Адам бойындағы қасиеттер

Кенжекөл отбасы үлгісіндегі балалар ауылы ММ

Тәрбие сағатының сабақ  жоспары

Маймышева Айнагүл Турмысовна

 

Сабақтың тақырыбы:

«Адам бойындағы қасиеттер»

Сабақтың мақсаты:

-          Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету.

-           Өз-ара адал қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

-          Оқушы бойына адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыру.

Сабақтың формасы:   жұптық, топтық

Құндылықтар: адамгершілік құндылығы, ұлттық құндылық.

Күтілетін нәтиже:

Шындық пен өтірікті ажырата алады, өз-ара адал қарым- қатынас жасау іскерліктері дамиды, оқушы бойында адамгершілік қасиеттер мен құндылықтар қалыптасады.

 

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық ахуал тудыру:

«Шаттық шеңбері» тренингін өткізу арқылы ынтымақтастық орта құру. 

ІІ. Ой шақыру:

Оқушылардың  сабаққа деген ынталарын арттыру және қызығушылығын  ояту мақсатында «Ажар мен  Алмагүл» атты әңгімені айту.

  Ажар мен Алмагүл

      Бір күні Ажар мен Алмагүл мектептен келе жатып, Ажар жарнамадан  жаңа фильмді көріп қалады. Ол Алмагүлге менің қалтамда анам самса алып жейсің –деген ақша бар, сол ақшаға киноға барайық –деді.  Ал Алмагүл біз үйден сұранып шыққан жоқпыз ғой, бізді іздейтін болады- деп тоқтап қалды. Ажар ештеңе етпес, мектепте болдық-деп айта саламыз-деді.

ІІІ. Тақырыпқа шығу:

Әңгіме мазмұнын анықтау  мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.

-           Ажардың орнында сендер болсаңдар не істер едіңдер?

-          Алмагүл оған еріп кетеді-  деп ойлайсыңдар ма?

-          Ажардың бұл ұсынысы адалдыққа жата ма?

-          Олай болса менің сұрағыма жауап беріңдерші,  Жақсы баланың қандай қасиеттерін білесіңдер?

Әр оқушы ақ қағазға бір-бір қасиет жазып, тақтаға іледі. Мысалы: Әдепті, сыпайы, қамқор, жақсы, қайырымды, жауапкершілікті, мейірімді, шыншыл.

-          Сендер қалай ойлайсыңдар, арамызда осындай қасиеті бар балалар бар ма, кімді атай аласыңдар?

-          Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :                                                                                                                

    «Адам бойындағы қасиеттер: Шындық пен  өтірік»

  ІY.Мақсат қою.

-          Шындық пен өтірікті қалай ажыратуға болады?

-          Өз-ара адал қарым –қатынас жасау үшін қандай болу керек?

-          Шыншыл, адал болу үшін, бойыңда қандай қасиет жоғары болуы тиіс?

Сабақ мақсаты:

-          Шындық пен өтірікті ажырата білуге үйрету.

-           Өз-ара адал қарым- қатынас жасау іскерліктерін дамыту.

-          Оқушы бойына адамгершілік қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыру.

Y. Оқушылардың әрекеті.

Тапсырма №1. (Жұппен жұмыс)

  -   Шындық  деген  ұғымды қалай түсінесіңдер?

 

 

Тапсырма №2.  (Топпен жұмыс)

Берілген  сұрақтиарды топта талқылап, өз ойларын ортаға салу. (Постер салу)

  —  Әрқашанда шындықты айту керек –деп ойлайсыңдар ма?

  —  Әрқашан шындықты айтатын адамға, өмірде неге қиын болып келеді?

Презентациядан оқушыларға кеңес беру.

1.      Өзің туралы әрқашан да шындықты айта біл.

2.      Біреу туралы басқа адамға айтпа, сол кісінің өзіне ғана айт

3.      Басқа адамдарды ешқашан алдама.

YІ. Оқушыдар әрекеті:  (Жекелей жұмыс)

«Өтірік айтпағаның, өзіңді сыйлағаның» тақырыбына 65 сөзден тұратын эссе жазу.

Эссе жазу үшін қолданатын мақал-мәтелдер, сөз тіркестері:

Шын бір сөз,өтірік көп сөз

Өтірік айтқанға сенбе, шын айтқанға сен

Бір сөз, өтіріктің  мың сөзі

 Шындық бәрінен де қымбат

 Өтірікке алданба, басың бәлеге қалады

Адам өз-өзін сыйласа, өзіне жаны ашыса, ол өтірік айтпайды.

шындық әрқашанда жеңеді.

шындықты айтқан адамның жүрегі ауырмайды.

Ол адам әрқашанда жарқын, сыйлы болады.

Өтірік адамға уақытша ғана қуаныш әкеледі.

Өмір бойы атына өтірікші деген сөзді ерітеді.

 Өтірік айтып, жаман адам болғанша, ауыр сөз естісеңде шындықты айтып, арыңды таза ұстағаның дұрыс.

Шындық өмірде адал адам болып өсуіңе көмектеседі және өмірде қуаныш сыйлайды. Шындықты айтатын адамға бәрі сенеді.

YІІ. Қорытынды.

Шеңберге тұрып, мұғалім Қадыр Мырзалиевтің өлең жолдарын оқиды, оқушылар  ия немесе жоқ деп жауап береді.

  Күйші болуға ....

  Биші болуға .....

  Жаман болуға ...

  Ерке болуға ....

  Ақын болуға...

  Өтірікші болуға ...

  Өсекші болуға ...

  Адал болуға....

  Ұятсыз болуға ....

 

  YІІІ. Рефлексия.   «Жүректен-жүрекке»

 Өмірде шындық пен адалдыққа ешнәрсе жетпейді екен.  Қазір «Өрмекшінің торы» атты адамдар арасындағы жағымсыз  қылықтардың рөлін пайымдау және  көрсету.

1 оқушыны  кінәлі адам ретінде ортаға отырғызып, оған кінәлі сөздер айтылады. Әр сөзге жіп байланады.  Сосын балалардан сұрайды.

-          Сендерде қандай сезім пайда болды, осы баланы  босатқыларың келе ме ?

-          Ендеше осы бала жайлы жақсы сөздер айтыңдар, әр жақсы  сөз сайын жіпті шешеміз де, баланы босатамыз.

Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Қазақ әдебиетіТҰЛҒАНЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ РӨЛІ

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147870

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 29 шілде 2016 в 10:07 0
Оқушылырды адамгершілікке, шыншылдыққа тәрбиелейтін сабақ, рахмет!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар