу жұмыстарына SWOT-анализді, SMART-картасын пайдалану қажеттілігін түсінеді. Мектептің даму жоспарына басымдықтарды айқындайды.

üБөлінген көшбасшылықтың және қатысушы мүшелердің қоғамдастықтың табысты болуы үшін өзіне жауапкершілік алу деңгейі шешуші фактор болып табылады.

Дереккөздер

МАН, Интернет торабы., www.cpm.HertsCamvoiceбасылымы, мамыр 2011

Өту барысы

Кезеңдері

Коуч әрекеті

Коучингке қатысушылар әрекеті

Қажетті ресурстар

1.Проблеманы анықтау кезеңі

ü№1коучинг «Мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістін қажеттігін негіздеу» тақырыбындағы кері байланыс нәтижесі айтылады.

üМектептің дамыуна қандай өзгерістер енгізугеболады?

Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, психологтар, әлеуметтік педагог, ІІІ,ІІ деңгей мұғалімдері

Кері байланыс нәтижелері ұсынылады.

2.Тақырыпты өрбіту мақсатындағы практикалық жұмыс

üТренинг жүргізеді тренинг ережесін айтады.

üОртаға шаттық шеңберіне шақырады.

üТүрлі түсті қағазды алуды ұсынады (қағаз астында ата-ана, оқушы, мұғалім деп жазылады)

üҚатысушылар шаттық шеңберіне тұрып 1,2 санап 2 шеңбер құрып ортадағы шеңбер өзінің қарсы тұрған адамға ұқсайтындығын айтса, сыртқы шеңбердегі адам өзінің ұқсамайтындығын айтады.

üҚағаздағы жазу бойынша бөлінеді.

Жәй музыка

3.Ой жарысы

ü«Күшіміз – бірлікте!»

бейнежазбасы көрсетіледі.

üБұл бейнежазбадан автор нені көрсеткісі келді?

Қатысушалар бейнежазбаны талқылап, «бірлік бар жерде тірлік бар» ұғымын айтады.

Интерактивті тақта, бейнежазба

4.Оқыту үрдісіндегі әрекеттерді жобалау

Топтарға тапсырмаларды ұсынады.

І топ Мұғалімдермен жұмыс

ІІ топ Оқушылармен жұмыс

ІІІ топ Ата-аналармен жұмыс топтарына бөлініп отыруды ұсынады.

Қатысушылар

І топ Мұғалімдермен жұмыс

ІІ топ Оқушылармен жұмыс

ІІІ топ Ата-аналармен жұмыс топтарына бөлініп отырады.

SWOT-анализді, SMART-картасын пайдалану ережесінің таныстырылымын жүргізеді.

МДЖ үлгісі ұсынылады.

Таныстырылымды жазып алады.

Интерактивті тақта, слайд

Әр топқа зерттеу жұмыстарының сауалнамалары, жылдық мектеп жұмысының есептері, білім сапасының

( жылдық, тоқсандық)

қорытындыларын ұсынады

І топ. Мұғалімдермен жұмыс тобы мұғалімдермен жүргізілген сауалнамалармен;

ІІ топ. Оқушылармен жұмыс тобы оқушылармен жүргізілген сауалнамалармен

ІІІ топ. Ата-аналармен жұмыс тобы ата-аналармен жүргізілген сауалнамалармен және мектеп жұмысының сараптамалық талдаумен жылдық білім сапасының қорытындыларымен жұмыстанады.

Зерттеу сауалнамалары, жылдық есептер, білім сапасының қорытындылары

А –қағазы, қарындаш, МДЖ үлгісінің кестесі

Топ ережесін сақтап, барлығын жоба қорғауға шақырады.

Әр топ зерттеу жұмысын қорытындылап, басымдықтар анықтап, белгіленген бағыттар бойынша мектептің даму жоспарына басымдықтар ұсынады.

МДЖ салынған үлгі ұсыныстары

Бір топ екінші топты формативті бағалау ережесін айтады

Әр топ бір біріне 2 жұлдыз

1 ұсынысын айтып бағалайды

Желілік қауымдастық және оның қызметі таныстырылымы ұсынылады

Қатысушылар мектеп қоғамдастығы дегеніміз не екенін, бөлінген көшбасшылықтың маңызы жөнінде сұрақтарына жауап алады.

5.Қорытындылау

Кері байланыс:

Болжам ағашын толтыруды ұсынады

Болжам ағашының екі жағына нақты болатын, болуы мүмкін болжамдарды іледі.

Плакат, стикерлер, қалам

Осыған ұқсас жазбалар:

Мектеп жоспары« Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру – білім мазмұнын жаңартудың кепілі»

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130039

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар