Қош келдің, әз Наурыз

14 қаңтар 2015 - Галия Иманбекова

Қош келдің, әз Наурыз!

1-Жаршы — Жарас: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Той дабылын қағып тұрған мұнда біз бар!

Наурыз тойы басталды! Бір орында тұрмаңыздар!

2-Жаршы — Ерназар: Естімегендер естіңдер!

Тыңдамағандар тыңдаңдар!

Наурыз тойын бастаймыз!

Би.

1-жүргізуші — Жанбатыр:

Армысыңдар халайық

Бармысыңдар халайық

Наурыз тойда жиналып

Шаттанып бір қалайық.

2-жүргізуші – Назым: Міне, шуақты да шырайлы мерекеміз — Наурыз мейрамы да келіп жетті.

1-жүргізуші: Наурыз – қазақ халқы үшін береке-бірліктің,

2-жүргізуші: ел-жұрт, ағайын-туыс арасындағы татулықтың,

1-жүргізуші: ерен еңбектің,

2-жүргізуші: жаңарған тіршіліктің ұлы символы.

Бірге: Наурыз мерекесі құтты болсын!

1-жүргізуші: Наурыз мерекесіне арналған салтанатымызды ашу үшін мектеп директоры Сартаева Үміт Алшымбекқызына сөз беріледі.

2-жүргізуші: Ұлыс күнi – татулық тойы, шаруа, ынтымақ, сенiм, көңiл

мерекесi.

1-жүргізуші: Ұлыста Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп,

адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды дейді.

(Қызыр баба келеді. Тілек айтады. Шакиров Ерқанат)

-Ау, аман ба жарандар! Уа, ағайын! Бүгінгі күн мен түн, жарлы мен бай, хан мен қара теңескен қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға құт әкелсін!

Беу, халайық! Жер Ананы мекен еткен күллі адамзаттың үштен бірі – барша мұсылмандардың қасиетті мейрамы — Әз Наурыз әр отбасына береке әкелсін!

Наурыз тойға жиналған халқым менің,

Бәріңнің ойға алғаның жарқын сенім.

Бүгінгі той, ертеңгі ардақты ісің.

Ғажап болсын таппайтын тепе теңін.

1-Жаршы: Келе жатыр жылымыз.

Мейрамдаймыз мұны біз,

2-жаршы: Жас балаша нұрланып,

Жадырайды Күніміз,

1-Жаршы: Күннің жаңа нұры бар,

Мұның ғажап сыры бар,

2-жаршы:-Халық сүйген мейрам бұл,

Қарсы алайық, тұрыңдар!

(Наурыз бен Күн келеді – Аманкул, Алтынай)

Күн: Сәлем, ана, ұстаздар,

Айналайын балалар,

Қызыр баба аман ба?

Жаса жайлы заманда,

Уақыт іздеп келдім мен,

Бақыт тілеп адамға,

Наурыз айы туыпты,

Әне, Наурыз келеді!

Әсемдеңдер жер енді!

Наурыз: Сәлем анам, алтын күн,

Сәлем қарты халқымның,

Уақытыма риза боп,

Бақытыма шалқыдым!

Жүргізушілер:

Қош келіпсің, аманбыз,

Арман тойы анамның,

Қуанышы ғаламның,

Құтты болсын қадамың,

Сені тойлап, қарсы алып,

Бар әлемге жар салып,

Бейбітшілік тойы деп,

Қол соғады барща жұрт!

Наурыз: Ашық болсын күніміз,

Ашылады нұрымыз,

Бай тұлғалы өңірде,

Айтылады жырымыз.

Күн: Күн мен түн тең келеді,

Күнде ұзарып мен енді

Гүл мен жерді жайнатып,

Гүлден, Наурыз, сен енді!

Наурыз: Жайнатамын гүл гүлде,

Сайратамын бұлбұлды.

Мерейлі жұрт тойласын,

Мейрам етіп бұл күнді.

2-жүргізуші: Қыс қылышынан аман қалған жұрт, бар ренiш-өкпесiн ұмытып, кiнәсiн кешiп, тек жақсы тiлектер тiлейдi.

1-жүргізуші: Көңiл жаңарады, ниет ағарады. Көктемде көңіл елегізіп, ерекше бір өзгерістер күтеді.

1-жүргізуші: 22 наурызда күн мен түн теңеледi. Табиғат гүлге, өріс

төлге толғанда,

2-жүргізуші: адам жаны да жаңарып, жасарып, жүрегі әсем әнді,

әуезді жырды аңсайды.

1-жүргізуші:

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Ән орындалады.

1-жүргізуші: Наурызда Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi.

2-жүргізуші: Өзің айтқан қызылды-жасыл кілем демекші, біз бүгін арамызда жүрген шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалаймыз.

**

1-жүргізуші: Көргендер де арманда!

Көрмегендер де арманда!

Келмей қалып қызыққа

қалып қойма арманда!

2-жүргізуші:

Шеберлердің өнеріне таңдана

Қол соғайық таң қала!

Жұмыс-жұмыс деп жүріп

Наурыз қызығынан құр қалма!

1-жүргізуші: Ал енді шеберлеріміздің бұйымдарымен таныссақ.

(шеберлер бұйымдарымен таныстырып, қалай жасағанын айтады: Қайрат ағай, Мағрипа тәте, Әсел Сериковна, Жангүл мұғалім, Айнұр мұғалім, оқушылар)

2-жүргізуші:

Балдәурен. Балалық шақ — Тым-ақ келте.

Сол кезден қалған белгі — Бір-ақ көрпе.

Бүгінде көз алдымда тұрады ылғи.

Марқұм анам құраған — Құрақ көрпе!

–деген екен Қайрат Жұмағалиев.

2-жүргізуші: Мәселен, қазақта құрақ көрпеге періште қонады деген ұғым бар. Құрақ көрпенің шаршап келіп отырған кісіні түлететін қасиеті бар екенін білеміз бе?

(«Бесікке бөлеу» рәсімі)(9В сыныбы)

2-жүргізуші: Қазақтың оюлары негізінен төрт түрге бөлінеді екен. Жан-жануар, өсімдік, аспан әлемі және геометриялық оюлар.

1-жүргізуші: Иә, жан-жануар тақырыбына қазмойын, табан, аққу, өркеш, өрмекші, қошқар мүйіз сияқты оюлар жатады екен.

2-жүргізуші: Ал өсімдік тақырыбында ағаш, гүл, сегіз жапырақ деген оюлар бар.

1-жүргізуші: Шеңбер, ай, жұлдыз, шұғыла сияқты оюлар аспан әлеміне қатысты болса,

2-жүргізуші: Сүйір, ирек, шынжыр, балдақ оюларын геометриялық оюларға жатқызамыз.

1-жүргізуші: Әр нәрсеге тігілетін оюлар әр түрлі болады екен. Мысалы тақияға, шапанға, етікке, мәсіге, көрпеге, алашаға, сандыққа ойылатын оюларды бір бірімен шатастырмаған жөн.

2-жүргізуші: Қазір қазақтың салт-дәстүрін қайта жаңғырту қолға алынды.

«Қазақ дәстүрлері» әні орындалады

«Тұсау кесер» (9Б сыныбы)

Ұлттық ойындар (9А сыныбы)

Балалар өнері

(Фойеде суреттер көрмесі ұйымдастырылған)

Сурет салған балалар ортаға шығып, суреттерімен таныстырып, мазмұнын айтады.

(Жүргізушілер сахнада өнер көрсететін балалардың аты-жөнін, жасын ескеріп, олармен шағын сұхбаттар жүргізіп отырады)

_____ сен қандай өлең оқисың? Бұл өлеңді саған кім үйретті? Сенің мұғалімің (мамаң) кім?

_______ ортамызға шақырамыз. _______ сен кімнің баласысың? Сен бізге не орындап бересің бе? Саған домбыраны кім үйретті? Домбыра үйірмесіне қатысасың ба? Неше жыл қатысасың?

______, cен бізге қандай ән орындайсың? Тамаша ән. Өзің таңдадың ба? Сенің мұғаліміңнің (мамаңның) аты кім? Сен бізге Наурызда не тілейсің? Тамаша.

Ал енді сахнаға ________ шақырамыз. ______, сен бізге қандай өнер көрсетесің? Сен нешінші сыныпта оқисың?

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді наурыз мейрамымен құттықтай отырып, елімізге тыныштық, берекелі бірлік, саналы да салауатты ұрпақ, әрбір отбасына ынтымағы жарасқан баянды бақыт, денсаулық, мағыналы ғұмыр тілейміз.

Жүргізуші: Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

Ән, би

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҚош келдің, әз- Наурыз! (сценарий)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1072347

Пікірлер (1)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар