Республикалық олимпиада жеңімпазы – Альгужин Данияр

6 мамыр 2014 - Несипкул Утебаева

ҰБТ –ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген, мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттау және жоғарғы оқу орындарына түсу емтихандарын қоса атқаратын білім сапасын бағалаудың білім мекемелерінен тәуелсіз мемелекеттік жүйесі болып табылады.Әлемдік білім кеңістігіне ену үшін Қазақстандағы білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде.Осыған сәйкес Республикадағы білім саласын дамытудың бағдарламалары бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта атқарылып жатқан қомақты істер ұшан теңіз. Республика, облыс, қала көлемінде пәндік олимпиадалар, сан қырлы зияткерлік байқаулар әр жыл сайын өткізіледі.Осының бір айғағы – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасы. Бұл олимпиадаға биылғы мектеп бітіруші түлектері республика көлемінде қатысып өздерінің бағын сынады. «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпарлар» анықталды.Түркістан қаласындағы Некрасов атындағы№9мектеп-гимназияның 11сынып оқушысы Альгужин Данияр (сынып жетекшісі–О.С.Аллашова) Республикалық «Ясауи» пәндік олимпиадасына жаратылыстану бағытындағы химия пәні бойынша қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломға ие болды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, оқушы мен мұғалім бірлесіп ізденген жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Осы тұрғыда көп жылғы еңбек өтілі бар өз ісінің майталманы, шебер де шығармашыл химия пәнінің мұғалімі –Әбу Базарұлы Қорласбаевты ерекше ілтипатпен айтуға болады.Ол өзінің шәкірті жайында: «Альгужин Даниярдың жүлделі орын алуы –оның жоғарғы оқу орнында оқуға зор мүмкіндікке ие болуы »дейді. «Адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деп, Абай атамыз айтқандай, оза шапқан тұлпарымыз — Альгужин Даниярға бітіруші түлек ретінде оған сәттілік серік болсын дейміз.Ұстазы Әбу Базарұлын және біліммен шыңдалған оқушы — Альгужин Даниярды Республика көлемінде жарқырап І орын алуымен шын жүректен құттықтаймыз!

Несіпкүл Өтебаева,

Некрасов атындағы мектеп-гимназия,

Түркістан қаласы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129929

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар