8"А"жігіттері

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

8«А» сынып жігіттері

Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Сонда толық боласың елден ерек, — деп, Абай айтқандай,әр бала өз жүрегінің қалауымен ұстазды қабылдауы,әрбір оқушыда жеке басының мәдениеттілігі, сабырлы, салмақтылық жеке қарым-қатынас кезінде инабаттылық, әдептілік, мейірімділік қасиеттері болу керек.

Осындай мақсатты негізге ала отырып, ұстаздың бойындағы жақсы қасиеттердің оқушыға берілуі, кез келген пәнді оқытудағы ұйымдастырушылық қабілетімен тығыз байланысты.Рухтың мекені – адамның жүрегі.Жүректің жылуы, махаббат ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдердің барлығы да осы рухтан туындайды.

Мұғалімдердің мақсаты: оқушылардың бойындағы асыл қасиеттерді дәріптеп, болашаққа кең даңғыл жол ашу болып табылады.Мұғалімнің міндеті – оқушыға оның бойында жатқан мүмкіндікті ашып көрсету. Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Жеткен жетістік – шығармашылықтың нәтижесі.

Осы айтылғандардың негізінде Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның 8 «А» сынып ұлдарын атап өтуге болады. «Өнерлі бала көрікті»дегендей, балалар өнерді біліммен қатар сүйреп келеді.Олай дейтініміз – олар үнемі қалалық сайыстарға қатысып жүрген жандар.Атап айтсақ, Ибрагим Тазабек,Өмірзақ Нұрсұлтан, Мұсабек Талғат, Тойлыбек Арман, Әлім Тұрғанбек сынды оқушылар.Оларға қолдау көрсетіп көмектесіп жүрген Аққұл Абылай, Дауленбай Бақдаулет, Жанай Асанхан, Әубәкір Жасұлан, Абдыхан Бағдаулет, Көбей Нұрдаулет сынды сыныптастары. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, олар үнемі «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарып жүреді. Олар ұйымшыл, бір-бірімен қарым-қатынас жасауда шындықты, адамгершілікті, сыпайылықты,әділдікті бір-бірінен талап етеді. Олардың әрқайсысының мектептен тыс айналысатын істері бар. 8«А» сынып жігіттері саз мектебінде, спорт мектебінде жүріп жетістіктерге жетіп жүр.Мысалы, Көбей Нұрдаулет Бокстан І-ші Республикалық турнирде І- орын, Түркістан қаласының ашық біріншілігінде арналған турнирде Әубәкір Жасұлан І-орын, Тойлыбек Арман ІІ-орын, Мұсабек Талғат ІІІ-орын, Жетпісбай Бердібек І-орын иемденген болатын. Ибрагим Тазабек, Әлім Тұрғанбек,Өмірзақ Нұрсұлтан, Дауленбай Бақдаулет, Шамет Аюпбек, Жұман Әлиасқарлар «Футбол» секциясына қатысып жүрген болатын.Олар Шымкент қаласына барып өнегелі ойын да көрсеткен болатын. 8«А» сынып жігіттері әрдайым мектепішілік эстафеталық ойындардан І-орын алудан танған емес.Олар Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның өміріне белсенділікпен қатысып,өздерін жақсы қырынан танытып жүр.

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мектеп ережесін құрметтейік, зиянды әдеттен аулақ болайық» тақырыбындағы көңілді тапқырлар сайысына қатысып 8«А» сынып жігіттері ең жасы кіші құрама ретінде назарға ілініп дипломмен марапатталды.Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Ұ. Мұстафаеваның ұйымдастыруымен «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»атты қалалық байқаудан 8«А» сынып жігіттері тапқырлықтарымен, шешендіктерімен, дәлдіктерімен, сөзді нысанаға дөп тигізе білетіндіктерімен айқындалып ІІІ орын алды.

8«А» сынып жігіттерін осындай сайыс пен жарыстарға дайындап жүрген директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г.Наурызбаева мен С.Жорықбаева. Ал, оларға қамқорлық көрсеткен ,әрине, ол- мектеп-гимназия басшысы Ж.Орынбаева.

Әлемнің негізгі тұрақтысы – адам. Адамның ақыл-ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, дұрыс өсіп-өркендей алады. Қажетті дағдылар мен мінез-құлық адамды бақытқа кенелтеді.

«Балам» -дейтін жұрты болмаса «жұртым» -дейтін бала қайдан болсын деп, Ахмет Байтұрсынов тегін айтпаса керек.Бұл әрбір ұстазға айтылған өсиет сөз тәріздес.Сондықтан да әр уақытта балаларға деген ықыласымызды, мейірімімізді аямау әрбір ұстаздың міндеті.

8«А» сынып жігіттерін жемісті жеңістерімен құттықтаймыз. Ұстазы ретінде, шәкірттеріме, «Тек қана алға!» деп, айтқым келеді.

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9мектеп – гимназияның

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068852

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru