Мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістін қажеттігін негіздеу

22 сәуір 2015 - Гулмайда Саниқызы

Күні:

Коучинг сабақтың тақырыбы

Мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістін қажеттігін негіздеу.

Жалпы мақсаты

Оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру мақсатында мұғалімдердің өз оқыту және оқу тәжірибелері туралы ойланып, оны өзгерту себептерін анықтау, «Көшбасшылар» тобын құру

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

Мұғалімдер оқыту мен оқудағы тәсілдерді өзгерту үрдісінің пайда болу себебін түсінеді. Ұсынылған деректермен танысады.

Коучингтің негізгі идеялары

Білім беру саласындағы әлемдік көшбасшылардың пікірлерін талқылау – бұл оқушылардың ата-аналары тәрбие беріп өсірген әлемнен өзгеше әлемде өмір сүре білу қабілеті. Бәсекеге қабілетті бола алуы үшін мектептер өз оқушыларына өзге кәсіби дағдылар мен білімдерді де беруде өзгеріс қажеттілігін түсіну.

Дереккөздер

МАН, Интернет торабы.

Өту барысы

Кезеңдері

Коуч әрекеті

Коучингке қатысушылар әрекеті

Қажетті ресурстар

1.Проблеманы анықтау кезеңі

І. Сұрақтар қою

Жалпы өзгеріс дегенді қалай түсінеміз?.. Мектепті неге өзгеру керек? Мұғалім неге өзгеру керек? Деген сұрақтар қойып коучингке қатысушылардың қызығушылығын оятып алу.

ІІ. Олай болса біздің бүгінгі коучинг тақырыбы: «Мектептегі оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістін қажеттігін негіздеу»

Қатысушылар: мектеп әкімшілігі, ә/б жетекшілері,ІІІ,ІІ деңгей мұғалімдері мен мектеп психологтары, аға вожатый, БӘД ұйымдастырушысы ойларын ортаға салады.

Интерактивті тақта, сұрақ жазылған плакаттар.

2.Тақырыпты өрбіту мақсатындағы практикалық жұмыс

Тренинг «Атом, молекула» өткізіліп, қатысушылар 3 топқа бөледі.

FILM_NISH_kaz

Қатысыушылар кезбе атомдар, біріккен молекула ойынын ойнап, сандық қатынаста топқа бөлінеді.

3.Ой жарысы

«FILM_NISH_kaz» әлемдегі және Қ.Р. білім саласында болып жатқан өзгерістер жөніндегі бейнежазба ұсынылады.

«FILM_NISH_kaz» бейнежазбаны талқылайды, Қ.Р білім саласындағы өзгерістерді айтады.

Видеоролик,

интерактивті тақта

4.Оқыту үрдісіндегі әрекеттерді жобалау

Топтарға тапсырмаларды ұсынады.

І топ

«Мектеп қалай өзгеру керек?».

ІІ топ

«ХХІ ғасыр мұғалімі»

ІІІ топ

«Мінсіз оқушы»

Топтар жұмыстанады, жұмыстарын жоспарлайды.

І топ

«Мектеп қалай өзгеру керек?».

ІІ топ

«ХХІ ғасыр мұғалімі»

ІІІ топ

«Мінсіз оқушы» тақырыптарда жобаларын жасайды.

Постер, түрлі түсті карандаштар, магнит, интернет желісі

Топ ережесін сақтап, барлығын жоба қорғауға шақырады.

Әр топ тәжірибелерін жетілдіруге бағытталған әрекеттер жобасын ұсынады.

Магнит, магниттік тақта

Бір топ екінші топты формативті бағалауда бас бармақ белгісімен бағалауды ұсынады.

Әр топ бір біріне бас бармақтарымен көрсетіп бағалайды.

5.Қорытындылау

Кері байланыс:

Қызыл шеңбер- маған бәрі түсінікті, өз тәжірибемде қолдана аламын.

Жасыл шеңбер- өте қызықты, бірақ тәжірибемде қолдану үшін сұрақтар бар;

Көк шеңбер тақырып маңызды, бірақ тәжірибемде қолдану мен үшін қиын

Қатысушылар өздерінің ой пікірлерін білдіреді.

Плакат, стикерлер, қалам

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаМектеп, ұстаз туралы әндер

ҰстаздарғаҰБТ таяғанда ата-ана мен оқушыға мектеп қысымы күшейді

Ұстаздарға«Жаңаша оқыту бүгінгі заман талабы»

БаяндамаДеңгейлеп саралап оқытудағы тапсырмалар жүйесі

БаяндамаМЕКТЕП ПЕН ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ САБАҚТАСТЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147839

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 27 сәуір 2015 в 09:55 0
Тамаша, ұнады.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар