Өнерліге өріс кең

6 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Өнерліге өріс кең

Өзінің ана тілін, өткен тарихын салт дәстүрін, әдет-ғұрпын білмейтін халықты өсіп өркендеген, гүлденген халық деуге болмайды.Халықтың өзіндік қасиеті, тілі, мәдениеті,өнері, тарихы болуы заңдылық. «Отан отбасынан басталады» дегендей, өскелең ұрпақты озық үлгідегі халық дәстүрінде тәрбиелеп жүрген отбасылар біздің рухани астанамыз –Түркістан қаласында баршылық. Солардың бірі –Түркістан қалалық соттың судьясы қызметін атқаратын – Сәкен Бәкірұлы Абсаматовтың отбасы.Тамырын тереңге жайған бәйтеректей отағасы іс сапармен барып келген жерінен ылғи балаларына қажетті әдеби,ғылыми кітап алуды әдетке айналдырған. Ең үлкен сыйлық «кітап сыйлау» деп, таниды.Осы бойына біткен ізгілік қасиеті арқылы оның кім екенін адамгершілік тұрғысында бағамдауымызға болады. Жары Ольга Суханбердықызы Аллашова Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияда орыс тілі пәнінен сабақ береді.Ол да білікті маман және балаларының аяулы анасы.Осы отбасында құдайдың берген ұл-қыздары өсіп келеді.Осы аталған мектеп-гимназияда – Айгерім 11сыныпта, Айман мен Шолпан 9сыныпта, Назым 7сыныпта, Байкен 4сыныпта оқиды.Әрқайсысының орны бір төбе. «Отбасына қарап бала өседі,қарағайға қарап тал өседі»дегендей, Сәкен Бәкірұлы Абсаматовтың отбасында атадан балаға жалғасып келе жатқан сезімталдық, талғампаздық қабілеттері қалыптасып, әсемдікті, мейірімділікті, мәдениеттілікті, өнерді бойларына жұқтырып, тектіліктерін шыңдай түседі. Қай ата-ана өзбаласын жаман болсын деп тәрбиелейді.Кез келген ата-ана өз баласын өнер-білімге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеп келешегінен мол үміт күтеді. Балаңа ақыл айтар,үлгі өнеге көрсетер ісің болуы тиіс.

,

Айтайын дегенім, Айман мен Шолпанның өнерге деген құштарлық сезімдері. Екеуі –егіз. Менің егіз қозы(оларды осылай атаймын) шәкірттерім. Екеуі де сабақты жақсы оқиды, зерек, ұғымтал, шыншыл, белсенді, өнерлі.Бос уақыттары жоқ. Сабақтан тыс уақытта олар өздері таңдаған аспаптарын жетілдіру үшін музыкамен айналысады.Саз -өнер мектебінде Шолпан қобыз класында, ал Айман флейта класында оқиды. Шолпан қолөнерімен де шұғылданады.Шолпан өзінің қобыз тарту мақамымен деректі фильмге де түскен болатын. Айман бейнелеу өнерінен де құралақан емес.Жеке өмірлік әлемдері әрқырлы жандар өздерін өмірге осылай бейімдейді екен.Жақында ғана Бәкір Айман (мұғалімі- А.Үргенгішбаева) Шымкент қаласында өткізілген «Жас музыканттардың 48-ші облыстық байқауында» блог-флейта класы бойынша жоғары топтағы жүлделі І орынға ие болып, Оңтүстік Қазақстан білім басқармасының басшысы А.Елшиеваның қолтаңбасы қойылған, мөрі басылған дипломды қанжығасына байлап келді.Сондай-ақ, Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ресбубликалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Жас музыканттардың 48-ші Республикалық фестиваль-конкурсына қатысып, лауреат атанып, тиесілі сертификатын алып келді. «Зейіні бар балаға өнер өзі қонады»дегендей, білім-өнер қонған шәкірттеріме,«талаптарыңа нұр жауып биік шыңнан көрініңдер!» деп, тілек айтамын.

.

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083425

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар