Қала жастары

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

<img width=«133» height=«133» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtml1/01/clip_image002.jpg» v:shapes="_x0000_i1026">Несіпкүл Өтебаева,

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі

Қазақстан жолы – 2050:
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Өткен жылғы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы мемлекетіміздің жаңа саяси бағытын анықтаған болса, биылғы Жолдау осы бағыттарды жүзеге асырудың тиімді жолдарын көрсетіп берді. Сарабдал саясатын қалың орман халықпен бірге жүзеге асырушы – Елбасымыз ағымдағы Жолдауында ХХІ ғасырда «жеңіл-желпі жүріп өту» деген болмайды деп, алға қойған мақсаттардың орындалуында талай-талай қиындықтар кездесетінін ескертеді. Біздің алға қойған мақсатымыз бен міндетіміз айқын, бағыт-бағдарымыз анық. Ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін дамыған елдердің көрсеткішіне тынымсыз адал еңбегімізбен, білім мен ғылымымызбен, ақыл-парасатымызбен алып күш біріктіре топтасып жетуіміз қажет. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының көрсеткіштеріне жету оңай емес, ол ұйымға кіруге бүгінгі таңда алты ел: Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Ресей, Оңтүстік Африка Республикасы үміткер. Қай-қайсысы болса да осал мемлекеттер емес. Шамаң келмесе, әп сәтте шаң қағып қалуға болады. Ал осы 30-дыққа кіру үшін Жолдаудағы 7 басымдықты игеру қажеттілігін Елбасымыз сөзбен түйіндейді.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру, оның маңыздылығын арттырумен қоса, көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға ат салысу мақсатында Түркістан қаласындағы «Балуан шолақ» спорт кешенінде «Жастар Орталығы» комуналдық мемлекеттік мекеме ұжымының ұйымдастыруымен қала жастары арасында ұлттық идеологиямыз бен Елбасының Жолдауын насихаттайтын дүбірлі акция өтті.Осы іс-шараға қала мектептерінің оқушылары мен жоғарғы және арнаулы орта білім орындарының жалынды да жігерлі жастары рухани күш-қуаттарымен белсенділік таныта отырып, акцияның игілікті өтуіне ат салысты. Әсем безендірілген спорт кешенінде акцияға қатысушылар Мемлекеттік Әнұранды Отаншылдық рухта бір мезетте орындады.Әрбір қатысушы қолында еліміздің көк туы желбіреп, акцияға ерекше сән және мәні терең, пәрменді, тегеурінді,өміршең леп берді.Ұлы дала дүбіріндей шапағат нұрын төккен акция әсерлі де мағыналы басталып, көңілге қуаныш сезімін ұялатты.

Алғаш сөз алған қала әкімі –Бақытжан ӘшірбековАйдарханұлы «Мәңгілік ел» болу жолында жастардың алар орны ерекше екенін баса айтты.Келешектің кепілі — кемел елдің тізгінін ұстар жастарға қанатты сөздер айтып, оларды «Алтау ала болса ауыздағының кететінін, төртеу түгел болса төбедегінің келетінін» насихаттап, шамшырақтары – бірлік пен ынтымақ екенін сөзбен тұжырымдады.Сөз тізгінін жалғастырған қазыналы қарттарымыздың бірегейі,қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы – Ж.Әзіретбергенов:

«Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты.

Қырандай күшті қанатты-

Мен жастарға сенемін!» деп, Мағжан ақын жырлағандай, Жастарға кәміл сенім білдіретіндерін шегелеп айтты.Тәуелсіз қазақ елінде тынбай еңбек етіп келе жатқан қазыналы қарттарымыз, әрбір жас еліміздің өркендеуіне терең білімдерімен, еселі еңбектерімен өз үлестерін қосу парыз бен қарыз екендігін түсіндіріп өтті.

Әсіресе, медициналық колледждің студенті – Бақытжан Дүйсенбайдың тұщымды, шынайы баяндамасы жастарға серпін беріп, жастарды шаттыққа бөледі. Ол: «… Алған білімімізбен елге қызмет етейік.Ертеңгі ертегідей көрінген елуінші жылдары елдің көшін бастар ерлер мына біздер боламыз. Сол бір көш бастар күнге дейін аянбай еңбек етіп, тағдырдың сан қырлы сүрлеуінен өтіп, Елбасының сенімін ақтауымыз керек.Ұлы Отанның арқамызға артқан жүгін қайыспай көтеріп, замана көшіне қалыспай, ілесуіміз қажет. Ал, біздей Жастар үшін абыройлы міндет, әрі біздің қасиетті борышымыз!»деп, жалындаған отты сөздерімен, мақтаныш сезімменен жастарға ұрандата үндеу тастады.

Сондай-ақ, акцияға қала әкімінің орынбасары –Д.Тәңірбергенов, «Жастар Орталығы»комуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры –Айдос Байжанов, Ұлы Отан соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нәліхан Шотаев пен қалалық спорт бөлімінің бастығы – Қ.Айдарбеков, Мәдениет үйінің директоры Лиза Шамет және «Жастар орталығының» белсенділері: Е.Қамбар, Б.Оразбеков, А.Әбдінәбиева, Ф.Кемелбекова, Г.Избасовалар және қаламыздағы бірқатар мектеп директорлары, орынбасарлары, мұғалімдері т.б. Жолдауға үгіт-насихат жүргізу мақсатында Түркістанның көпұлтты жігерлі жастарымен жұмылған жұдырықтай рухани күш-қуат біріктіре қатысты.Түркістан қаласының өнер қырандары да қалыс қалмай, туған ел, жер туралы патриоттық рух беретін әндерін нәшініне келтіре шырқап,өз өнерлерін ортаға салып, акцияға қатысушылардың көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Атап айтқанда, Қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісімді нығайта түсу, ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдениетімізді кеңінен дәріптей отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, Жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру болып табылатындығы акцияда биік мінберден айтылды.

«Жастар Орталығы»комуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры –Айдос Байжановтың есте қаларлықтай шебер ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақстан жолы–2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы акция патриоттық рухпен, ұлттық нақышпен айшықталды.Осы аталған акция, қаламыздың жастарына оң әсер етіп, ұлттарына қарамай, бәрін бір шаңыраққа қауымдастырды. Заманымыздың заңғары – Елбасының стратегиясын бірауыздан қызу қолдап, Жолдауға қоғамдық ойдың қозғаушысындай жанашырлық танытқан Түркістан қаласы Жастарының «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»үшін қызу іске кірісетіндері айқындалды. Біздің өмір сүріп отырған қоғамда Қазақ елінің президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы — Мәңгілік елдің мұраты екендігінде.Демек, Нұрлы жол,әрқашанда,Құнды болмақ! Жол салмақ! Айшықталмақ! Мәңгі болмақ!

<img width=«133» height=«133» src=«file:///C:/DOCUME~1/Admin/LOCALS~1/Temp/msohtml1/01/clip_image003.jpg» v:shapes="_x0000_i1025">Несіпкүл Өтебаева,

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152263

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар