Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»

Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»
      Атырау облысы, Исатай ауданы, Исатай ауылы, «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі

      Махмутова Гүлжазира Сиражеденқызы

    Тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Ханталапай»
    Мақсаты: Қазақтыңұлттық ойындарын дәріптеу арқылы балалардыңинтелектуалдық, тапқырлық, ептілік, қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

    Міндеттері:-топта жұмыс істей білуін қалыптастыру:-патриоттық сезімдерін және Отанға, туғанөлкеге деген сүйіспеншіліктерін ояту.

    Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен қадірлі балалар!Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған «Ханталапай»интелектуалдық байқауына қош келдіңіздер! Халқымыздың тарихи – мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардыңқай – қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі – ұлт ойындары.Бұрын ел қорғаушы батыр, жауынгер, халыққайраткерлері, ойын үстінде көрінеді. Сол ойын арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі. Ұлт ойындары осылайша атадан – балаға, үлкеннен – кішіге мұра болып жалғасып отырған.Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады.Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Абай ханталапай ойынын жақсы ойнаған…

    Байқауымызды ашу үшін алғашқы сөз кезегін Гүлсім Бақытқызына береміз.Алдымен әділ-қазы мүшелерін сайлаймыз. ГүлсімБақытқызы –әдіскер.Гүлфара Бейсенқызы- психологАйнаш Каримқызы- тәрбиеші.

    — Интерактивті тақтадан «Ханталапай» ойынының суреті слайд түрінде ашылады. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп аталады. Асық ойындарында оның жатысына («бүк», «шік», тәйкі», «алшы») көп мағына беріледі. Ал егер асық төбесімен, не екі «аяғымен» тік тұрса – оны «омпы» деп атайды. «Омпы» – асықтың қалыпты жағдайы емес. Ол жағымен асық өте сирек түседі. Сондықтан «омпы» ойын ережесіне көбіне қосылмайды, қосылуы өте аз кездеседі.

    «Ой-қозғау». Интерактивті тақтаданҚазақтың ұлттық ойыны «Ханпалапай» бейне-фильмі көрсетіледі. Қысқаша әңгімелейді

    «Ханталапай» ойыны.

    Ойынды жүргізуші педагог ойынды бастар алдында «Талапай –ау, талапай, табылды ойын алақай» деп өзі айтады және балалар бірге қайталап,қоржындағы асықтарды отырған балалардың алдына шашады. Балалар жарыса «ханталапай» деп дауыстап, асықтардыталасып бөліп алады. Жинаған асықтарын санай бастайды. Әр бала ойынға 5 асықтан тігіп, оларды атуға дайындалады. Хан асығы қолынатүскенбала алғашқы боп ойынды бастап, асықтарды атады. Тигізген асықтарды ұтып алады. Тигізе алмай қалған жағдайда, ойын жүргізушінің тапсырмасына жауап береді. Ол үшін балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкесинтелектуалдық тапсырмалар алдын-ала дайындалады. Тапсырмаға дұрыс жауап берсе, бала келесі асықты атады. Екінші реттигізе алмаған жағдайда өз кезегін асығы көп келесі балаға береді. Егер бала тапсырмаға жауап бере алмаса, басқа балалардың жауап беруіне болады. Бұл жағдайда асықты атукезегідұрыс жауап берген балағаберіледі. Осылайша ойын жалғасады.Ойын соңында әр бала ұпай асықтарын санайды.

    «Ханталапай» ойынын ойнатып көрсету.

    Қоржындағы сұрақтар.

    Жұмбақ шеш:

    1.Жылға дер ем ақпайды
    Жылан дер ем шақпайды (Арқан)

    2.Кішкене ғана бойы бар
    Айналдырып киген тоны бар.
    (Қой)

    3. Қой малын сипатта.

    4. Асық ойындарында оныңжатысын қалай атайды? («бүк», «шік», тәйкі», «алшы»)

    5. Ал егер асық төбесімен, не екі «аяғымен» тік тұрса – оны не деп атайды.(омпы)

    6. «Асығыңыз алшы түссін!» мақалды жатқақайталау.

    7. «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар „ жатқа қайталау.

    8.Бес — дегенім бесік.

    Алты — дегенім, асық.

    Сөздікпен жұмыс:
    қос уыс — пригоршня
    ұпай — очко
    кезек- очередь
    алшы түскенде- в положении «алшы» Жаңа сөздермен таныстыру.

    Қорытынды сөз: Біздер шымыр, жүйрік те
    Ойынменен шынықтық, Еп қана емес бірлік те
    Керек екен соны ұқтық — деп айтымыз келеді.

    Сонымен ұлт ойындары – ата – бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор. Ойын адамның алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволыққабілетін оятып, өміріне ұштаса береді. Ойынсыз ақыл – ойдыңқалыпты дамуы да жоқ, болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған ортаны тану арқлы түсінік алады. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан – ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл – ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.

    Әділ-қазы қорытындысы бойынша«Ең үздік бүлдіршін»,«Ең алғыр бүлдіршін» номинациялары беріледі.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083457

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар