Интернет жылдам хабар алғызды

9 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

Айшылық алыс жерлерден интернет хабар алғызды...

,

Біз ақпараттық коммуникациялардың жедел формаларының дамуы кезеңінде өмір сүріп отырмыз.Бүгінгі күні ақпараттың аздығы (жетіспеушілігі)проблема емес, керісінше, ақпараттың адамның биологиялық мүмкіншіліктерінен асып түсуі негізгі проблема болуда.Әр сала бойынша ақпарат 4 жылда ескіреді. Демек, 4жылда ақпарат екі есеге өседі. Егер осындай даму қарқыны сақталса, болашақта ақпарат әрбір 78 күнде екі есе артып отырады.(мәлімет-«Интербелсенді оқу»)Сол үшін ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу.Ақпаратты жан-жақты сұрыптап талдау қажет.

,

Бүгінде интернетті қолданыс күннен күнге артып келеді. Осы бір құбылысқа таңдай қағамын. Қандай дерек, тақырып керек жаныңа бәрін табасың интернеттен.Қызық… Қазіргі жастарға қызғана да қызыға қараймын. Мүмкіндіктері зор, құлашын кеңге сермейді.Олай дейтінім, интернет арқылы жоқты, бар етесің.Еңбек өтілім 30 жылдан асты. Біздің жалындаған жас шағымызда не ұялы телефон, не интернет не интербелсенді тақта болмаған.(өкінішке орай)Бірақ ізденіс мол еді. Кітапханаға барып керегімізді тауып қайтатын едік.Немесе теңізден асыл тас іздегендей, әркімнен жағалай жоғымызды сұрап жүретін едік.Сондықтан кейбір жерлерде ойды шарықтатып, жұмысқа қажетті әдістерді өзіміз ойлап табатын едік.Көп ізденетін едік. Осы орайда бір оқиға еске түскені.Мектеп өмірінде (қай жылы екені есімде жоқ)9мамыр жеңіс күніне арнайы көрініс дайындаймыз деп, Жамбылдың «Ленинградтық өрендерім»мен «Алғадай»баласына арнаған жоқтау өлеңдерін шарқ ұрып іздегенім. Соңында қаламыздағы орталық кітапханаға барып кітапты алу үшін төлқұжатымды тастап алған болатынмын.Осыған 3 күндей уақытым кетіп еді.Сол кезде көрініс барысында Жамбылдың жоқтауын әуенге салып орындаған болатынмын.Осы атаулы жиында осы жоқтауды тыңдағандар көзіне ыстық жас та алып еді.(шын өмірден)

,

Ал, қазір ше? Компьютердің тетігін бассаң болғаны ,іздегеніңді табасың. Тіпті танысың Америка, Россия да болса да, оныменен агент арқылы тілдесесің.Әсіресе, Facebook желісіндегі қарым қатынас ерекше. Жеке парақшаңыз арқылы Қазақстанның танымал тұлғаларымен визуалды түрде тілдесесіз.Кез келген тақырып аясында жеке пікіріңізді ортаға сала аласыз. Көкейіңіздегі сұрақтарды қойсаңыз жауап та аласыз.Міне, «ғажап» деп, осыны айт! Тек компьютерлік сауатың болу қажет.

,

Қызым–Сейсенбекова Мөлдірдің арқасында мен де компьютерді өз қажетіме қарай меңгердім.Сондықтан 50 жастан асқан замандастарыма компьютерді үйреніңіздер дегім келеді.Интернет желісі арқылы білім аласыз және сауда да жасайсыз.Қашықтықтан білім алып диплом да аласыз.Халықаралық, Республикалық сайыстарға да қатыса аласыз.Қалауыңыз өзіңізде.Таныстарыңызбен қарым қатынаста боласыз.Ескерте кететін жайт, танымайтын әдепсіз бейтаныс адамдармен байланыс орнатпаңыз. Үйреніңіз, пайдаланыңыз! Жаңа заманның лебі солай. Артта қалмаңыз! Бірақ зияны да бар. Компьютер алдында ұзақ тапжылмай отыруға болмайды.Бұл денсаулыққа зиян. Сондай-ақ, бейәдеп жарнамалар шыққанда тез өшіріп тастаңыз. Кіруге болмайтын сайттар ,өздері «кіруге болмайды»деген ескерту белгі береді, кірмеңіз!Қапы қалмаңыз!

Айтпағым, 2013 жылдың 25 желтоқсанында «Әдебиет порталы» ашылды. Кереметін айтып тауса алмаймын.Сенбесеңіз, осы порталды ашып көріңіз. Кез келген автордың кітабын табасыз. Шығарманы құлақпен тыңдағыңыз келсе, аудиокітаптар бар.1125автордың 1155кітаптары енгізілген.Кітаптар, авторлар, жанрлар, кейіпкерлер, дәйексөздер, ашықмінбер, сауалнамалар, мультимедиа, сұхбаттар,

журналдар, әдебиет талдаулар, сын-рецензиялар бөлімдерінен тұрады. Қалаған шығарманы өте жылдам

қас қағым сәтте, көзді ашып-жұмғанша таба аласыз.

Қазақ тіліндегі сайттар мен порталдар қарыштап дамып келеді.Атап айтсам, Ақберен Елгезектің «ult.kz», АршатОразовтың «munara.kz», ӨркенКенжебектің«jagsy»сайттары.Соныменқатар «Saigez.kz»,

«Ainalyne.kz», «massaget.kz» сайттары. «Әдеби әлем», http://ped.kz/, «Baq», «adebiportal.kz», «Abai.kz» ақпараттық-танымдық порталдары.Оқыған шығармаларың жөнінде әрбір оқылған тақырыптан кейін өз ой-пікіріңді, алған әсеріңді сол парақшаға жазып қалдыруыңа да болады. Кейде ел жаңалықтарын интернет арқылы телдидардан да бұрын білесің. Газет, журналдарды оқи аласыз. Тіпті олардың мұрағаттары бар. «Қазақ радиосы», «Шалқар радиосын»тыңдап, қалаған телеарналарды да онлайнмен көресіз.

Қазақ халқының болашақ бағдарын дұрыс таныған ағартушы демократ –Ы. Алтынсарин:

«Өнер- білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды…

Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды...»

деп, жырлаған еді.Мәнін де маңызын жоймаған бата сөз дәлдікпен жүзеге асқанына «Ұлт» куә. Коммуникативтік құзіреттілікті бағындырсақ,«Көзді ашып-жұмғанша, айшылық алыс жерлерден интернет хабар алғызды...»деген ойдамын…

Бәлкім жігерлі жастар «осыны да әңгімелеп...», деуі кәдік, мен бұл әңгімені, компьютер меңгермеген барлық әріптестерімнің құлақтарына «алтын сырға» деп, айтып отырмын.

,

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы №9мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152309

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар