Құзіреттілік

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Құзіреттілікті дамыта отырып қосымша білім беру

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияда “Құзіреттілікті дамыта отырып қосымша білім беру” тақырыбы бойынша қалалық семинар өтті.Аталған тақырып бойынша қалалық семинардың бағдарламасы бойынша факультатив, үйірмелерден ашық сабақтар көрсетілді.“Жаңа діни қозғалыстары туралы түсінік” тақырыбында дінтанудан А.Б.Омарова, “Геометрическая резьба по дереву” тақырыбында технологиядан Ю.В.Костин, “Туады ерлер – ел үшін”тақырыбында қазақ әдебиетінен А.В.Алтынбекова,”Особо охраняемые территории Казахстана” тақырыбында географиядан Н.Р.Шимпулатова, “Ғылым таппай мақтанба” тақырыбында Абайтанудан Е.Ж.Исахов, “Сындарлы оқыту теориясының қосымша білім беру процесіндегі тиімділігі” тақырыбында биологиядан А.С.Бижанова, “Акмеология пәнінің енгізілуінің маңыздылығы” тақырыбында акмеологиядан А.А.Кулетова, “Алюминий және оның қосылыстары” тақырыбында химиядан А.Е.Арыстанбековалар оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау арқылы сабақтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізіне сүйене отырып іс-тәжірибелерін көрсете білді. Осы семинарға жауапты орынбасар З.А.Сыздыкова “Жастар шығармашылығы”көрмесін саралап шеберлікпен дарынды оқушылардың еңбегін көрсете білді.Жоғарыда атап өткен мұғалімдеріміз шығармашылық әрекет, проблеманы көре алу, болжай білу, жаңашылдықты ендіру, өз жұмысының бағдарламасын жасап, рефлекциялай алуы, шығармашылық ойды іске асыру үшін идеяларды тудыра алуы сияқты қабілеттерді сабақ барысында тірек етіп алды.Дәл осындай сабақтар оқушылар мен мұғалімнің ақыл-ойын, парасатын,қиялы мен эрудициясын, интуициясы мен импровизациясын іске қосады. А.Е.Арыстанбекованың 9”А” сыныбында химиядан өткізген сабағында жаңаша ойлау мен жаңа педагогикалық шығармашылықта жүзеге асатын интеллектуалдық құрылымның қалыптасқаны көрініс тапты.Осы сабаққа қонақ ретінде қатысқан Н.Төреқұлов атындағы №8 жалпы орта мектептің мұғалімі Сайёра Маткасимова: “А.Арыстанбекованың химия пәнінен берген қосымша сабағы менің көңлімнен шықты. Мұғалім өзін еркін ұстайды.Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуы жан-жақты ізденімпаздықтарымен тақырыпты кең тұрғыда аша білуі маған ұнады. Сабақ барысында мұғалім түрлі әдістерді тиімді қолданып, зертханалық жұмысты да ұтымды көрсете білді” деп, пікірін ашық білдірді. Семинар соңында қатысушылар әрбір өткізілген сабақты жан-жақты талқылады. Қалалық білім бөлімінің әдіскері М.Абдужаппарова ауқымды іс-шараның жоғары деңгейде өткізілгендігін сөзбен тұжырымдады. Қалалық семинарға қатысушылар да өз ой-пікірлерін айтып осы іс-шараға оң бағаларын берді.

Әрдайым ұстаздарға бағыт-бағдар сілтеп, істің көзін тауып жүрген Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның директоры Ж.А.Орынбаева, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары З.А.Сыздыкова, Г.А.Михайлина, Г.М.Мұратова, Г.Т.Халилова, Ә.Ж.Сайдуллаевалар қалалық семинардың мемлекеттік стандартқа сай өткізілуіне өз ықпалдарын жасады.

Әлемдік білім кеңістігіне ену үшін: -білім мазмұнының тұлғаға бағытталуы;-білімді ізгілендіру және гуманитаризациялау; -әдіснамалық құраманың іргелілігін қамтамасыз ету; -оқу жүктемесінің көлемін оңтайландыру;- оқушылардың денсаулығын сақтаудағы басымдылықтары – 12 жылдық мектепке өтудің негізгі мақсаттары болып саналады. Осы тұрғыда жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсінетін жүрегі жаңалық деп соғып тұратын кәсіби дағдылары дамыған – педагогикалық дарын иесі болуға тиіс.Жоғарыда аталған “Құзіреттілікті дамыта отырып қосымша білім беру” тақырыбындағы қалалық семинардың түйіні осы аталған мақсаттарды аңғартады.

“Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз”деп, Бауыржан Момышұлы айтқандай, қалалық семинарға ат салысқан ұстаздарымызға шығармашылықпен жүзеге асырған үлгілі сабақтары үшін алғыс айтамыз.

Несіпкүл Өтебаева

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152356

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар