ҰБТ-дағы қобалжудың алдын-алу

13 қазан 2015 - Ерлан Рыскалиев
ҰБТ-дағы қобалжудың алдын-алу

ҰБТ-дағы қобалжудың алдын-алу.

1.«Сәлемдесу»
жаттығуы.

Мақсаты: коммуникативтік дағдыны қалыптастыру және жағымды
қарым – қатынасты орнату.

Уақыты: 3минут

Өту барысы: Оқушылар
жұптасады, сонан соң бір –біріне қарама – қарсы шеңбер бойына тұрады. Мұғалімнің
нұсқауы бойынша бір-бірімен амандасады.

Бір-біріңізбен жаңа
танысқан адам сияқты амандасасыз;

Ескі достар сияқты
амандасасыз;

Бір-біріңізді көп
ұнатпайтын адамдар сияқты амандасасыз;

Үлкен бастықпен
амандасқандай сияқты амандасасыз;

Алыстан сағынып көріскен
достарша амандасасыз. т.с.с.

Оқушылардың сенімділігін
арттырудың маңызы зор. Олардың күйзеліске ұшырауының алыдын алуда төмендегідей
жаттығулар жүргізіледі.

2. Релаксациялық жаттығу«Таудың шыны»

Мақсаты: Оқушылардың өзіне сенімділігін арттыруға, өз мақсаттарын айтқандай
білуге үйретеді.

Өту барысы:

Өз мақсаттарыңызды
айқындап, тізімін жасаңыз. Ол тізімді мақсаттың өзектілігіне қарай жасаңыз.
Тізімде бірінші жазылған мақсатқа көңіл бөліңіз. Көзіңізді жұмып, мақсатыңызды
көз алдыңызға елестетіңіз.

(Жағымды әуен қосылады)

— Көз алдыңызға биік
тауды елестетіңіз, сол таудың төбесіне өз мақсатыңызды қойыңыз.Жоғарға қарайжол бар.Сол жолмен жоғары қарай
көтеріліңіз.

Сізге жан жақтан дауыстар естіледі. Олар Сізге кездесетін қиындықтар туралы.
Сіздің алдыңыздан неше түрлі қиындықтар кезігеді.

Бірақ ешбір дауыс та, кедергілер де сіздің жолыңызға бөгет бола алмайды. Сіз
жоғарға қарай өрмелеп бара жатырсыз. Әрбір кедергіні қалай жеңгеніңізді көз
алдыңызға елестетіңіз. Бұл кедергілер не үшін сізге бөгет болғанына ойланыңыз,
бірақ жолыңыздан таймаңыз.

Міне Сіз таудың басына
шықтыңыз. Өзіңіздің мақсатыңыздың қасына отырып, оған қалай қол жеткізгеніңіз
туралы ойлаңыз. Өз жеңісіне жеткен адам не сезінетіні туралы ойланыңыз. Терең
дем алып, өз сезіміңізді есіңізге сақтаңыз.
Енді көзіңізді ашуға болады. Не көргеніңізді, сезінгеніңіздісуреттеңіз.

Бұл жаттығуды басқа да мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін қайталап өткізуге

болады.

3.«Джунглидағы
жаңбыр» жаттығуы

Мақсаты:Иық, мойын, омыртқа бұлшық еттің
жиырылуын жою, босаңсу.

Өту барысы: Тар шеңбер құрып,
нұсқау бойынша жаттығуды орындаймыз.

Джунгли
ну орманында деп ойлаймыз. Ауа райы бастапқыда керемет болды. Күн көтерілгенде
өте ыстық, ауа қапырық болды. Бір мезетте жеңіл самал жел соқты. Алдыңызда
тұрған адамның арқасына қолыңызбен жеңіл қимылдар жасаңыз. Жел күшейе түседі
(арқаға батыңқырайтын қимылдар жасалады). Құйын басталады (күшті айналыс
қозғалыстарын жасаңыз).Содан кейін жай
жаңбыр сіркіреді (көршіңіздің арқасын саусақтарыңызбен түртесіз!).Нөсер жауын басталады (жоғары-төмен алақан,
саусақтарыңмен сипайсыз). Бұршақ аралас жауын жауа бастады (барлық
саусақтарыңызбен түртесіз). Содан кейін қайтадан нөсер жауын, сосын жай жаңбыр,
одан кейін күн ашылады.

Суретте
жылқының силуэті бейнеленген. Сіздің міндетіңіз – осы картинаны аяқтау, оның
сырт келбетін бейнелеу арқылы және оның жанына қажет фонды салу. Атқа жағымды,
жайлы жағдай жасаңыз.

Бұл тестте
жылқы- бұл өзіңізсіз. Бұл түсінікті де,
өйткені көп жұмыс істейтін адамдарды жұмысшы жылқылар деп те атайды. Сіз
жылқының сырт келбетін қалай бейнелегеніңізден, сіздің қандай жұмысшы
екеніңізді көруге болады.

·Егер
сіз жылқының сырт келбетіне басты назар аударсаңыз (тұяғын, жалын және құйрығын
салсаңыз), онда сіз еңбектене білесіз, бірақ жұмысты бір арнада істемейсіз.
Бірақ сіз еңбекқор адам емессіз.

·Егер
сіз жылқының бет әлпетіне басты назар аударсаңыз (көзін, тұмсығын, аузын,
кекілін т.б. салсаңыз), онда сізде жұмысқаромантикалық қатынас басым, сізде иллюзиялар мен үміттер толы. Сіз бұрын
еш жерде жұмыс істемеген жас маман болуыңыз да ықтимал. Егер сіздің жасыңыз
үлкен болса, онда шаттану, қуану сізге тән.

·Егер
сіз жылқының әрбір қылын салсаңыз, ұсақ-түйек нәрсеге көп уақыт жұмсасаңыз, бұл
сіздің тер төгуді қажет ететін еңбектерді атқаруды ұнататындығыңызды білдіреді.
Барлық нәрсені дер кезінде орындайсыз. Өзіңізге және басқаларға сын көзбен
қарайсыз. Сізге кез келген жұмысты сеніп тапсыруға болады. Сіз бастаған
ісіңізді соңына дейінжекізетінөте еңбекқор адамсыз. Бірақ та сізбен бірге
жұмыс істеу қиын, өзіңіздің бірбеткейлігіңізбен адамды шаршатасыз!

·Егер
сіз жылқыны шөпке немесе алаңға қойсаңыз, бұл сіздің жақсы жағдай жасалған
жерде жұмыс істегіңіз келетіндігіңіздің белгісі, сіз тұйықтарды, шектеу қоятын
жұмыстарды ұнатпайсыз. Тәуелсіз болғанды қалайсыз.

·Егер
сіз жылқыға жүген салсаңыз немесе қамыт кигізсеңіз, онда сізге қысыммен жұмыс
істеудесіз. Бұл сізге ұнамайды.

·Егер
сіз жылқының алдына суы немесе жемі бар астауша қойсаңыз, онда бұл сіздің жұмыс
істеуіңіз үшін жақсы жағдайдың жасалуын қажет еткендігіңіздің белгісі.

·Егер
сіз жылқыға салт атты адамның суретін салсаңыз, онда сіз өз бетіңізше жұмыс
істей алмайсыз, біреудің бағыт беруімен, әмірімен жүргенді қалайсыз. Сіз
басқарғанды ұнатпайсыз.

5. Дыбыстық гимнастика. Тыныс алу жаттығуы.


    Дыбыстық гимнастика вибрациялы массаж ретінде әсер етеді. Мұнда тыныс алу
    бұлшықеттері мен диафрагма жаттығады. Әр түрлі дыбыстар әр түрлі вибрация
    туғызады және біздің санамызға әсер етеді.

    ·«А» дыбысы кеудемізге діріл туғызып,
    ағзадағы дыбыстық гамманы әрекетке келтіреді. Барлық жасушаларды жұмысқа
    ынталандырады.

    ·«Н» дыбысы бас миында вибрация тудырады,
    оның оң жақ бөлігін белсендендіріп, ми ауруларын емдейді, интуицияны жақсартып,
    шығармашылық қабілеттілікті дамытады.

    ·«В» дыбысы жүйке жүйесін ретке келтіреді.

    ·«Р» дыбысы стресс, қорқынышты азайтады,
    тұтығуды емдейді.

    ·«Т» дыбысы жанды ауырлықтан тазартады,
    жүрек-қан жүйесін күшейтеді.

6. Кері байланыс.


-Тренингтен
алған әсерлермен бөлісіңіз? Қандай әсер алдыңыз? Оқушыларға стикерлер
таратылады. Оған тілектерін жазып, алған әсерлерімен бөліседі.

Осыған ұқсас жазбалар:

ҰстаздарғаҰБТ таяғанда ата-ана мен оқушыға мектеп қысымы күшейді

ҰстаздарғаҰБТ-ке дайындық жұмыстары туралы хабарлама.

Қазақ тіліҚазақ тілінен ҰБТ-ге дайындау

МатематикаОқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді жолдары

Білім жаңалықтарыБүгін елімізде ҰБТ сынағын тапсыру басталады

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141185

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар