Б. Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы».Өз бейнесі, батырлық тұлғасы

26 ақпан 2015 - Алима Абилова

І. Сабақтың тақырыбы: Б. Момышұлы «Жауынгердің тұлғасы».

Өз бейнесі, батырлық тұлғасы

ІІ. Сабақтың мақсаты:

    1. «Қанмен жазылған кітап» жинағынан алынған үзіндіні оқи отырып, батырдың ерлік істерін насихаттау. Өз бетімен ізденіп оқуға, ойларын еркін айтуға үйрету.

    2.Ұлы Отан соғысы, ондағы ерліктер, жауынгердің еліне деген патриоттық сезімдерін көрсете білу.

    3.Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта білу. Жолдастыққа, сыйластық пен ізгілікке үйрету. Өз Отанын сүйетін елінің нағыз азаматы етіп тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі: білімдерін жинақтау.

ІV. Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, баяндау, сұрақ-жауап, тест

V. Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі

VI. Көрнекілігі: Интерактивті тақта, презентация, флипчарт, aktivoit құрылғылары

VII. Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Оқушыларды түгендеу

Оқушы назарын сабаққа аудару

Үй жұмысын тексеру

Өткен сабақта сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, әр топқа жеке-жеке тапсырмалар берілген.

І топ «Намыс» «Жауынгердің тұлғасы» шығармасы бойынша жоспар құру

ІІ топ «Азамат» Б. Момышұлының өмірі, шығармалары жайлы мағлұмат жинау, презентация түрінде қорғау

ІІІ топ «Жігер» шығармадағы мақал-мәтелдер табу, ерлік, батырлық туралы мақал-мәтел жазып келу

Шығарманың қысқаша мазмұнын сұрап, жаңа сабақпен байланыстыру

VIII. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Сабақтың эпиграфы:

«Бауырым, Бауыржаным»,- дейді халқым,

Алып ұл, ақын жүрек ердің даңқын.

Келешек келе жатыр көремін деп,

Тік басып, туған жерде жүрген қалпын.

Қ. Аманжолов

Биік таудың шыңына жету үшін түрлі қиындықтардан өту.

Б. Момышұлы туралы түсірілген кинофильмнен үзінді көрсету және өз дауысымен айтылған нақыл сөздер тыңдату.

«Талдау – табыс кілті» 3 топқа талдау жұмыстарын беру

«Жігер» тобына шығармадан тұрақты тіркестерді табу, мағынасын ашу

Тұрақты тіркестердің ережесін сұрау

Түсін жылыту, сәті түсу, сыбағасын бердік, ет жеп, сорпа ішкендей болды, беті қайтты, шүйдеден соғу, жолы болу, түкірген түкірігі жерге түспеу

«Азамат» тобына сатылай кешенді талдау;

«Намыс» тобына композициялық талдау;

Сөздікпен жұмыс

(Оқулықпен жұмыс жасату)

Университет — әр түрлі ғылымдар саласынан кең көлемде жоғары білімді мамандар даярлайтын көп профильді жоғары оқу орны;

Дивизия — 3-4 полктан құралған құрама әскер;

Генерал — ең тәжірибелі және саяси дайындығы мол әскерлерге басшылық етуде шеберлік пен біліктілікті көрсететін офицерлерге беріледі;

Батальон командирі — бірнеше ротадан құралған жаяу әскер бөлімінің басшысы;

Полк — 3-5 не одан да көп батальоннан тұратын әскери бөлім;

Миномет- жарылғыш жарықшақты снаряд, минаны ататын зеңбірек;

Бомба — іші оқ, дәрімен толтырылған жарылғыш, тұтанғыш снаряд. Жарылғыш бомбалардың сарыны күннің күркірегеніндей гүрілдей естіледі;

Пулемет — жердегі және әуедегі нысананы көздеп атуға арналған автоматтық қару;

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» стратегиясы

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар

Сол әсер еткен үзінділер жайлы

өз пікірің

Сен полк командирі болдың, ол-полктің ақылы, миы, басы. ӨЗ ұлтының «білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалы әр уақытта да есіңде болсын,-деп қайталады әскери ақсақал

Генерал Бауыржан атамызға сенім артып, ақ батасын беріп аттандырды. Ал атамыз бұл сөздерді есінен шығармай өз қарамағындағы әскерлерді ақыл-парасатымен басақа біліп, Отан алдында борышын адал атқарды.

Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қара құрымдай қаптаған күшінен қобалжыған кезде, қуат та, медет те, себеп те болған қазақтың ер намысына тидіре айтқан екі ауыз мақалының күші еді.

Бауыржан атамыз айтқан мақал соғыстың қиын- қыстау кезінде жауынгерлерге рух берді. Ата-бабаларымыздың айтқан бір ауыз сөзінің құдірет-күшін көрсетіп берді.

-Жалғыз-ақ өзім қалдым. Не бұйырасыз,-деді.

-жалғыз қалсаң қолыңа мылтық алып, Мұхаметқұлдың қарамағына барып жай қатардағы әскер болып соғыс,-дедім. Ойпырмай, үлкен басымды сонша кішірейтерлік мен не жазып едім! Капитан едім ғой. Кіші лейтенанттың қарамағына жұмсадыңыз-ау. Батальон қырылып, оның жалғыз командирі тірі қалғандығына мен сенбеймін. Қарамағыңдағыларға ие болып, соғыс, шеніңді міндет қылмай,-деп зекірдім.

Бауыржан атамыздың айтылған сөзі зілдей, атылған оқпен тең. Бойындағы қаталдық, тығырықтан жол табуы-маған ерекше әсер етті.

Өмірмен байланыс

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы туралы айту.

Оқушылардан Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік көрсеткен аталары, үлкен аталары туралы сұрау.

«Білім өлшеуіші — тест»

Aktivoite құрылғылары арқылы тест жұмыссын жүргізіп, алған білімдерін бағалау

Класстер әдісі арқылы Бауыржанның тұлғасын суреттеу.

Мейірімді әке

Халық

Бауыржан

Момышұлы

қаһарманы

жазушы

полк командирі

IX. Үйге тапсырма

«Туады ерлер ел үшін» тақырыбына эссе жазу.

X. Бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119803

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар