Ертегілер әлемінде

11 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Ертегілер әлемінде

Бүгінгі күні ертегі тыңдаушы көп-ақ, бірақ ертегінің майын тамызып, көңілді тұщындыра әңгімелейтін ертегі айтушылар аз.Ертегіні баланың құлағына алғаш жеткізіп, дәмін татқызатын ең алдымен ата-ана, ата-әже және ұстаздары болуы тиіс.Айналасындағының бәрін ертегідей қабылдаған баланың бойында өшпес ізгілік қалыптасады.Мағжан Жұмабаев: «Жан тұрмысы өркендеу үшін, яғни ойы, ақылы кеңейіп,құлқы түзеліп, тілі баю үшін, жас балаға ертегі тым қымбат нәрсе.Бала ертегіні жан-тәнімен тыңдайды.» — десе, атақты педагог Сухомлинский «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта — әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.», — дейді.

Жер бетіндегі барлық халық ертегілерінің мазмұны мен мақсаты бір деуге болады. Оның себебіҰлы Табиғат балалармен ертегі арқылы сөйлеседі, ертегі арқылы сырласады, ертегі арқылы өнеге, білім, тәрбие береді. Ертегілердің барлығы да бір-ақ тілде сөйлейді. Ертегі – баланы рухани- парасатқа тәриелеудің бірден-бір құралы.

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназияның директорының орынбасары Гүлжахан Божбанбаваның ұйытқы болуымен бастауыш сынып аралығында «Ертегілер әлемінде» атты ауқымды іс-шара өткізілді.Гүжахан Оразбекқызы бастауыш сыныптардың майын ішіп, жілігін шаққан десек те болады. Ол бастауыш сыныптарда сабақ беріп жүрген кезінде «паноромалық сабақ беру» сайысынан облыс бойынша бас жүлдені еншілеп, Республикадан «Жаңашыл мұғалім» номинациясын алған болатын. Бүгінде Гүлжахан Оразбекқызы Божбанбаева осы аталған мектепте бастауыш сыныптар бойынша директордың орынбасары қызметінде.

Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдері: Л.К.Ильина, Г.М.Филатова, Ж.Е.Баймен, Г.К.Ашимова, А.Д.Неметова, М.С.Атаметовалардың оқушылары ертегі желісіне құрылған көркем туындыларды айшықты етіп сахналай білді. Халық ауыз әдебиетінің құрылымындағы « Қызыл телпек», «Теремок», «Алдаркөсе»,» «Дәрігер –Айболит», «Алтын балық», «Бауырсақ» деген терең сырлы ертегілердің мазмұнын Сұлтан Әсел, Сартбай Қасиет, Рустемова Данагуль(4«Б»), Садиков Шахрух, Нагимова Диера, Газханов Сардар (4«в»), Бисенбек Әлімхан, Әбдіохап Абдулла, Ережепов Мырзабек,(4 «А»), Эркинова Диана, Заитова Жасмина, Темурханов Давлат,(4 «Е»), Анварова Дана, Атажанов Рамазан, Кеңес Ақбота (4 «Ж»), Амангельдиева Юлдуз, Григорьева Наталья, Насыров Санжар(4 «Д») сынды оқушылар ертегілер кейіпкерлерін нақышына келтіре сомдай білді.Тамашалаған кішкентай көрермендер ертегілер әлеміне енгендей болды.

Ертегі – сөз атасы,

Ал мақал – сөз атасы.

Сүйіп оқып жаттаған,

Балалардың данасы.

дегендей, бұл іс-шара бала жанын рухани қормен қоректендірді.Кез келген халықта ең алдымен балаға тәрбие, білімді ертегі арқылы беруі –атам заманнан келе жатқан үрдіс.Ертегінің алғашқы мақсаты – рухани адамгершілік тәрбие беру, одан соң, ол арқылы білім беру.Осы тұрғыда шәкірттердің кемшілігін көргіш болсақ, ықыласын өлтіреміз, баланың кемшілігін емес, жеңісін іздейік. Әр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Әр бала – Ханзада және Ханша!

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9мектеп – гимназияның

қазақ тілі пәнінің мұғалімі.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152301

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар