«Ел қорғаны – тәуелсіз ел ұландары»

13 ақпан 2015 - Жадыра Аққалиева
«Ел қорғаны – тәуелсіз ел ұландары»

«Ел қорғаны – тәуелсіз ел ұландары» оқушыларды ұйымға қабылдау

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынының сценарийі
Өтетін орны: Қаратөбе ауданы, Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп — балабақшасыАКТ залы (АКТ залы ҚР мемлекеттік рәміздерімен безендіріледі. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының таңбасы баннерге бейнеленіп, ілінеді).
Шақырылатын қонақтар: Ардагер ұстаздар, ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі.

Жауапты: тәлімгер Аққалиева Жадыра Ақылбекқызы

Жүргізушілер: Қыдырбайқызы Айләззат және Ниязбекқызы Алтынгүл
І- жүргізуші:
-Қайырлы күн қонақтар, оқушылар және ұстаздар! Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына ұлдар мен қыздарды қабылдау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
ІІ- жүргізуші:
-Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған, сондай-ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін
«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
І- жүргізуші:-Қазақстан күннен-күнге өркендеп, гүлденуде. Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін ұстаздар және оқушылар Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімінде куә болып отыр.
ІІ -жүргізуші:
-Түсініп терең, өмірдің мәнін,
Жалынды жастар, сендерсің сәнім
Беретін бойға күш-қуат, жігер
Шырқалсын шаттық әнұран әнім!
І- жүргізуші:-Оқушылар түзеліңдер, тік тұрыңдар! ҚР Әнұраны ойналсын!
ІІ жүргізуші:
-Қазақстан Республикасының туыенгізілсін!
І-жүргізуші:-Ендеше, Тәуелсіздік күніне арнайы орайластырылған оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау рәсіміне көше отыра, алдымен ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

ІІ-жүргізуші:
«Жасұлан» ұйымының әрбір мүшесі:
І — жүргізуші:
Қоғамдық өмірде, тұрмыста, қазақ ұлттық болмыста, халықтық келбетпен қалыпты сақтай отырып, ата-анасын шынайы сыйлап, олардың өнегелі қасиеттерін бойға сіңіріп, өсиеттерін орындауды перзенттік парыз деп түсінеді. Туған елін шексіз сүйеді.
ІІ- жүргізуші:Қазақстан Республикасының туының түсіндей галстук тағу керек және Республикамыздың мемлекеттік нышандарын құрметтеп, мемлекеттік әнұранды жатқа айту керек.
І — жүргізуші: Шет елдердің мемлекеттік нышандары, адамдардың немесе басқа да суреттер салынған, атаулар жазылған, киімдерді киюмен, заттарды пайдаланумен әуестенбейді.
ІІ — жүргізуші:
Өзін тұрмыста, қоғамдық өмірде сыпайы, қарапайым мінезде ұстайды.
І — жүргізуші:
Қазақ тілін еркін меңгеріп елдің тарихын, мәдениетін, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін жақсы білу, дамыта түсу сақтау үшін ынталы еңбектенетін болады.
ІІ -жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанына адал.
Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының адал азаматтары.
І- жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — Отанының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші
ІІ — жүргізуші:
Жасұлан ұйымының мүшесі — батырларымыздың атын құрметтеп, оның мәңгі қорғаушысы болуға дайындалады.
І — жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — оқуда, еңбекте және спортта өжет те қайсар.
ІІ- жүргізуші: Жасұлан ұйымының мүшесі — шыншыл, адал жолдас, әрқашан да шыншылдық үшін күресуге дайын болуы керек.
І- жүргізуші:
-Білімді –көкіректе нұр деп түсін
Жігерлі, жалынды отты жыр деп түсін.
Аталған мақсат, талап, ережені,
Орындауға бәріңде міндеттісің!
ІІ- жүргізуші:
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері — әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
І- жүргізуші:
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:
1. ҚР патриоты болуға;
2. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
3. Отанымызды мақтаныш етуге;
4. Ата-ананы қадірлеуге;
5. Білімге ұмтылуға;
6. Салауатты өмір салтын ұстануға;
7. Табиғатты аялауға;
8. «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымнан талап етуге;
9. Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етесіңдер ме?

Оқушылар: Ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
ІІ — жүргізуші: Оқушылардың Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайындықтары туралы Ұланбасы рапорт тапсыруға дайындал
Рапорт мәтіні: Тәлімгер Аққалиева Жадыра Ақылбекқызы оқушылар бүгінгі Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынына дайын. Рапорт тапсырушы ұланбасы Бақтыбаев Елдос Нұрболатұлы.

І- жүргізуші:
«Біз ...»
Оқушылар: «Жас Ұлан»
ІІ- жүргізуші:- ұранымыз
Оқушылар: «Қазақстан – Нұрсұлтан – Жас Ұлан» — 3 рет.
(«Жас Ұлан» әнұраны ойналады).
І- жүргізуші:-Қабылдауға жас ұландар және жас қырандар дайын.
ІІ -жүргізуші:-Егеменді еліміздің тірегі
Мектептің болашағы жігері
Достықпен татулық тілегі

«Жас Ұлан» ұйымының біз түлегі
І- жүргізуші:-Құрметті қонақтар және оқушылар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
(галстук пен төсбелгі тағу рәсімінде жүргізуші оқушылар туралы айтып тұрады)

-Оқу озаты Ізімберген Жанерке, қоғамдық жұмыс белсендісі Серік Гүлсезім, аудандық «Айгөлек» байқауының жүлдегері Мақсотқызы Гүлжайна, оқу озаты Жанболатқызы Арай.

І- жүргізуші:- оқу екпінділері Серік Арман, Тілектес Мирас, Алдоңғаров Мирлан

ІІ- жүргізуші:

-оқу үздігі Жақсығалиқызы Айкөркем, мектеп мақтанышы Бекенова Асылай, «Гүлдәурен» бишілер тобының бишісі Еділова Меруерт, оқу екпіндісі Ермұханбетов Еркінбек

І- жүргізуші:

-спортты жанына серік еткен Жеңісов Әлішер.

ІІ- жүргізуші:

-Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант тапсыру рәсімін «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
( «Жас Ұланның» 1 мүшесі ант береді, қалғандары «Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз» деп 3 рет қайталайды)

— Құттықтау сөз мектеп-балабақша директоры Айтқалиева Айгүл Мәлікқызына және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кенжеғалиева Ақзия Мақсотқызына беріледі. Ардагер ұстаздарымызға құттықтау сөз кезегін береміз.

Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз. ҚР туы шығарылсын.
І -жүргізуші:-Ризамын деп осындай жастық шаққа,
Не жетер «Жас Ұлан» деген лайық атқа.
Келеміз егеменді ел төріне өрлеп,
Ашылып алдымыздан алтын қақпа.

-Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өз мәресіне жетті, салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141992

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар