Елбасының «Өркен» білім беру грантын иеленген оқушы

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Елбасының «Өркен» білім беру грантын иеленген оқушы

Адам өмірінің алтын бесігі – мектептің есігін ашқан шәкіртім – Тазабектің білім ұясына қадам басқанынан бастап білімге деген құштарлығын байқайтынмын. 2005жылдың қыркүйегінде Ибрагим Тазабектің кіп-кішкене болып Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияның 1 «А»сыныбына қадам басқаны менің көз алдымда тұр. Ол өте алғыр, зерек, ынталы, белсенді, білімпаз, сабақты бір айтқанда ұғып алып көкейіне тоқитын. Тіпті, 1-сыныпта оқып жүргенінде дүниетану пәні бойынша «Төрт түлік» тақырыбымен ғылыми жоба жұмысын қорғап шығып сайыстан І орын алған болатын. Ол мектеп қабырғасында жүріп адам бойындағы адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір талабына сай заңдылықтарды пайдалана білуге төселді. Тазабек әдептілік, имандылық, инабаттылық, мейірімділік,қайырымдылық сияқты құндылықтарды бойына сіңірді.2010жылы Тазабек жазғы демалысында Алматы қаласындағы «Фазыл-Ғазы Топлы» қайырымдылық мекемесінде ақысыз діни білім алып,әралуан жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып «Мақтау грамотасын» алып оралған болатын. 1-ші сыныптан бастап Тазабек – сыныптың топ басшысы (староста). 8 «А» сыныбының ауызбірлікте болып, үнемі алдыңғы қатардан көрінуіне тікелей ықпал ететін Тазабек болатын. «Оқу – білім бұлағы, білім өмір шырағы» емес пе?! Ол үздік оқиды, қабілетті, дарынды, жауапты сыныптастарымен қарым-қатынаста беделі өте жоғары оқушы.

Оның жиған-тергені – тек қана білім. «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп М.Әуезов айтқандай, ол ІІ кезең бойынша өткізілген емтиханнан сүрінбей өтіп, Шымкент қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің- Елбасының «Өркен» білім беру грантын иеленді… «Ұстаздық еткен жалықпас,Үйретуден балаға»деп Абай атамыз айтқандай, білім мен тәрбие беру жолында математика пәнінің мұғалімі Алсеитова Индира мен тарих пәнінің мұғалімі Кенжеғұлова Гүлшаттың, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Омар Бағдагүл, орыс тілі пәнінің мұғалімі Аллашова Ольганың, сынып жетекшісі ,әрі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Утебаева Несіпкүлдердің (мақала авторы) еңбектерін ерекше атап өтуге әбден болады.Рухани-адамгершілік тағылымдарды әр ұстаз барлық сабақ кезеңдерінде негізге алып,өмірмен байланыстыра отырып өткізсе, көкірегі ояу, мінез-құлқы дұрыс, саналы адам тәрбиелеп шығаратындары сөзсіз-ау.Бұл тұрғыда Тазабектің анасы – Оразкүл мұғалімдерге өзінің шексіз ризашылығын білдірді.Ол сүт кенжесі Тазабектің

« Болашағына жол ашылды»деп, толғана тебіренді. Тіпті, көзіне жас алып, баласының осындай жетістікке жететіні жөнінде ойланбағанын тілге тиек етті.Осыдан біраз күн бұрын Тазабектің анасы – Оразкүл «бір қызық түс көргенін, оның үлкен іске айналғанын» таңғала айтып берді. Ол түсінде Елбасымыздың қабылдауында болғанын айтып өтті.Тылсым дүниенің көз жетпес көкжиектері мен тұңғиық тереңдігіне қайран қаласың! Кім біледі, бәлкім оның ұлы – Ибрагим Тазабек Әубәкірұлының үлкен азамат болып, халықтың адамы болып, ел тізгінін ұстайтын қоғам қайраткері болмасына кім кепіл?!

8 «А» сыныбының қыздары мен ұлдары 8жыл бойы топ басшы болған Тазабекке арналған арнайы тәрбие сағатын ұйымдастырды. Барлығы Тазабекті жетістігімен шын жүректен құттықтап, қимас сезіммен қоштасты.8 «А»сыныбы қыздарының «Біздің сынып» атты және Дауленбай Бақдаулеттің дайындаған «8 «А»-ның жігіттері» тақырыбындағы монтажды интерактивті тақтадан тамашалады. Шынында да «қоштасу» қандай ауыр десеңізші… Барлығы көздері жәудіреп көз жастарын жасыра алмады. Бұл, әрине, қуаныш пен қимастықтың көз жасы десе де болады.Мен оқушыларымның, шын мәнінде, есейгендерін сезіндім.Жолдасбек Маржан «бұл сәт – қайталанбас құбылыс, мұны әрдайым сағынышпен еске алатын боламыз»деді. Сыныбымыздың ақыны – Маржанның Тазабекке арнап жазған өлең жолдарымен мақаланы түйіндейін.

Мінезі оның жайдарлы,

Жүрегі оның айбарлы.

Қиындық оған келгенде,

Қарсы тұрар,қайсарлы.

Тазабек ол ақылды,

Істері оның ауқымды.

«Білім»атты арғымақпен,

Болашаққа жол салды.

Шәкіртім Тазабекке: Шәкіртім – ізгі түлегім,

Саған «Ақ жол!» тіледім.

Ұшырдым баптап ұядан,

Білім болсын тірегің!!!

дегім келеді.

Несіпкүл Өтебаева,

алғашқы ұстазы, сынып жетекшісі,

Некрасов атындағы №9мектеп – гимназиясы.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150734

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар