Мектептің жылдық есебі

2 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Бір мектептен:4«Алтынбелгі», 1 «үздік»

«Оқу инемен құдық қазғандай» дегендей, өткен оқу жылы Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия үшін есте қаларлықтай толағай табыспен аяқталды.Таратып айтатын болсақ: Түркістан қалалық білім бөлімінің сараптауымен «Алтын белгі» иегерлерінің саны бойынша осы аталған мектеп-гимназия І орын алды.Яғни қала мектептері бойынша «үздік» үштікке енді. У.Исмаилова, Ж.Уразбаева, Ш.Каримова, А.Сейдалы сынды бітіруші түлектеріміз өз білімдерін дәлелдеп, «Алтын белгіні» иемденіп, биік шыңнан көрінді.Ал, «Үздік» атағын Д.Ибадуллаев деген оқушымыз иеленді. Жалпы ҰБТ-ға 60 оқушы қатысқан болатын. Есеп бойынша орта балл – 76,9., Пәндер бойынша орта балл – ана тілі пәнінен -17,7., математика пәнінен -12,45., химия пәнінен-24,0., ағылшын тілі пәнінен – 20,33. және 24,0.

«Қазақстандықтар жоғары білімді ұлт болуы керек» деп президентіміз- Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің болашағы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде мұғалімдеріміз шығармашылықпен жұмыс атқаруда.

«Ұстаз ұлы ұғым» десек, осы бір ізгілікті атқа лайық жандар арамызда баршылық.ҰБТ-дан оқушылары жоғары көрсеткіштерге жеткен пән мұғалімдері: А.Беристемова(қазақ тілі), А.Меңдібаева (математика), Ә.Құрлысбаев(химия), Р.Мухашева, Н.Ибадуллаева (ағылшын тілі) болды. Мұғалімдерге дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, білім жүйесін жаңғырту мақсатында мектеп директоры Жаңыл Орынбаева және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Г.А: Михайлина мен Гүлжан Мұратовалар бүгінде тынымсыз еңбек етуде. Олар өткен оқу жылының қорытындысы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуде оқушылардың жоғары білім сапасын көрсетіп, дарындылық қабілетімен ерекшеленгендері үшін облыстық білім басқармасының және Түркістан қала әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталып, бағалы сый-кәдеге ие болды.

«Жас келсе – іске» дегендей, мектеп директорының орынбасары Гүлжан Мұратова жас та болса, педагогикалық ақиқат пен жүйелілікпен, оқытудың жаңа технологияларын меңгеріп, білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, сараптап, кәсіби әрекетке өзіндік баға беріп, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолданып жүр.Осының айғағы – «Жаңа форматтағы біліктілік арттыру курстарының міндеттері»атты баяндамасы қалалық білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде мектеп директорлары мен мектеп директоры орынбасарларының және қалалық білім бөлімінің әдіскерлері тарапынан жоғары бағаға ие болды.Баяндаманың құрылымы мынадай бөліктерден тұрды. Модульдер:

1)Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2)Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3)Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4)Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5)Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6)Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7)Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Осы аталған еңбектің негізінде мектепте «Білім берудегі Кембридж тәсілдері» тақырыбында мұғалімдерге семинар өткізілді.

«Ата баласының, Ат меңіндей белгісі болады»дегендей, Гүлжан Мұратованың нағашы атасы – Иманқұл Ыбыраев елге танымал қасиетті тұлға болған. Өткен шақта айтатын болсақ: Иманқұл Ыбыраев ағарту саласы бойынша «Балтакөл» мектеп-интернатының негізін қалаған және Түркістан ауданық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған.Бүгінде осы аталған тұлғаның атында қаламызда көше бар.

Жалындаған жастық шақта адам бойында асқақ арман мен сол арманның орындалуы үшін алға жетелейтін бұла күш, таудай талап жетерлік болады. Осы тұрғыда

«Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді;
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді» дегендей, асылдың тұяғы – Гүлжан Мұратоваға бұла күшіңізді тек ізгілікке, білімге, парасатпен жұмсаңыз дегім келеді.

Несіпкүл Өтебаева,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1068799

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru