"Жас Ұлан" балалар ұйымы үгіт-топтарының сценарийлері

19 қаңтар 2015 - Айболат Тоғайұлы
"Жас Ұлан" балалар ұйымы үгіт-топтарының сценарийлері

«Жас Ұландар» құттықтауы

Оқушы: Қайырлы күн қымбатты ұстаздар!

Оқушы:Добрый день, дорогие учителя!

Оқушы: Сіздердің алдарыңызда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының жас көшбасшылары!

Біз «Жас Ұлан» - болашақтың жастары, (бірге)

Біз «Жас Ұлан» — ашық әркез аспаны.

Біз «Жас Ұлан» - еліміздің ұланы,

Біз «Жас Ұлан» — болашақтың бастауы.

Оқушы:

Есть в центре материка,

Одна огромная страна,

И в ней живут не просто дети,

А Жас Улановские дети! (бірге)

Оқушы:

В один прекрасный летний день, а точнее шестого июля 2011 года, на радость всем детям страны, была создана единая детско-юношеская организация «Жас Улан»! Мы ждали этого так долго, и мы дождались!

Оқушы:

2011 жылы 3 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай «Жас Ұлан» ұйымына 1000 оқушы қабылданды.

Оқушы:

В 2014 году с 26-го по 30 апреля по Западно-Казахстанской области в ряды детской организации «Жас Улан» вступили более 40 000 детей! И нас объеденяет одно – стремление в яркое будущее!

Оқушы:

Міне, жаңа оқу жылында біздің қатарымыз сіздердей білікті ұстаздардың қолдауымен жаңа «Жас Ұлан» мен толыға түспек.

Оқушы:

Дорогие наши учителя!

С наступающим праздником поздравляем!

Крепкого здоровья, счастья вам желаем,

Пусть весь год пройдёт в хорошем настроении!
Терпения, успехов и везения!

Оқушы:

Бүгінгі секция жұмысына

Біз тілейміз сәттілік

Жаңалықпен жаңа күшті

Жіберсін ойлар арттырып

Жүргізуші:

Бізді қолдайтын ұстаздарымыз барда!

Алға бастайтын тәлімгерлеріміз барда!

Бағыт беретін мектебіміз барда!

«Жас Ұлан» қанатын жаяды! (бірге)

Жаңа оқу жылы кұтты болсын!!!!!!!!!! (бірге)

«Жас Ұлан» әнін хормен айтады

Шақырады достыққа бізді «Жас Ұлан»

(«Сарбаздар» әнімен марштық жүріспен ортаға шығады).

1. Білім менен өнерге қатар жүгірген,

Бал-бұл жанған жүзіме елім сүйсінген,

Үн қосшы, Жас Ұлан, достыққа арналады бұл ән!

Ай-хай, Жас Ұланым-ай, Жас Қыраным-ай!

Ел ертеңі біз деп үміт артады-ай!

2. Жалындаған жігерлі Жас Ұланбыз біз,

Көк аспанда еркін самғар Жас қыраны біз.

Достыққа, білімге Жас Ұлан шақырады бірге!

Ай-хай, Жас Ұланым-ай, Жас Қыраным-ай!

Ел ертеңі біз деп үміт артады-ай! (1 мин. 17 сек.)

ҰЛАНБАСЫ: Ұйымның аты – «Жас Ұлан»!

ҰЛАНБАСЫ: Ұйымның ұраны:

Жас Ұланбыз – тәуелсіз ел қыраны,

Патриотпыз! Білім, бірлік – ұраны.

Жас Қыранға үлгі болар әрқашан,

Біз – Жайықтың болашақ ел ұланы!

1-жүргізуші: — Армандаған!

2-жүргізуші: — Білім қуған!

3-жүргізуші: — Достықпенен

4-жүргізуші: — Жалындаған!

5-жүргізуші: — Ғылым іздеп,

6-жүргізуші: — Алға ұмтылған

Бәрі бірге: — Сәлем саған, Жас Ұлан!

1-жүргізуші: — Бүгінгі мерекеде өз өнерімізді,

2-жүргізуші: — Білімімізді,

3-жүргізуші: — Ізгі істерімізді тамашалап, жеткізіңдер

Бәрі бірге: — Жас досқа!

1-жүргізуші: — Қайырлы таң, ұстаздар!

2-жүргізуші: — Армысыз, білімді ұрпақ!

3-жүргізуші: — Сәлем, Жас Ұлан!

4-жүргізуші: — Мереке құтты болсын!

5-жүргізуші: — Қандай мереке?

1-жүргізуші: — Сен білмеуші ме едің? Бұл күн – ерекше күн! Ынтымағы жарасқан Жайық елінің жағасында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұймының «Жайық ұландары — болашақ қырандары» облыстық слеті өткелі жатыр.

2-жүргізуші: — Ал, олай болса, не тұрыс? Жайқалған Жайық жағасында жастық жігерлері жалындаған жастарға,

3-жүргізуші: - Тәлімгер-ұстаздарымызға,

4-жүргізуші: - Жас Ұландықтарға

Бәрі бірге: - МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН демекпіз!

1-жүргізуші:

Ал, достарым, сөзімді құлақ сала тыңдаңдар!

Алдарыңда ел ертеңі – болашақ Жас Ұландар!

2-жүргізуші:

Бал-бұл жанған гүл шағыңда, біз Отанның Ұланымыз!

Тәуелсіз ел ертеңіміз, білім, бірлік – ұранымыз!

3-жүргізуші:

Намыс туын биік ұстар қазағымның ұланы,

Шырқа мәңгі ынтымақ пен білімділік жыр-әні.

Асқақтасын әрқашанда «Жас Ұланның» ақ туы,

Биіктерде шарлай берсін көк аспанда қыраны!

4-жүргізуші:

Мен – Жас Ұланмын!

Болашаққа сәлемін жолдайтұғын,

Қырандай қос қанатын қомдайтұғын.

Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,

Тұғырын саф алтыннан сомдайтұғын!

3-жүргізуші:

Мен – Жас Ұланмын!

Бабалардың намысымын,

Байтақ елдің білім мен табысымын,

2030 мәресін әйгілейтін –

Азияның айбарлы барысымын.

1-жүргізуші:

Жанымыз қаламайды аласаны,

Жас Ұлан алда талай бел асады.

Әлемге туған елді танытатын,

Біз, Жас Ұлан – Қазақстан болашағы!

6-жүргізуші:

Құрметті жас достар!

Бәрі бірге: — Біз Жас Ұландықтармыз!

1-жүргізуші: — Еліміздегі барлық балалар мен жасөспірімдерді бір тудың астына біріктіру мақсатында құрылған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының құрылғанына екі жылға жуық уақыт өтседе, өз биігіңе жетуге ұмтылуда. Біз өз достарымызды ұйымымыздың қатарын толықтыруға шақырамыз. Келешектің кемел кілтін, жарқын болашақтың туың нық ұстау

Бәрі бірге: (қолдарын көтеріп) біздің қолымызда!

Ж – ЖАСТЫҚ ЖІГЕРІ ЖАЛЫНДАҒАН

А – АЙБЫНДЫ АРМАНДАРЫ АСҚАҚТАП

С – САЛАУАТТЫЛЫҚТЫ САНАЛАРЫНА СЕРІК ЕТІП, САМҰРЫҚТАЙ САМҒАҒАН

Ұ – ҰЛАРДАЙ ҰЗАҚҚА ҰШУҒА ҰМТЫЛЫП,

Л – ЛАҒЫЛДАЙ ЛАПЫЛДАП ЛАУЛАҒАН

А – АР МЕНЕН АБЫРОЙДЫ АДАЛ АҚТАП

Н – НАМЫСТЫ, НАР МІНЕЗ НАҒЫЗ –

ЖАС ҰЛАНДАРМЫЗ БІЗ!

(дөңгелек пішінде әр қайсысының қолында әріптер болады)

(«Сарбаздар» әнімен марштық жүріспен ортадан кетеді).

Орал қаласы

№ 40 орта жалпы білім беретін мектебінің іс-тәжірибесінен

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәлімгерлерге«Жас Ұлан» - үлгілі ұйым мектептегі

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152250

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар