"Қоғамдағы нөлдік төзімділік" сынып сағаты

"Қоғамдағы нөлдік төзімділік" сынып сағаты

Алматы облысы

Көксу аданы қазақ орта мектеп-гимназиясы

Физика пәні мұғалімі

 

Какаманова Тұрсынгүл Әмірбайқызы

 

Тақырыбы: «Қоғамдағы нөлдік төзімділік».
Мақсаты:   ,
 а) кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, қылмыстың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу.

ә) Оқушыларға адам құқығы, бала құқығы, құқықты алаң, оқушының құқығы мен
міндеті ұғымдарын меңгерту, проблемалық жағдаяттарды құқықтық тәсілмен
шешуге үйрету.
б) Оқушыларға өз құқықтары мен еркіндіктерін шектеп ұстау міндеттілігі туралы,
құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке,
елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу.
 Күтілетін нәтиже:

— құқықтық нормативтік актілерді еске түсіреді.

-қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатты  талқылайды.

-өз құқықтары мен міндеттерін   талқылау

-құқықтық сауаттылықты дамытады.

-  адам құқықтарын сақтау  өмірде маңызды екенін бағалайды

Көрнекілігі: нақыл сөздер, бүктемелер, проблемалық сұрақтар.

 «Құқығыңды сақтап үйрен, бірақ басқалардың құқығы бар екенін ұмытпа», «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды», «Заң біткен жерде зұлымдық басталады».
  Қатысушылар:ұстаздар,  оқушылар, ата-аналар, аудандық жасөспірім бөлімшесі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі полиция  қызметкерлер.

 Сабақтың түрі: құқықтық сауаттандыру
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Кіріспе

 Мұғалімнің кіріспе сөзі

ІІІ. Негізгі бөлім
Тренинг «қол соғыңыздар, егер …» ойыны
топтық жұмыс

1 топ «Заң туралы»

2 топ «Нөлдік төзбеушіліктің» негізгі рөлі – қоғамның белсенділенуітуралы»

3 топ Әлеуметтік норма құқық пен мораль деген ұғымдар.

  Қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидаты

«Әрекет-қабілеттілік пирамидасы»,«Өз құқығыңды біл!». Баланың құқықтары мен міндеттері»,

Ситуациялық жағдайларды шешу.

«Ой жалғау»
«Кім тапқыр?»
ІV. Қорытынды
Барысы:
  Сынып  жетекшісінің кіріспе сөзі

Сәлемдесу.

Тренинг барысы:.
«Қол соғыңыздар, егерде …» ойыны
— сіздер бүгін жақсы көңіл-күймен және жаңа білім алуға келсеңіздер;
— кімді адам құқығы, оның ішінде баланың құқықтары ойландырады;
— кім адам құқықтарын және бала құқықтарын сақтап және құрметтей отырып жұмыс істеуге дайын.
Заң дегеніміз- қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз-мына біздер.

Халқымызда «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген тамаша мақал бар. Ақылды болу айналаңдағы адамдарды сыйлай, қадірлей білу деген сөз. Құқықтық тілмен айтқанда бұл — заңды білу, яғни заңды білген адам өзгелерге құрметпен қарайды. Заңды білмегендіктен заңсыз істер істеп, зардап шегіп, өзін қорғай алмай жүргендерді көптеп кездестіремізҚазіргі кезде жас өспірімдер мен мектеп оқушылары арасындағы қылмыстың түрлері көбейюде.  Заң ережелерінің барлығы да адамдарды адал жолға салу, оларды адамгершілікке тәрбиелеу мақсатынан туған. Ата-ананың сөзін алмағанның бір пәлеге ұрынары сөзсіз. Осыған байланысты нақыл сөз бар «Ана алдындағы құрмет, ата алдындағы қызмет», «Анасына орын ұсынбаған, әкесәне қолын ұсұнбас», «Ана с.тін ақтамағанды, ешкімде мақтамайды».Ертедегі қазақта әкенің бетіне келу, ананың тілін алмау, үлкенге қарсы шығу мүлдем болмаған. Ал қазіргі таңда мұндай қылықтар көбейіп кетті.

Осы қылықтың жасөспірімдердің қылмыс жасауына себебі бар ма? Жалпы қылмыс жасауына не себеп? (  топ мүшелері өз ойларын ортаға салады)
Қазақтың ертедегі аңыз әңгімесіне байланысты өз ойымызды ортаға салайық:

Баласы көршінің тауығының ұясынан жұмыртқа ұрлап әкеледі де, шешесіне қуырып беруін сұрайды. Анасы жұмыртқаны қуырып береді. Арада біраз күндер өтеді. Бала көршінің тауығын ұрлап әкеледі, анасына береді. Қорадағы тауықтарға қосып қояды. Бірнеше жылдар өтеді, бала ұрлықты кәсіп қылып жігіт болып өседі. Бір күні жігіт бес баласы бар жесір әйелдің ала сиырын ұрлап, сойып жатұан жерінен ұсталады. Ашынған ел жігітті бидің алдына апарып, үкім шығарып, жазалауын сұрайды.

Би: Сен бес баласы бар, өзі сырқат, жұмысқа жарамсыз жесір әйелдің жанынбағып отырған жалғыз сиырын ұрлап, балалардың ауызын ақтан қақтың. Сенің жазаң – дарға асу.

Жігіт: Дат, тақсыр.

Би: Датың болса айт!

Жігіт: Маған анаммен соңғы рет тілдесуге рұқсатетіңіз.

Анасы келеді.

Жігіт: Апа, тіліңді көрсетіңізші. Анасын тілін көрсетеді. Уәзір жігітке ұрысады: Сені жарық дүниеге әкелген, ақ сүтін берген анаңның кінәсі не?

Сонда жігіт: Тақсыр, мен ең бірінші көршінің жұмыртқасын ұрлап алып келген кезде маған жекіп ұрыспай, ұрлықтың қылмыс екенін түсіндіріп, ақылын маған айтпаған адамның тілі де кінәлі шығар деп тұрмын,- деп жауап береді.

Би: Әй, балам, бұл сөзіңнің де жаны бар екен, сенің ұрлықшы болуына анаңның да кінәсі бар екен. Бұл жігіт дарға асылмасын. Алланың кітабы құранда былай депті «Ұры әйел болсын, еркек болсын қолын шауып тастау керек» делінген. Бұл жігіттің оң қолының бес саусағын шабыңдар. сарбасздар жігіттің саусағын айбалтамен шабады. Жігіт өкініп тұрып: Бауырларым, менің өкінішті ісімді қайталамаңдар. Мен қалған өмірімде ешкімнің ала жібін аттамауға ант етемін. Істеген ісім үшін ел жұрттан кешірім өтінемін.

Би: адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң.

Сұрақ: 1. Жігіттің ұры болып өсуіне кім кінәлі?

2.Бидің шығарған үкімі дұрыс па?

Түйін сөз:

Қазақ халқының құқықтық жүйесінің қалыптасуы ХV ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қасымның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды, бұл ережелер Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Ол бес бөлімнен тұрады.

 1 топ;  «Заң туралы»

Мемлекетіміздің ата Заңының 1 – бабында Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылды. «Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.

Құқықтық нормалар тек қана заңдардан тұрмайды, басқа да нормативтік құқықтық актілерде де көрсетілген. Президент — нормативтік жарлықтар, Үкімет – нормативтік қаулылар, министрліктер – нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар — нормативтік шешімдер қабылдайды.
1948 жылы 10 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын қабылдады. Ол бойынша адам құқығы 3 топқа бөлінеді: табиғи құқық, азаматтық құқық, экономикалық-әлеуметтік, мәдени құқық.
Біздің елімізде адам құқықтары Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Ол 9 бөлім, 98 баптан тұрады. Оның екінші бөлімінің 30 бабы құқыққа арналған.
1.2. «Сенің құқығың!»
  Оқушы:  14-бап
1. Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
2. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсітуге болмайды.

Оқушы:   15-бап
1. Әркiмнiң өмір сүруге құқығы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар.

Оқушы:   16-бап
1. Әркім өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар.
2. Заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға болады.
3. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы.
Оқушы:  17-бап
1. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2. Ешкiмдi азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадiр-қасиетiн қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.

Оқушы:  19-бап
1. Әркім өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету — көрсетпеуге хақылы.
2. Әркiмнiң ана тiлi мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым — қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тiлiн еркін таңдап алуға құқығы бар.
Оқушы:   22-бап
1. Әркiмнiң ар — ождан бостандығына құқығы бар.
2. Ар-ождан бостандығы құқығын жүзеге асыру жалпы адамдық және азаматтық құқықтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеуге тиіс.
Оқушы:   25-бап
1. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешiмiнсiз тұрғын үйден айыруға жол берiлмейдi. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол берiледi.
2. Қазақстан Республикасында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгiленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға берiледi.
Оқушы: 
Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашанда ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы — дәуір қасіреті. Сотталған жас өспірімдердің көбеюі – қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда не құрылым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар көбейген сайын, мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы да жедел дами бастайды. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар.
Ситуациялық жағдайларды шешу.
Көшедегі көрініс
Асқар: Шыңғыс бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Шыңғыс: Ия, ия, айтпақшы Дамирлер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген. Саған хабарласқан жоқ па?
Асқар: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Шыңғыс: Кеттік, жолшыбай Ердосқа соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Асқар: Ердос, біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Ердос: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Асқар: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң, жібермей қалады.
Ердос: Жоқ, балалар, мені жібермейді, бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бір нәрсеге душар болармыз.
Асқар: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» — деп өкініп жүр ме!
Шыңғыс: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
2 Топ жетекшісі:
Құрметті ата-аналар, осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
1. Ата – ана қай жерден қате жіберіп отыр?
2. Учаскелік полиция инспекторына: — Осы жағдайда оқушылар және ата-аналар қандай жауапкершілікке тартылады?
2 топ «Нөлдік төзбеушіліктің» негізгі рөлі – қоғамның белсенділенуітуралы»

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2050” Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” Жолдауында қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпсіздікке “нөлдік төзімділік” қағидатын енгізу керектігін атап өткен болатын.  

Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы» жолдауында мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиісдеді: — «Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені, осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді.

Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы – қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам».

Сонымен бірге, Қазақстанның парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қоғамда құқық бұзушылықтарға «нөлдік төзбеушілікті» қалыптастыру мәселесін қойды. «Үкіметке заңды түрде қылмыстық құқық ізгілендіру және қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа «нөлдік төзбеушілік» қалыптастыру арасында жалпы вектор салу керек, кез келген қылмыс және мемлекеттің заңдарын бұзу үшін жазаның қолданылмай қалатындығы мен әділдігі жөнінде ешкім кумәнданбау керек», — деп мемлекет басшысы айтты.  

«Нөлдік төзбеушіліктің» негізгі рөлі– қоғамның белсенділенуі. Яғни, елдін әр азаматы кез келген құқық бұзушылықты көріп, селқос болып қалмай, арнайы органдарға хабарлау керек. Қоғамдық қауіпсіздік тақырыбы барлық қоғамды тыю керек, бір бөлек құқық қорғаушы орган барлық елде тек өз күшімен құқық тәртібін сақтайды деп сенуге болмайды. Әр азамат мемлекеттегі тәртіпке және қауіпсіздікке жауапты болу міндетті. Басқа біреу істейді деп тоспау керек, арнайы органдардан көмек күтудің қажеті жоқ. Қоғамдық қауіпсіздіктің және құқық тәртібі, құқық мәдениетінің ісі болып кез келген азаматтан шығу керек.

 «Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады. Біз құқықтық нигилизмді жеңіп, қоғамды қоғамдық тәртіпті қорғау ісіне тартуымыз керек», — деп жолдамада айтылған.

Кез келген заң бұзушылыққа, тіпті ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы, қоғамдық тәртіпті нығайтуға баратын маңызды қадам болып келеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев 2013 жылғы 30  қаңтарда құқық қорғау органдары басшыларымен өткен жиында тәртіпсіздікке «нөлдік төзімділік» қағидатын жүзеге асыру керектігі және елеусіз құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты жандандыру жөнінде атап өткен болатын.

Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап, тиісу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін басқа да іс-әрекеттер, қазіргі таңда азаматтар көше бойында темекі шегіп, тұқылын жәшікке тастамай, көше бойына қоқыс ретінде тастаулары орын алуда.
Құқық бұзушылықты қарау сот құзырында, жауапкершілігі «айлық есептік» көрсеткіштің үштен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға әкеп соғады».
Сондықтан   азаматтар  жоғары сана-сезіммен құқық бұзушылыққа жол бермесе, Елбасымыз айтқан жетістіктерге бірге қол жеткізетін боламыз.

  Ситуациялық жағдаят

Күнделікті көрініс: Ауыл іші, түн, топ бала өлең айтып, шулап отыр. Жандарынан өтіп бара жатқан балаға отырғандардың біреуі атып тұрып:-«Әй, бері кел» деп айқай салды. Қайырылмаған оған пышақ көрсетті.

Көріністен кейін қойылған сұрақтар: — Қалай ойлайсыңдар, демалып отырған жастар заңды бұзды ма?
— Кім қалай бұзды? ( Кім қалай бұзды).
— Ата — ана, сіздің тарапыңыздан қандай жауапсыздық кетті? (Ата — ана жауабы тыңдалады.)

3 топ Әлеуметтік норма құқық пен мораль деген ұғымдар.

Қандай да тәртіп бұзушылық болмасын, оны жасаған адам, оған итермелеген факторлар болады. Бірі заңды абайсызда бұзса, басқасы «ойыма келгенді жасаймын» деп бірнеше заңды белшесінен басып, кінәсін мойындамай жататыны бар. Бұл орайда «адам теріс қылықты не себепті жасады?», «Бұл әрекеттердің психологиялық астары неде?»,  деген сияқты сауалдар туындайды. Қалай дегенмен, миллиондаған азаматтары бар елде сан алуан тәрбие, білім алып, әрқалай дамыған адамдар тұрады. Ал оғаш әрекеттерімен қоғамға қауіп төндіріп жүрген азаматтармен күресуді қалай жүргізбекпіз?

Соңғы кездері «нөлдік төзбеушілік» туралы жиі еститін болдық, оған біздің азаматтарымызды тәрбиелеуіміз қажет. АҚШ та осы саладағы жақсы тәжірибе бар. Бұл елде «zero tolerance» деген атауға ие болған. Көшелік бандалардың тәртіпсіздіктерінің жиілеп кетуіне байланысты, американдықтар қолданыстағы заңдарын күшейтіп, кішігірім заң бұзушылықтың өзі үшін бұзақыларды белгілі бір жауапкершілікке тартқан.    Кішігірім тәртіпсіздік үлкен төтенше жағдайдың орын алуына алып келетінін естен шығармаған жөн. Мысалы, темекі шегумен әуестенетін жас жеткіншіктер сөнбеген темекі қалдықтарын қалдырып кетуі мүмкін, оның салдарынан өрт туындайды, тіпті адам шығыны мен мүлікті бүлдіруі мүмкін. Осыған байланысты осы бағытта жүргізілген профилактикалық жұмыс маңызды.

Ата — аналарға екі сурет көрсетіледі: Біріншісі тіп — тік әдемі салынған үйдің суреті.
Екіншісі — фундаментінен бастап кірпіші дұрыс қаланбаған, төбесі жарылып кеткен үйдің суреті.
Мұғалім: Бұл тек үйдің суреті ғана емес, көріп отырып бала тәрбиесі туралы не айтуға болады?
( Сурет жайлы ата — ана ойы тыңдалады). Бұдан соң бірінші сурет тәрбиесі дұрыс бала екендігін, екінші сурет тәрбиесі дұрыс болмаған бала жайында екендігі айтылады. Бала тәрбиесі үйдің фундаменті сияқты жас күнінен басталатынына ата — ананың назарын аудару керек.

Ата — анамен баланың қарым — қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал әке мен шеше, ата мен әже, апа мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері»- деп В. А. Сухомлинский айтқандай, алғашқы тәрбиешілердің алғашқы тәрбиесі ерте бастан яғни бесіктен басталуы тиіс. Яғни, екінші сурет бала тәрбиесінің о бастан дұрыс басталмағанын көрсетіп тұр.
Сондықтан адамдар қалыпты жағдайда өмір сүре алмайды, ал тәртіп пен заң біздің қалыпты тіршілігіміз үшін қажет.»Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деген Б. Момышұлының сөзін естен шығармайық.

 

бүгінгі сабақтың негізгі ойын мына мақал – мәтелдермен аяқтайық.
1. Заңның құрығы… (бәрінен ұзын)
2. Өш алғаннан гөрі… (кешірген жөн)
3. Ұрлық түбі… (қорлық)
4. Жазасын тартпайтын… (жамандық жоқ)
5. Тәрбие… (отбасынан басталады)
6. Әділ істің...(арты игі)
7. Біреуге ор қазба… (өзің түсесің)
8. Қолыңмен істегенді… (мойныңмен көтер)
9. Заңды сыйлаған… (еркін жүреді).

      Аассоциация әдісі.Сізде қандай түсінік пайда болады, мына сөздерді естігенде:
«аман қалу» бізге аман қалу үшін не істеу қажет
«даму» бізге даму және өсу үшін не қажет
«қорғау» бізге қорғалу үшін не қажет
«қатысу» бізге қоғам өміріне қатысу үшін не қажет
топ үшін тапсырмалар. Осы тапсырма үшін әр топтан (шағын баптар тізімін қолдануға болады және 4 парақ бір топтан:
Аман қалу құқығы баланың өмір сүруге мұқтаждығы мен оның мұқтаждығы қанағаттандыру, ол негізінен лайықты өмір сүру болып табылады, медициналық қамтамасыз ету мүкіншілігі, тамақтану, киім-кешек, баспанамен қамтамасыз ету.
Даму құқығы оған бәрі кіреді, балаға өз мүмкіншілігін дамытуға қажет барлық жағдайлар: білім алу құқығы, ойнау, демалу, мәдение, ақпарат алу, ой еркіндігі, діни еркіндігі жатады.
Қорғалу құқығын қажет етеді, балалар зорлық-зомбылықтан және қанаудан қоғалу қажет. Ерекше көңіл босқын-балалар проблемасына, зорлық-зомбылық пен жапа көрген балалардың, әскери дауларға тартылған, балаларды еңбекке, жасөспірімдерді жыныстық және нашақорлық қанауда қолданған проблемаларға бөлінген.
Қатысу құқығы ел мен қоғам өміріне баланың белсенді қатысуына мүмкіндік беру. Олар бейбітшілік жиналыстар ұйымдастыру құқығы, балалардың өміріне қатысты проблемаларды көтеруге толық құқығы бар. Балалар ержету кезеңінде қоғам өмірене толық белсенді қатысу үшін мүмкіндік жасалып, өмірде жауапты істерде шешім қабылдай алуға дайындау.

Оқушы: Жасөспірімдер мен бойжеткендердің санасында мемлекет –жастардың демеушісі емес, олардың өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасайтын серіктесі деген  ұғым бекітілуі тиіс. 

  Осымен біздің сынып сағатымыз өз мәресіне жетті. Бүгінгі сабақтан алған мәліметтер студенттерге өте керекті деп ойлаймын. Келген қонақтарымызға рахмет айтамыз.
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
Жасөспірімдер мен бойжеткендердің санасында мемлекет –жастардың демеушісі емес, олардың өзін-өзі дамытуына жағдайлар жасайтын серіктесі деген  ұғым бекітілуі тиіс. 

Мен жігіт 15-30 арасында,
Бұл шақта көп бересі, аларымда.
Жан жағым толған мақсат, толған таңдау,
Алайын анасын ба, мынасын ба,

   Сынып  жетекшісі:
— деп арқалы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін ата-анасының емес бүкіл алаштың азаматтары болады деген сеніммен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141956

Пікірлер (1)
Агжан # 13 қазан 2015 в 08:57 0
Өте ұнады тамаша шығармашалақ табыс тілеймін!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар