Анасы бар адамдар

17 маусым 2015 - гүлжазира жолжанова

Сабақтың тақырыбы: «Анасы бар адамдар ...»

Сабақтың мақсаты: Ана жайлы тамаша өлең жолдары, қанатты сөздер арқылы аналар мен әжелерді,ұстаздарды мерекелерімен құттықтай отырып, мерекелік көңіл – күй сыйлау

Көрнекілігі: Шығарылған газеттер, гүл шоқтары, шарлар, мақал – мәтелдер, өлең жолдары

Кіріспе сөз. Қымбатты апайлар, сүйкімді қыздар, аяулы да ардақты аналар сіздерді

«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймыз

Ән: «Мереке күніңмен»

Жүргізуші:

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

1 – оқушы.

Келесі кезекті өлең жолдарына береміз

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары, жаны жаздай жайраңдаған,

«Қыз өссе, елдің көркі»,- деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

2 – оқушы.

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз нұрлы жүзі гүл жайнайды

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

3 – оқушы.

Кірсіз тісі, жұқа ерін, сөзге епті,

Ақылмен біліп сөйлер әрбір текті.

Жасы мен денесі таласа өсіп,

Хұрмадай кәміл піскен, көзім жетті

4 – оқушы.

Мәпелейсің мені анам,

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп, дем алам

Құшағыңда қысылмай.

5 – оқушы.

Майысып алтыбақан тепкен апам,

Дауысы алты қырға жеткен апам

Толысып қызыл күрең тобылғыдай,

Жат жұртқа жаратылып кеткен апам.

Жүргізуші:

Ана – өмір шуағы,

Ана – өмір бұлағы,

Бесігімнің жыр – әні

Жүрегімде тұрады.

Ер балалар майлықтан анасына қандай сый әзірлейді екен?

Ән: «Анашым»

Жүргізуші:

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар,

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті ұстаз апайлар

Ойын – «Ана сезімі»

(Анасы қызын көзі таңулы күйде қолынан ұстап таба ала ма?)

Жүргізуші: Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп, ойнаймыз

Қыздарды да құттықтап,

Мерекесін тойлаймыз

Би: «Кукарелла»

Жүргізуші:

«Атаға қарап ұл өсер,

Анаға қарап қыз өсер» — дегендей ендігі кезекті мақал – мәтелдерге кезек береміз

1.Алып анадан туады

2.Ана сүтін ақтамағанды,

Ешкім мақтамайды.

3.Атасы жоқ – қас жетім,

Анасы жоқ – тас жетім.

4.Ағайын – алтау.

Ана – біреу

5.Әкеден – ақыл,

Анадан –мейір

6.Анадан ала да, құла да туады.

7.Жұмақ ананың аяқ астында

8.Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаңда қарызыңнан құтылмайсың

9.Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі

10.Қызды қырық үйден тыю

Жүргізуші:

Білектей арқасына өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,

Кәмшат бөрік, ақ тымақ, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?… деп, қыздарымыздың ептілігін байқау мақсатында 2 мин қандай әдемі көйлек тігетінін байқап көрелік

Ән: «Өмірге келдім»

Жүргізуші:

Айналайын анашым

Көкте күн боп жанасың,

Ет жүрегің елжіреп,

Құшағыңа аласың

Аналар мен апайларға арнаған оқушылардың ашық хаттарын табыстауларына рұқсат етіңіздер.

Жүргізуші:

О, анашым, таянышым, тірегім

Бар бақыттты бір басыңа тіледім

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің – дей келе «Анасы бар адамдар...» атты сыныптан тыс шарамыз аяқталды. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп – көп рахмет. Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!

Абай атындағы орта мектеп

Сыныптан тыс шара

«Анасы бар адамдар ....»

Өткізген: Жолжанова Г.Р

2014 – 2015 оқу жылы

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124361

Пікірлер (1)
Базаргул Агимбекова # 24 маусым 2015 в 23:03 0
"Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды", "Ана- өмірдің шамшырағы" дегім келеді.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар