Тәлімгерлерге

RSS-лента
Наурыз мейрамы (мерекелік кешінің сценариы)
17 наурыз 2014 - Дана Жумажанова | Толығырақ | 0 пікір | 1627 көрілім

1941-1945 жыл аралығындағы Ұлы Отан сұрапыл соғысы туралы әңгіме қозғала қалса,

«Таза мінсіз асыл тас,

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз,

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас,

Жел толқытса шығады.

Ой түбінде жатқан сөз,

Шер толқытса шығады.»

1 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | Толығырақ | 0 пікір | 2418 көрілім
Тегтер: әке рухына тағзым

Бір мектептен:4«Алтынбелгі», 1 «үздік»

«Оқу инемен құдық қазғандай» дегендей, өткен оқу жылы Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия үшін есте қаларлықтай толағай табыспен аяқталды.Таратып айтатын болсақ: Түркістан қалалық білім бөлімінің сараптауымен «Алтын белгі» иегерлерінің саны бойынша осы аталған мектеп-гимназия І орын алды.Яғни қала мектептері бойынша «үздік» үштікке енді.

«Балалар, аман­бысың, шырақтарым,

Майысып көлге біткен құ­рақ­тарым.

Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,

Ішінен асып кетсе бір аптаның»-

деп, ұлы Жамбыл ақын жырлағандай, Некрасов атындағы №9 мектеп- гимназияның ғимаратында, ХҚТУ-дың актерлық-өнер кафедрасының меңгерушісі, Түркістандағы Мәдениет орталығы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты, Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық байқаудың тұңғыш лауреаты, әнші-композитор Елеуов Сауранбек Еркінбекұлының балалармен есте қаларлықтай ғибратты кездесуі болды. Кездесуді директордың орынбасары Г.Наурызбаева жүргізіп отырды

ҰБТ –ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген, мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау және жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың білім мекемелерінен тәуелсіз мемелекеттік жүйесі болып табылады.Әлемдік білім кеңістігіне ену үшін Қазақстандағы білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде.

6 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | Толығырақ | 0 пікір | 712 көрілім
Тегтер: бітіруші түлек

Өнерліге өріс кең

Өзінің ана тілін, өткен тарихын салт дәстүрін, әдет-ғұрпын білмейтін халықты өсіп өркендеген, гүлденген халық деуге болмайды.Халықтың өзіндік қасиеті, тілі, мәдениеті,өнері, тарихы болуы заңдылық. «Отан отбасынан басталады» дегендей, өскелең ұрпақты озық үлгідегі халық дәстүрінде тәрбиелеп жүрген отбасылар біздің рухани астанамыз –Түркістан қаласында баршылық.

6 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | Толығырақ | 0 пікір | 1424 көру
Тегтер: айман -шолпан

Біз ақпараттық коммуникациялардың жедел формаларының дамуы кезеңінде өмір сүріп отырмыз.Бүгінгі күні ақпараттың аздығы (жетіспеушілігі)проблема емес, керісінше, ақпараттың адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен асып түсуі негізгі проблема болуда.Әр сала бойынша ақпарат 4 жылда ескіреді. Демек, 4жылда ақпарат екі есеге өседі. Егер осындай даму қарқыны сақталса, болашақта ақпарат әрбір 78 күнде екі есе артып отырады.(мәлімет-«Интербелсенді оқу»)Сол үшін ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу.Ақпаратты жан-жақты сұрыптап талдау қажет.

Ән құдіреті


Ән құдіреті

Осы бір көркем мінезді, жібектей, келісті жанмен осыдан біраз жыл бұрын қаламыздағы халық банкінің ғимаратында кездейсоқ танысқан болатынмын.Бір-бірімізді байырғы дос-жарандай көріп, тез тіл табыса кеттік. Көпшіліктің адамы екені сөз саптауынан білінді. «Ел құлағы елу»дегендей, бір-бірімізді сырттай танитын болып шықтық. Содан бері кездесе қалсақ ұзақ-сонар әңгімелесіп қалатынымыз бар-тын.Бір-бірімізді көргенде бейнебір жақын туыстардай, араласып, рухани жағынан бауырдай жақын болып кеттік.Сондай-ақ, қаламыздағы әр алуан тақырыптағы алқалы жиындарда да бірге болып, мінберлерде қатар сөз алып жүрдік. Кездескенде айтатынымыз ,әрине, Түркістанның тыныс- тіршілігі, білім мен өнер ордасының қазіргі кездегі жалпы бет алысы дегендей… Менің Қаламқастан сұрайтыным — өнердегі өрелі жаңалығы. «Сабақты ине сәтімен» дегендей, бүгін кең отырып сөйлесудің орайы түсті.Осы шығармашыл еңбегімен елге танымал тұлға жөнінде жұмбақтамай сыр шертпекпін. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді»дегендей, осы тұлғаның өнердегі,өмірдегі сапары жөнінде баяндаймын.

Өткен жылғы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мемлекетіміздің жаңа саяси бағытын анықтаған болса, биылғы Жолдау осы бағыттарды жүзеге асырудың тиімді жолдарын көрсетіп берді. Сарабдал саясатын қалың орман халықпен бірге жүзеге асырушы – Елбасымыз ағымдағы Жолдауында ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды деп, алға қойған мақсаттардың орындалуында талай-талай қиындықтар кездесетінін ескертеді. Біздің алға қойған мақсатымыз бен міндетіміз айқын, бағыт-бағдарымыз анық. Ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін дамыған елдердің көрсеткішіне тынымсыз адал еңбегімізбен, білім мен ғылымымызбен, ақыл-парасатымызбен алып күш біріктіре топтасып жетуіміз қажет.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | Толығырақ | 0 пікір | 766 көрілім
Тегтер: қазақстан -2050

Мәңгілік жыр

Ақиық ақынымыз -Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр кештері рухани астанамыз — Түркістанда толастар емес.Еңсесі биік – Мәдениет үйінде қалалық деңгейде “Мәңгілік жыр” атты ақын Мұқағали Мақатаев шығармаларынан поэзиялық ән кеші өтті. Мәдениет үйінің ғимаратында ине шаншар орын болмады, көремендерге лық толды. Мұқағалидың ролін Сағи Биғабылов асқан шеберлікпен сомдады. “Өнердің міндеті – адамды таңқалдыру” деп,Ә.Нұрпейісов айтқандай, осы әдеби кештің өн бойынан жақсылықтың, ізгіліктің самал желі есіп,әрбір көрермен осыдан адамшылықтың рухын бойына сіңіргендей әсер алды.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | Толығырақ | 0 пікір | 900 көрілім
Тегтер: мұқағали мақатыев

Үлгілі семинар

Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Батырбекова мен Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның директоры Ж.А.Орынбаевалардың келісіп, бекітілуімен жасақталған бағдарлама бойынша бастауыш сыныптар аралығында қалалық семинар өткізілді.Қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Динара Есенғараева мен Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.О.Божбанбаеваның ұйымдастыруымен ғылымдардың патшасы – математика пәнінен заманауи технологияның ілкімділігімен үлгілі ашық сабақтар көрсетілді.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | Толығырақ | 0 пікір | 1112 көрілім
Тегтер: шеберлік

Әрдайым ұстаздарға бағыт-бағдар сілтеп, істің көзін тауып жүрген Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның директоры Ж.А.Орынбаева, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары З.А.Сыздыкова, Г.А.Михайлина, Г.М.Мұратова, Г.Т.Халилова, Ә.Ж.Сайдуллаевалар қалалық семинардың мемлекеттік стандартқа сай өткізілуіне өз ықпалдарын жасады.

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева | Толығырақ | 0 пікір | 1651 көру
Тегтер: шыңдалу
Беттер: 1 2 3 Келесі Соңғы

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru