«Жас Ұлан» - үлгілі ұйым мектептегі

19 қаңтар 2015 - Айболат Тоғайұлы
«Жас Ұлан» - үлгілі ұйым мектептегі

«Жас Ұлан» — үлгілі ұйым мектептегі

I. «Лондон» әнінің әуенімен ортаға билеп шығады.

II. І оқушы мен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғаныма мақтанамын.

ІІ оқушы: мен «Жас Ұлан» ұйымына қабылданғаныма қуаныштымын.

— «Жас Ұлан» — жайдарлы ұйым!

— «Жас Ұлан» — жалынды ұйым!

— «Жас Ұлан» — жігерлі ұйым!

— «Жас Ұлан» — айбарлы ұйым!

Барлығы бірге: Бізді «Жас Ұлан» — деп атайды!

III. Ән «Жақсыбайлық Жас Ұлан», «Орал» әнінің әуеніне салып айтады.

Көтеріп көңілді жастардың әнімен биле

Би биле ән айтып қосылып бәрімен бірге

Әдемі қыздардың мекені Жақсыбайда

Болаттай қайратты жігіттер Жақсыбайда

Сенбесең

Келіп қайт көріп қайт ауылға

DJ қос барыңа билейік тағыда

Қайырмасы:

Біз Жас Ұлан қырандаймыз

Жас Ұлан боп жалындаймыз

Үлгі тұтып ұстаздарды

Біздер мәңгі жасымаймыз.

Күн батып атқанша аяғың талғанша биле

Біз Жас Ұлан ұлдары батыс өңірі сіздермен

Қосыл қатарға Жас Ұланы ұлы бол мойыма

Біз Жас Ұлан ұлдары қош келдің ортаға

Қайырмасы:

Биіктерге самғаған, достыққа қол ұсынған

Қанаттары талмаған, қатардан еш қалмаған

Үздіктен үлгі алған, мекені Жақсыбайдан

Бірлік туын сақтаған, сахнада Жас Ұлан!

ІV. Өлең оқылады: «Жас Ұлан» — мектептегі үлгілі ұйым

«Жас Ұлан» — үлгілі ұйым мектептегі

Болашаққа жастарды жетелейді

Өнегелі қасиетті бойға жиып

Туған елін құрметтеуді үйретеді

Галстугі түсіндей туымыздың

Әнұранды жатқа айтар ұл-қыздың

Жас ұландай ұйымда болғанымды

Мақтанышпен әрдайым айта аламын.

V. Ән «Жас Ұлан», «Мерекем» әнінің әуеніне салынып айтылады

Жас Ұлан кепілі бірліктің

Жас Ұлан нышаны тірліктің

Жас Ұлан достықтың жиыны

Болашақ ұйымы о – о – оу

Жарыс дарыны, жүлде лайығы

Оралдың әсем жайығы

Қанат талмайтын биік самғайтын

Болашақ оның алдағы

Үлкен белесің, шалқып жүресің

Басқаны ойлар арманы

Біліммен талпына, күндей жарқыра

Келешек жетер даңқыңа

Қайырмасы:

Жас Ұлан кепілі бірліктің

Жас Ұлан нышаны тірліктің

Жас Ұлан достықтың жиыны

Болашақ ұйымы о – о – оу

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәлімгерлерге"Жас Ұлан" балалар ұйымы үгіт-топтарының сценарийлері

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151046

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар