Компьютердің қызықты әлемі

20 қыркүйек 2015 - Айдана Амангелді

«Балдырған» ересектер тобындағы ұйымдастырылған

оқу іс-әрекетінің «Информатиканың қызықты әлемі» вариативтік курсы

« _____»___________ 20____ж. Апта күні___________Тәрбиеші______________

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Информатиканың қызықты әлемі

Тақырыбы: Ақпарат. Ақпараттық мәдениет негіздері.

Мақсаты:

Білімділік: Ақпарат туралы түсінік бері. Ақпаратты қайдан, қалай алуға болатынын түсіндіру. Компьютерді не үшін қолданамыз? Компьютермен не істеуге болады? т.б сұрақтарға жауап іздеу.

Дамытушылық: Баланың ойлауын, қиялын дамыту. Компьютерге қызығушылығын одан әрі арттыру.

Тәрбиелік: Баланың танымын, ойлау қабілетін одан әрі жетілдіру.

Билингвальды компанент: Ақпарат-информация т.б

Әдіс-тәсілі: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын

Көрнекілігі: Компьютер құрылымдары.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Аспан түрді түндігін,

Жерге сәуле жайылды.

Неткен ашық күн бүгін,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Жүректен-жүрекке жылы лебіздер.

    ØҚазір жылдың қай мезгілі?

    ØҚыс неше ай қонақта болады?

    ØҚыс айларын ата?

    ØҚыс ерекшелігін ата?

    ØҚыс несімен қызықты?

    ØҚыс туралы суреттерді әңгімелеу

Жұмбақтар:

Ерте тұрдым, алып ұрдым.

Күндіз төбеңе шығады,

Түнде шегеге шығады.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, таңмен, күнмен, достарымен амандасады.

Бір-біріне жылы лебіздер айтады.

    Балалардың түрлі

    жауаптары.

    Етік.

    Бөрік.

Іздену ұйымдастырушы

Өткен тақырыпты еске түсірейік.

Көз жаттығуларының пайдасы қандай?

Сергіту ойындары не үшін керек?

Жаңа тақырып: «Ақпараттық мәдениет негіздері»

Ақпарат-қоршаған орта мен онда болып жатқан әр түрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығы. Адамдар өте ерте заманнан бастап ақпарат ала бастады. Алғашқы қимыл-әрекет, мимика арқылы, ал кейіннен тіл көмегімен бір-бірімен мәлімет алмасты. Жазу шыққаннан кейін ақпаратты кітаптар мен, газет-журналдардан алып отырды. Қоғам дамыған сайын ақпаратты тасымалдау құралдары дамып отырған. Мәселен: радио, телефон, телеграф, теледидар т.б. бұрынғы тасымалдаушы құралдары. Ал, қазір заман талабына сай компьютер пайда болды.

Төмендегі сұрақтарға бірге жауап іздейік.

Адамдар ақпаратты қалай алады?

Оны бізге кім жеткізеді?

Ақпараттың пайдасы қандай?

Ақпарат бізге не үшін керек?

Ақпаратты таратудың жолдары өте көп. Мәселен: баспасөзді алайық. Бұрынғы кездері ақпаратты жинап, оны арнайы орынға, яғни баспаханаға берген. Ол жерден ақпаратты өңдеп, сақтап, кейін халыққа таратып отырған. Газет, журнал, кітаптар болмаса біз ақпаратты оқи алмайды екенбіз. Ал, қазіргі заманда біз ақпаратты ғаламторды пайдалана отырып компьютер арқылы аламыз. Ғаламтор желісінде бізге керек мәліметтің бәрі бар. Оны тек дұрыс пайдалана білуміз керек.

Балалардың түрлі жауаптары.

Тәрбиешінің әңгімесін зер салып тыңдайды.

Балалардың түрлі жауаптары.

Іздену ұйымдастырушы

Бой сергіту жаттығуы:

Орманға біз барамыз,

Ағаштарды аралап.

Арыстан боп ақырып,

Тышқанша біз жүреміз.

Логикалық есеп:

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан,

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса, себетке?

Дидактикалық ойын: «Баспалдақ»

Саусақтарыңды баспалдақпен жоғары және төмен жүргіз. Батырмаларды қандай сан көрсетілсе, саусақтарыңмен сонша бас.

Мақсаты: Саусақ маторикасын дамыту. Саусақты батырмаларды басу арқылы икемдеу.

Саусақ жаттығуы:

Әдемі әтеш,

Таң атпай тұрыпты,

Ойқастап жүріпті.

Жан-жаққа қарапты,

Айдарын тарапты.

Жеуге болатын заттарды боя.

Бой сергіту жаттығуын жасайды.

Логикалық есеп шығарады.

Ойын ойнайды.

Саусақ жаттығуын жасайды.

Берілген заттардың ішінен жеуге болатын шие, құлпынай, лимон, алманы бояп шығады.

Рефлексті коррекциялау

Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не туралы өттік?

Ақпарат дегеніміз не?

Ақпаратты қайдан алуға болады?

Мадақтау.

Қорытындылау.

Балалардың

түрлі жауаптары.

Алған білімдерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ақпарат таратушы құралдарды. Ақпаратты пайдалануды.

Игереді: Танымы, ойлауы, зейіні, сөздік қоры, байланыстыра сөйлеуі.

Меңгереді: Сұрақтарға жауап беру; Суреттерді әңгімелеу; Тәрбиешінің нұсқаулығын орындау; Саусақ жаттығуларын жасау; Суреттерді бояуды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152360

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 25 қыркүйек 2015 в 11:40 0
ТАМАША

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар