«8 наурыз мейрамы»

17 наурыз 2014 - Дана Жумажанова

Мұғалім туралы қысқаша мәліметтер: 

                   Жумажанова Дана Мұхтарқызы

                   Солтүстік Қазақстан облысы

                   Ақжар ауданы

                   Бостандық орта мектебі

                   Қазақ тілі мұғалімі

Пәні: Қазақ тілі      Сыныбы: 5-9 сыныптар   Сабақ түрі: тәрбие сағаты   

 

Сабақтың тақырыбы:«8 наурыз мейрамы»

Мақсаты:8 наурыз мейрамы туралы түсінігік беру, анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, сауатты, анық оқи алуға машықтыру.

 

Көрнекілігі:шарлар, нақыл сөздер, гүлдер, оқушылардың суреттері.

 

Жүру барысы:

 

Әкелетін отбасына береке ең,

Әр аналар арамызда көп екен.

Жыл құсындай көктем сайын оралар

Құтты болсын, нұрға толсын мерекең!

 

Құрметті әжелер, аналар, қонақтар, қыздар! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

1.    Шын жүрек, ақ көңілмен,

Алғашқы көктемі күлімдеген

Құттықтаймыз сегізінші наурыз мерекесі

Халықаралық айелдер күнімен.

 

2.    Алтын Анам жасымнан аялаған,

Мен үшін игілікті аямаған

Мектептен үйге келгенімде,

Бал сөзі «жаным» деген сая маған.

 

3.    Сегізінші наурыз күнін

Мейрамдайды аналар

Аналардың шаттығын

Құттықтайды балалар.

 

4.    Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын теңдік алған

Қуанышты мерекең!

 

5.    Анасыз бір жоқ күнің

Әжесіз бір жоқ күнің

Ұсынамыз біз бүгін

Сізге сұлу шоқ гүлін.

 

6.    Мұрат, мүлде, мақсатым,

Жақсы күн мен жақсы түн,

Нағыз бақыт ананың

Ақтау дер ем ақ сүтін.

 

7.    Теңдесі жоқ данасын,

 Арқа тұтар панасың

Еңбегіңді ақтайын

Аман болшы анашым.

 

8.    Менің әжем, бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем.

 

9.    Баланың да тірегі

Даланың да тірегі

Шансымасын ешқашан

Аналардың жүрегі.

 

 

10. Бәріңізде анасың

Біз үшін күн боп жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!

 

Хормен:Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

 

 «Анаға сыйлаймыз» әнін орындау.

(Аналарға дайындаған ашық хаттарын сыйлау.)

 

11.                       Жан ана, жарық күн, жанарың

Бір сенде кіндігі даланың

Балаңды құшақтап сүйгенде

Сеземін көктемнің самалын.

 

 

12.                       Бар өмірдің жүрегі

Өзің алтын ордасың

Тілегімнің тірегі

Уайымың болмасын.

 

13.                       Менің әжем, гүл әжем

Алтын, әжем, күн әжем,

Анам үшін, мен үшін,

Нағыз ана тілі әжем

 

14.                       Әр сөзінді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын, ақ мамам.

 

15.                       Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

 

16.                       Сендерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті біздің аналар!

 

17.                       Ана көркі көгімнің,

Ана нұры жерімнің,

Ана бағы баланың,

Мақтанышы елімнің.

 

18.                       Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтаған,

Ел сенімін мақтаған,

Айналайын ақ мамам!

 

19.                       Гүл-гүл жайнап бәріміз,

Кіреді біздің сәніміз,

Әжелерді тойымен

Құттықтаймыз бәріміз!

 

«Вальс» биі.

 

20.                       Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз!

 

Қыздарға арналған сыйлықтарын ұсыну.

 

Ана-бала, бала-ана бір ұғым,

Бір-бірінсіз жоқ олардың бақыты

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын.

Екеуінің өтсін бірге уақыты.

Ана-бала көздің ақ пен қарасы

Бір-бірінсіз таусылмайтын шарасы.

Әр ананы арманына жеткізер,

Әр баланың ақылы, ары, санасы, —

Дегендей бүгінгі сайысымызға оқушыларымыз аналармен келіпті. Оларды ортаға шақырайық.

 

Сайыс өту барысы:

1)    Таныстыру

2)    Үй тапсырмасы «Өнер көрсету»

3)    Шебер қолдар

4)    Ас  — адамның арқауы

5)    Анаға қарап қыз өсер ...

6)    Қорытынды

 

Ақ көңілмен, ниетпен,

Әділ баға берсін деп,

Шаршамай, еш жалықпай,

Айтқаныңызға көндік деп,

Әділ қазы алқасын,

Сайлап алсақ жөн болар!

(Әділ қазылармен таныстыру)

 

1.     Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда,

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сайыскерлер өз реттерімен таныстыруларын айтады.

 

2.     Тойда өнер сынайық,

          Өнер жасқа дегендей,

Үй тапсырмасын тамашалайық!

Сайыскерлерді үйде дайындаған өнерлерін көрсетуге шақырамыз!

 

3.     Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жанылмаған ата-баба жолынан,

Шебер қолдан өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

Алдарыңызда жатқан түрлі түсті қағаздан ұлтты ою-өрнектерді қиып алып, ақ қағазға жапсырмалау.

 

«Бал, балалық» әні – орындайды

 

4.     Ар, арулар, сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі талай сын бар.

Тапсырма ал, мына жерден қамсынбай кеп,

Жауап берсеңдер сұраққа жарайсыңдар!

«Ас – адамнаң арқауы». Бұл сында берілген  азақ-түліктен қандай тағам әзірленетінін айту керек. Көбірек тағам атауларын еске алғандар жеңеді.(сүт, ет, ұн, картоп, сәбіз, балық, жұмыртқа, пияз)

 

«Асыл анам» әні  — орындайды

 

5.     «Анаға қарап қыз өсер» сайысымыздың соңғы кезеңіне де жетіп қалдық. Осы кезеңде анасына  қызы туралы, ал қызыңа анасы туралы сұрақтар қойылады. Дұрыс жауаптар қағазға жазылады, содан кейін берілген жауаппен салыстырылады. Жауаптары сәйкес келген жұптарға 5 ұпай беріледі.

 

Аналарға сұрақтар:

1)    Қызыңыздың ең жақын досы?

2)    Қызыңыздың ұнататын сабағы?

3)    Қандай мультфильмді жақсы көреді?

4)    Қандай ойынды ұнатады?

5)    Қандай тағамды жақсы көреді?

6)    Қандай түсті киімдерді ұнатады?

7)    Өскенде кім болғысы келеді?

8)    Қандай фильмді көруді ұнатады?

 

Қыздарға сұрақтар:

1)    Ана қандай тағамды дайындауды ұнатады?

2)    Бос уақытта не істейді?

3)    Анаңның туған күні қашан?

4)    Ұнататын кинофильмі қалай аталады?

5)    Қандай түсті киімдерді ұнатады?

6)    Анаң қандай иіс суды ұнатады?

7)    Анаң не сатып алғысы келеді?

8)    Анаң бала кезінде қандай сабақты ұнатқан?

 

Жеңістер мен жеңілістен тұратын,

Өмір күрес жеткізе ме мұратың.

Жеңбедім, жеңілдім деп ренжіме,

Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын!

Кезекті әділ қазылар алқасына береміз (Марапаттау).

 

 

Қыздар орындауында үнді биі.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124407

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар