Үлгілі семинар

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Үлгілі семинар

Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі А. Батырбекова мен Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның директоры Ж.А.Орынбаевалардың келісіп, бекітілуімен жасақталған бағдарлама бойынша бастауыш сыныптар аралығында қалалық семинар өткізілді.Қалалық білім бөлімінің бастауыш сыныптар бойынша әдіскері Динара Есенғараева мен Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.О.Божбанбаеваның ұйымдастыруымен ғылымдардың патшасы – математика пәнінен заманауи технологияның ілкімділігімен үлгілі ашық сабақтар көрсетілді. Қалалық, аудандық мектептен келген білім саласының қызметкерлері ашық сабақтарға қатысты.Жалпы математика сабақтарының өн бойынан математикалық өлең-есептер, математикалық жұмбақтар,қалжың есептер, математикалық ойындар, тапқырлықты талап ететін логикалық есептер, математикалық ребус шешу, математикалық викториналар, математикалық жаңылтпаштар т.б. көрініс тапты. “Есептер шығару”тақырыбында А.Т.Ибрагимова, “Сложение и вычитания числа9” тақырыбында А.Д.Неметова, “Интеллектуалдық ойын –Білгірлер отауы” тақырыбында Ж.Е.Баймен,”Ұзындық өлшем бірлігі километр” тақырыбында А.Т.Бейсекова,”Измерение длины.Километр”тақырыбында Т.Ю.Прима, “Үш амалмен шығаратын қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарына берілген есептер”тақырыбында Қ.Т.Серікбаева, “Зов джунглей”тақырыбында Т.Л.Попова, “Көп таңбалы сандарды көбейту және бөлу тәсілдерін пысықтау”тақырыбында Қ.Қ.Ережепова,”Игра соревнавание-Математика в природе” тақырыбындаР.М.Мукашева,”Марафон знаний:- Математика –царица всех наук”тақырыбында Н.М.Смирнова, З.Т.Турсунбаева, А.Н.Сырлыбаевалар, коучинг “Новые подходы в преподавании предмета математики” тақырыбында Г.А.Батыровалар шығармашылық шеберліктерін ортаға салды.Нағыз шеберлік шеберхананың ұстасы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Т.Халилова болса Астана қаласында 9ай бойы оқыған-тоқығанын көрсету мақсатында “Оқушылардың жетістіктерін бағалау” (коучинг) тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырды.Ол Сабақ барысында ізгілендіру жолында ұстанымы –білім көтеру жұмысының тыңдаушылардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына сәйкес түзіп, білім алу барысындағы дәріскер мен тыңдаушы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру керектігін тәптіштеп түсіндірді.Жалпы жоғарыда аталған іс-шараның өткізілуіне бастауыш сынып мұғалімдері Н.Қалтаева, Г.Саванкова, А.Курбаналиева, Д.Убайдуллаева, С.Даулетпақовалар да өзіндік қолтаңбаларымен үлестерін қосты. Қорытынды бөлімде сөз алған қалалық білім бөлімінің әдіскері Д.Есенғараева семинарға қатысушылардың талқылау-сараптамасын ескере отырып үлгі боларлықтай іс-шараның жоғары деңгейде өткізілгенін айтып өтті. “Адамға тіл,құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектепте үйренетін білімдер де сондай керектігін” А.Байтұрсынұлы айтқандай, білімнің негізі бастауышта қаланатынын әрдайым жадымызда сақтайық.

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Осыған ұқсас жазбалар:

ОқушыларғаМақал мәтелдер, (еңбекқорлық, шеберлік туралы)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141903

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар