«Біз мектепке барамыз» (ертеңгілік)

6 мамыр 2015 - салима торебай

«Біз мектепке барамыз»

Ертеңгілік мақсаты: оқушылардыңжыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсетіп, балалардың сөздік қорын, ой-өрісін кеңейту. Отансүйгіштікке, ұйымшылдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.

Зал мерекедегідей әсем безендіріледі. Әдемі қанатты сөздер, шарлар, гүлдер ілінеді.

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата-аналар! Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды сөндіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.

Залға балалар шармен, музыка әуенімен кіреді.

Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығамыз.

Таза сәби жүректен,

Қабылдаңыз мың алғыс!

Гүлден: Құрметті қонақтар армысыздар!

Бәріңізде есен-аман бармысыздар?

Таусылмайтын ағытып ой арманның,

Ал, достарым ақ жол тілеп сөз бастағын.

Роман: Ақ тілекті ағытып бір тастайық,

Қоштасатын кешімізді біз бастайық.

Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Үмбет: Бүгінгі қоштасу кешімізді бастай отырып, ортаға білім мен тәрбие нәріне сусындатқан апайларымызды шақырамыз.

Ортаға екі тәрбиеші шығады. «Астапурай» өлеңінің әуенімен ән айтады.

Сәлем гүлдей жайнаған балғындарым,

Бақшамыздан тәрбие алғандарың.

Енді міне ер жетіп бәрің бірге

Достарыңмен мектепке барғандарың.

Қайырмасы:

Балаларым, балапан балғындарым,

Кілең беске оқыңдар жарқындарым.

Күлерсіңдер әрқашан шаттаныңдар,

Барлығыңда болашаққа аттаныңдар.

Аттаныңдар жұптарың жазылмасын,

Ешқандайда қиындық жолықпасын.

Қайырмасы:

Балаларым, балапан балғындарым,

Кілең беске оқыңдар жарқындарым.

Тәрбиеші: Мәз-мейрам бүгін бүлдіршін,

Естисің сыңғыр күлкісін.

Естисің тәтті сөздерін,

Байқайсың жанған көздерін.

Көрсетер бүгін өнерін,

Балбұл жанған ұл-қызың.

Құтты болсын қадамың,

Мектепке басар жұлдызым!

Қымбатты ата-аналар, ұстаздар, қонақтар! Кешегі балғын бүлдіршін мектепалды даярлық сыныбын аяқтап, кішкентай ғана оқушы атануға дайын тұр. Аз да болса жауапкершілік жүгін арқалап, сәл де болса есейгендігін аңғартатын балаларыңыздың білімін, өнерін тамашалауға қош келдіңіздер! Қадамдарыңа сәттілік тілей отырып, сөз кезегін балалардың өздеріне берсек.

Алдыңдағы балалар,

Мектепке кетіп барады.

Тақпақ айтып бір-бірден

Қимай кетіп барады,

— дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақтарын айтуға шақырамыз.

Гүлназ: Алақай-ау, алақай!

Алақай-ау, алақай!

Бұдан былай мен енді,

Емеспін жай балақай.

Осыдан да көлемді

Оқи алам өлеңді.

Бардым бүгін мектепке,

Оқушымын мен енді.

Қайырболат: Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Толғанай: нағыз білім ырыс, бақ,

Дүниені тұр ұстап.

Енді біздер сабаққа,

Кірісеміз дұрыстап.

Әлижан: Таудай биік талабым,

Суретті де саламын.

Әзір менің дәптерім,

Қарындаш пен қаламым.

Тәрбиеші: Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені,- дегендей балалардың орындауында «Мектептерде үйретеді» әні.

Хор: «Мектептерде үйретеді».

Ортаға «Білгішбек» келеді.

Білгішбек:

-Балалар сәлеметсіздерме? Мен сендерге ақ жол тілегім келіп, сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарыңда ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын, менің достарым боласыңдар. Бізді алда көп асулар күтіп тұр, келісесіңдер ме?

Сол кезде велосипедпен «Жалқаубек» келеді.

Жалқаубек:

-Ой, мында не болып жатыр, кеттік балалар ойнауға. Не істеп тұрсыңдар? Далада қызық болып жатыр, кеттік.

Тәрбиеші:

-Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе? Сенде биыл мектепке барасың ғой. Қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емес пе?

Жалқаубек:

-Ой, мына Білгішбек мұнда не істеп жүр? Бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады. Біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз, әжеміз оқиды, басымызды ауыртпаймыз.

Тәрбиеші:

-Қой Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір. Бүгін даярлық сыныбымен қоштасып жатыр. Сен апаңнан қалмай жылап сабаққа келмей жүргенде, біздің балалар бәрін оқып, біліп алған. Кәне отыршы көресің.

Білгішбек:

-Апай, мен балалармен ойын ойнап көрейінші. Балалар мектепке дайынба, тексерейін.

Ойын: «Оқу құралдарын жина».

Тәрбиеші:

Өнерпаз болсаң бар ма айып,

Рахмет мыңда бір!

Тойымызды жалғайық,

Шалқыта қосып жырға жыр, — деп кезекті балаларымыздың әндеріне берейік.

Ән: «Мектебім».

Тәрбиеші:

-Ал Жалқаубек қалай екен біздің балалар? Менде балалармен ойынды жалғастырғым келіп тұр. «Ия, жоқ» ойынын ойнайық.

1.Мектепке біз барамыз ба?

2.Кілең бестік аламыз ба?

3.Айтқан тілді аламыз ба?

4.Ақылды бала боламыз ба?

5.Нан жеймін деп жылаймыз ба?

6.Ертеңгісін тұрамызба?

7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9.Екі алғанда жылаймыз ба?

10.Оқушы біз боламыз ба?

Жалқаубек:

-Ой, балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке, не керек?

Тәрбиеші:

-Олай болса ата-аналармен де «Ия, жоқ» ойынын ойнайық.

1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып, есепке жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақытылы бересіз бе?

4.Сериал көріп жатасыз ба?

5.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

6.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

7.Өзің оқы, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

Тәрбиеші:

-Рахмет көп-көп!

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға.

Тойымызға сән беріп,

Би билейік тамаша!

Би: «Қара жорға».

Тәрбиеші:

-Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

Балалардың жауабы:

-Оқып білім алу үшін!

-Еліме еңбек ету үшін!

-Білімді азамат болу үшін!

-Ер жетіп Отанымды қорғау үшін!

Тәрбиеші:

-Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер. Сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар деген сенімдемін.

Ән: «Қасиетті домбыра».

Білгішбек:

-Мен балалармен тағы да ойын ойнағым кеіл тұр, Жалқаубек сенде ойна.

Ойын: «Қандай сан қалып қойды?»

Тәрбиеші:

-Уақыт алып мүдірмей,

Сан санайық кідірмей.

— 1-10-ға дейін тура және кері санайық балалар.

Жарадыңдар балалар,

Ризамын сендерге!

Көріңіздер біздерді

Мықтымыз біз есепке.

Балаларға логикалық есептер қойылады.

Жалқаубек:

-Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан, фишкамнан, добымнан да қызық екен. Менде үйге барып мектепке дайындалайын. Балалар сау болыңдар, күзде мектепке кездесейік.

Тәрбиеші:

-Білгішбек саған көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың. Біздің де балалардың саған дайындаған көрінісі бар. Кәне, сенде отырып тамашала.

Көрініс: «Портфель».

Тәрбиеші:

Сезімді туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз.

Адамдықтың бастауын,

Өзіңнен алып барамыз,- деп енді балаларымыз апайларына өз ризашылықтарын білдіреді:

Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы.

Меңгеруші апайға

Риза әкем, анам да.

Бізде мұнда әрдайым,

Бәрі-бәрі дап-дайын.

Қамымызды ойлаған

Меңгеруші апайға мың алғыс!

Денсаулыққа болаттай

Ауруларды жолатпай.

Күнде болған әбігер

Қамқоршымыз дәрігер

Дәрігер апайларға мың алғыс!

Тәтті тағам пісірген,

Айран, сүтін ішкізген.

Аспазшы апайлар

Сіздерге де мың алғыс!

Жазу жазып үйреткен,

Әріптерді танытқан.

Санамақты жаттатып,

Санауды бізге үйреткен.

Жақсы болсақ қуанған,

Қателігімізді кешірген.

Тәрбиеші апайға,

Айтамыз біз мың алғыс!

Хор: «Бау-бақша белдер».

Тәрбиеші:

Балам дедім, ұлым дедім,

Қызым дедім сендерді.

Талай нәрсе үйрендіңдер,

Қыркүйектен келгелі.

Енді бүгін жаңа қадам

Басасыңдар мектепке.

Батылдық пен жігерлікті

Тілеймін мен сендерге.

Әдептілік, ибалылық,

Ізеттілік сақтаңдар.

Жалқаулыққа, жамандыққа

Ешбір қадам баспаңдар.

Кілең төрт пен бестік деген

Жақсы баға алыңдар.

Сәбилік таза пейілменен

Адам қалпы қалыңдар!

Құттықтау сөзді бастауыш сыныбының оқу меңгерушісіне береміз.

Ата- ана болу үлкен сын,

Бала өсіру ұлы өнер.

Жақсылардың соңынан,

Жарқын қыз бен ұл өрер.

Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышКүлімде, күн, күлімде! Д. Қанатбаев

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130066

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар