Тренинг :"Интеллектуалдық ойыны «Не? Қайда? Қашан?»

31 наурыз 2016 - Майра Менлибаева

Тренинг

Тақырыбы: Интеллектуалдық ойыны «Не? Қайда? Қашан?»

Мақсаты:

1.     Білімділік: Дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, балалардың ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін дамыту. Дамыту ойындарын ойната отырып, балалардың алған білімін қорытындылау.

2.     Түзете-дамытушылығы: Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тіл белсенділігін, сөйлеу қабілетін, зейінін, қиялын, зеректігін, тапқырлығын дамыту. Таным әрекетін және ұсақ моторикасын дамыту.

3.     Психологиялық: Білімді үйренуге деген қызығушылығын арттыру.

 

Жүргізуші:

Ойын баланың жетекші әрекеті, өйткені ойын баланы ақыл-ой жағынан да, дене жағынан да алға жетелеп, дамытады, баланың ойын өрбітіп, бойын өсіреді. Ежелгі гректерде «ойын» түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында «ойын» сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды.

— Құрметті әріптестер, балалар!

-         Бүгін өткізгелі отырған «Не? Қайда? Қашан?» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер.

-         «Не? Қайда? Қашан?» атты ойынға қатысатын балаларымызды ортаға шақырайық (музыка).

 

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Психологиялық бағыт беру.

Жылулық шеңбері:

Залға музыка әуенімен кірген балалар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, шеңберді жасай, өлең жолдарын қимыл-қозғалыс арқылы қайталайды.

Біз балдырған баламыз,

Өніп — өсіп толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

 

«Не? Қайда? Қашан?» ойынның шартын таныстырып өтейін:

Жалпы ойын 6 раундтан тұрады.

-         Балалар, мына ортадағы дөңгелек үстел үстінде  айналмалы шар, тапсырмалар жазылған хаттар тұр. Олардың бәрінде де біздерге арналған тапсырмалар бар. Біздің математикадан, тіл дамытудан, айналамен таныстырудан барлық жағынан да білімімізді білдіруіміз керек. Сондықтан бәріміз де ойынға белсенді қатысып отырайық.

-         Ал ойынымызды бастаймыз. Айналмалы шарды айналдырайық.  

-         1 РАУНД (музыка)

-         Кәне, балалар айналмалы шар қай номерлі хатқа көрсетті?

-         Дұрыс, балалар, 1 номерлі хат – 1 сұрақ.

1 сұрақ: Елеукеева Камиляның

Дидактикалық ойыны: «Ненің дауысы?»

Мақсаты: Балалардың көру және есте сақтау қабілетінің түйсігін дамыту.

— Жарайсыңдар, бәрекелді балалар! Өз-өзімізді қолпаштайық. Ойынымызды әрмен қарай жалғастырамыз.

 

2 РАУНД (музыка)

— Айналмалы шарды айналдырайық. Енді қай номерлі хатқа көрсетеді.

Балалар, «Сиқырлы сандық» музыка.

Бұл — Тілеубаева Гүлназдың сұрағы.

( видео сұрақ)

2 сұрақ

«Сиқырлы сандық»

Жұмбақ шешу:

Сол аяқпен оң аяқ,

Кезек оны тебеді,

Ол тынымсыз домалап,

Зыр жүгіре береді.                                     (Доп)

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетің дамыту.

— Жарайсыңдар, балалар!

— Айналмалы шармен әрмен қарай ойынымызды жалғастырамыз.

 

3 РАУНД  (музыка)

— Міне, 3 сұраққа келіп түсті. Бұл тапсырма өте ерекше, қарапайым математика сабағынан. 

Бұл  — Амирова Ляззаттың сұрағы.

3 сұрақ

Математикалық сұрақ( компьютермен жұмыс)

1. Дидактикалық ойын: «Қандай пішінге ұқсайды»

Мақсаты: Балалардың ақыл-ой қабілетін дамыту.

Дәнді дақылдардан, әғни күріш, жарма, қарамық.

 

2. Саусақпен сурет салу: «Геометриялық пішіндер – дөңгелек, үшбұрыш, шаршы»

— Жарайсыңдар

— Балалар, демалатын кез келді. Біздің балалар шаршап қалды, кішкене дем алып күш жинап, сергітіп  алайық.

 

Сергіту сәті:

Шаршағанда ырғалып     (балалар орындарынан тұрып, жаймен тербеліп тұрады)

Гүлге ұқсап демалып       (отырады)

Қанатымды бір қағып      (құсқа ұқсап ұшады)

Гүлдей болып жайқалам  (қолдарын жоғары көтереді)

 

4 РАУНД (музыка)

— Балалар, ойынымызды одан әрі жалғастырайық. Айналмалы шарды айналдырамыз, 4 сұрақ – Қубекова Ляззаттың «Блиц турнир»

 

4 сұрақ

Блиц турнир ( сұрақ-жауап)

Мақсаты: Берілген логикалық сұрақтарға шапшаң ойлана тез әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру, жинақылыққа үйрету.

Шарты: Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру қажет.

Мұқият тыңдаймыз. Сәттілік тілейміз!

1.     Қазір жылдың қай мезгілі?

2.     Сиырдың баласын ата.

3.     Түлкі қандай аң?

4.     Қоянның құлағы қандай?

5.     Бір қолда неше саусақ бар?

6.     Машинада неше дөңгелек болады?

7.     Күннің пішіні қандай?

— Жарайсыңдар, балалар.

 

5 РАУНД (музыка)

— Балалар, ойынымызды одан әрі жалғастырайық. Айналмалы шарды айналдырамыз.

Бұл – Қойшығулова Шынардың сұрағы.

5 сұрақ

Дидактикалық ойыны: «Не қайда өмір сүреді?»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту. Ойыншықтардың аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін айтқызу және орналастыру. Сөздің қорын молайту.

— Балалар, сендер кедергілерден жақсы өтіп келесіңдер, өздерің тапқыр да, алғыр екенсіңдер. Тағы бір ойынды ойнап көрейік.

 

6 РАУНД (музыка)

Бұл – Дауылханова Халияның сұрағы.

6 сұрақ

Дидактикалық ойыны: «Қөңілді пішіндер»

Мақсаты: Балалардың ұсақ қимыл-қозғалыс қабілетін дамыту.

Шарты: Әр балаға түрлі-түсті қыстырғыштар беріледі. Қыстырғыштан және геометриялық пішіндерден заттарды жасау: күн, шырша, бұлт-жаңбыр, кірпі, балық.

 

Қорытынды:

Жарайсыңдар, балалар. Өздерің тапқыр бала екендеріңді көрсете білдіңдер.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Психолог жұмыстарыПсихологиялық жаттығу

Психолог жұмыстарыҰжымдағы достықты қадірлеуге арналған психологиялық тренингтер

Психолог жұмыстарыКоманда қалыптастыруға арналған "Жіптік курс" психологиялық тренингі "Құбыр"

Психолог жұмыстарыТренинг: «Зейін, ес, қиял – өзгеше бір әлем»

Психолог жұмыстарыЖіптік курс

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124444

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар