Жас мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту

29 ақпан 2016 - Құралай Орманова

Алматы  облысы

Райымбек  ауданы

Сарыжаз  орта  мектебінің  психологы 

Кудасбаев Айбын Адилжанович

 

Жас мұғалімдер  арасындағы қарым-қатынасты  нығайту    «Жас  келсе іске»

 

 Мақсаты:     мұғалімдер  арасындағы  қарым-қатынасты  нығайту,  жағымсыз көңіл-күйден  арылу,  күш-қуат жинау ,өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.

Ұйымдастыру:   құрметті  әріптестер, жас мамандар?! Бүгінгі «Жас келсе  іске»  атты тренинг  сабаққа  қош  келдіңіздер!                   

Арыстандай  айбатты,

Жолбарыстай  қайратты,

Қырандай күшті қанатты

Мен жастарға сенемін!  деп,      М. Жұмабаев атамыз айтқандай,    болашақ  мектебіміздің  тұтқасы, мектепті  жоғары көтеретін сіздерсіздер .  Ендеше  «Жалынды Жастар» атты   тренинг сабағымыздың      жоспарын таныстырып  өтейін.       

Ø «Өз жұбыңды  тап»  ойыны                                                                                   

Ø« Оның  есесіне  мен.........» жаттығуы

Ø«Ашудың  хаты» Релаксациялық  жаттығу

ØПостер  қорғау

ØСергіту  сәті  « Pers   Test»   Дамай Лама

ØРефлекция      «Тілек  шамы»    жаттығуы

 

 

Қатысушылар  шеңбер құрап  отырады. Мен  сіздерге  Жануарлардың  аттары  жазылған  карточкалар  таратып  беремін. Атаулар екі данада қайталанған. Мысалы, егер  сіздің қолыңызда піл бар деп жазылған  болса, сіз тағы біреудің қолында  сондай карточка бар  екенін біліңіз.      Сіздің  карточкаңызда не жазылғанын қараңыз. Жазуды сіз ғана көруіңіз керек. Әрқайсыңыздың  міндеттеріңіз  өз сыңарыңызды табу. Бірақ сөйлеспейсіздер дыбыстар шығармайсыздар, тек әртүрлі  қимылдар арқылы  кез-келген  әрекетті үнсіз жасайсыз.Егер  өзіңіздің  жұбыңызды  тапсаңыз, бірге тұрыңыз,  бірақ үндемейсіз, сөйлеспейсіздер. Тек барлығы өз сыңарын тапқан кезде ғана, қандай нәтиже болғанын тексереміз. Топ мүшелері  өз  сыңарын тапқаннан  кейін жаттықтырушы  «Сіз кімсіз?» деп сұрап шығады.  Бұл жаттығу  өте  көңілді, топ мүшелерінің көңіл –күйі көтеріліп, шаршағандығы  тарқайды. Жаттығу қатысушылардың  ары қарай ашыла  түсуіне септігін  тигізеді.

«Оның  есесіне мен................»  жаттығуы.  

Барлық қатысушыларға аяқталмаған  сөйлемдері  бар  карточкалар  таратылады.  Сөйлемдерді әр қатысушы  өз   ойымен   аяқтайды.

vМен  тамақ пісіре  алмаймын, оның  есесіне...........................

vМен  шаршадым, оның есесіне.............................................

v Мен жақсы билей  алмаймын, оның есесіне..........................

vМен үндемейтін  адаммын, оның есесіне.............................

vМен көп ұйықтаймын, бірақ  оның  есесіне.................................

vМен еден жууды  ұнатпаймын, оның есесіне...................................

vМен  шет елде болған  жоқпын, оның есесіне.................................

vМен  өте  батыл емеспін, оның есесіне.........................................

vМен   бай адамдардың қатарына жатпаймын, оның есесіне............

v Мен тез  ашуланғыш  адаммын, оның  есесіне.........................,...

vМен соншалықты  сымбатты  емеспін,  оның  есесіне.....................

v Менің кемшіліктерім көп, оның  есесіне........................................

vМенің  жазуым  әдемі емес, оның  есесіне..................................

vМенің есте  сақтау  қабілетім нашар, оның  есесіне......................

vМен жұрттың  бәріне құрметті бола алмаймын, оның есесіне........................................................

   

«Ашудың  хаты»

Өзіңізді ашуландырған немесе жек көретін адам туралы ойлаңыз.Енді  сол адамға  хат  жазыңыз.Хатыңызда ол  адамды  көргенде, оның ескерту  сөздерін  естігенде, не айтқыңыз келетінін  соны жазуға  болады.  Хатты  жазып  болған соң, жыртып  тастауға, жұмырлап  тастауға да болады. Соңынан  релаксациялық  жаттығу.

      Pеrs  Test    Далай  Лама   бойынша

  Постер  қорғау

Топқа  тапсырма

«Сіздің ойыңызша  болашақ  ұстаз қандай  болу  керек?»

«Болашақ  мектебімізді қалай  елестетесіз?»

«Болашақ оқушы бейнесі қандай болуы ке рек?»

            Әр  топ  өз  жұмыстарын   қорғайды

Рефлекция

 Енді  осы тренинг  сабақтан  не алдық ?  не  білдік?, дей келе  Ол алған әсерлерімізді    стикерлерге  жазып   тақтаға   жабыстырайық.

 

«Тілек  шамы»

Мақсаты: Тренинг  барысында қатысушылар  бір-біріне жақсы көзқараспен қарау.

«Тілек шамы»  жаттығуын бір –бірімізге осы шамды бере отырып тілек айтып  жақсы көңілмен  аяқтайық.

 Құрметті ұстаздар сіздердің жұмыстарыңызға  сәттілік тілей  отырып, болашақта жақсы маман  болатындарыңызға сенімдімін.

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

ИнформатикаӨзіңізге деген сеніміңіз мол болсын

ҰстаздарғаҰБТ-ке дайындауда ұстаздарға психологиялық көмек!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150984

Пікірлер (2)
Базаргүл Алтынбекқызы # 2 наурыз 2016 в 22:59 0
Адамын жанын,сезімін, көңі-күйін сергіту арқылы қалыптастыруға жағдай туғызатын пән. Жастар үшін қажет.
Базаргүл Алтынбекқызы # 2 наурыз 2016 в 23:15 0
1-наурыз "Халықаралық алғыс айту" күні! Сіздерді құттықтаймын. Алғысқа бөлене беріңіздер!Көңілдеріңіз көтеріңкі күйде,шабыттарыңыз мерекелі шуаққа толсын!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар