Асыл әжем ақ әжем

4 наурыз 2015 - Нагима Ергалиева

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Асыл әжем – ақ әжем»

1. Оқушыларда 8 — наурыз туралы түсініктің қалыптасуы. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты, анаға деген бала махаббатын нығайту.
2. Оқушылардыхалықдәстүрісалтарыментереңіректаныстыру, көрсету, Әжелертәрбиесі,әжелерөнерін немерелерменәжелерарасындағысүйіспеншілікәжелердіңұлылығын,ұлағатын, даналығын, ақылынотбасыныңтірегі, қазынасыекеніндәріптеу, көрсету, оқушылардыәжесінсыйлауға, аналардықұрметтеугетәрбиелеу.
3. Оқушыларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Барысы:

Алдияр: Армысыздар асыл әжелер,

Еркежан:Бармысыздар құрбы –қыздар.

Бірге: Бүгінгі «Асыл әжем – ақ әжем» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!!!

Алдияр:Ана, Ана, Ана!.. не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші.

Еркежан: Сезім мен қасиетті, бар махаббатпен шапағатты тудырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған.

Бірге: сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз!!!

Алдияр: Құрметті де асыл да аппақ аналар! Адамға өмір нәрін себуші құдірет иесі Сіздер! Біз мәңгілік Сіздердің алдарыңызда борыштармыз.

Еркежан: Бүгінгідей мерекеде балапандарыңыздың қызметін, құрметін қабыл алыңыздар!

Бірге: Бүгінгі ән, би, бәрі де Сіздер үшін!!!

Айгерім:

Ана! Ана! Осы сөз дана, дара,

Анаң барға шүкір ет, болған пана.

Әуелі Алла, кейінгі Пайғамбардан,

Қасиетті адамсыз, сіз-Жан АНА!

Алмас:

Қайда барсам қалмайсыз, сіз ойымнан,

Сіз бұлбұлсыз, мен сізге жай балапан.

Уайым салып, шет жүрсем, сағынасыз,

Мен кіршіксіз, ыстық-ыстық, «сәлем» анам.

Айша:

Асыл — Әжем, Құттықтаймын Сізді!!!

Тілеймін жаныммен тілектер ізгі…

Тәрбиешім, асылым, ардақты Анам,

Алғысым, шексіз Сізге бүгінгі күні!…

Қуаныш:

Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз,

Ана сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Динара:

Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады.

Саян:

Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған.

Анаға бас иеміз

Туған жердің тілі деп,

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз!

Алдияр: Сіздердің құрметтеріңізге арнап Ақтілектің орындауындағы әнді қабыл алыңыздар.

Батырбеков Ақтілек «Бол жанымда»әні

Сынып іші: Азат терең ойда, сынып ішінде ерсілі — қарсылы жүр. Сол кезде Қанат кіріп келеді.

Қанат: Азат, неге көңілсіз жүрсің?

Азат: Е — е, Қанат, мен келе жатқан 8 наурыз мерекесін қалай өткізсек екен деген ойдамын.

Қанат: Онда тұрған не бар? Тақпақ айтып, өлең айтып, би билеп, құттықтаймыз әжелер мен қыздарды! Мен, міне би билеп, берейін, сен тақпақ айт…

Азат:Жо — о, жоқ! Жарамайды. Жыл сайын би билеп, тақпақ айта береміз бе? Биыл басқаша, өзгеше құттықтау керек!

Қанат: Сен қызықсың, тақпақ айтпай болмайды. Ана туралы ең әсем, ең жылы сөздер ақындардың өлеңдерінде. Балалар да дайындалып жүрген, оларды шақырып кімде қандай тақпақ бар екенін білейік.

Азат:Иә, бәріміз аналарымызды құттықтағымыз келеді.

Қанат:Тоқтаңдар, тоқтаңдар! Қазір, нақты «Балбырауын» биін тамашалайық.

Ортаға биші қыздарымызды шақырамын.

Азат:Иә, биылғы 5сыныптың 8 наурызын ерекше өткізсек деп ойлап едім… ааа

Қанат:Азат, балалар 8 наурыздың шығу тарихынбіледі ма екен, соны сұрап көрсек қайтеді – а.

Азат:Менің ойымша олар білуге тиісті, дегенмен өздерінен сұрап көрелік.Мади:

Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады.Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан

10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді.

Индира:

Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.

Тайбек:

1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады.

Әдемі:

Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

Дастан:

Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады.

Мерей:

Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе?

Қанат:Біздің достарымыз жарап тұр, тарихты жақсы білетіндіктерін көрсетті.

Азат: Енді қалай кешті қызықты етсек болады, басым қатып кетті ғой.Нагима Уткелбаевна да айтып еді, ерекше болса деп…

Қанат:Азат, мен таптым!!! Қонаққа келген әжелерімізді ортаға шақырып, асыл аналардың ақылдарын тыңдап мен өнерлерін тамашаласақ қайтеді.

Алдияр:

Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны

Өлең айтып беремін.

Еркежан:

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі –дей отырып, ортаға бүгінгі кешіміздің қымбатты қонақтары аппақ әжелерімізді ортаға шақырамыз.

Алдияр:Қымбатты асыл әжелер! Бүгін сіздер үшін арнайы дайындалған "Әжем менің тамаша" атты мерекелік сайысына қатысып отырсыздар. Біздің мерекелік кешіміз ана мен баланың қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр.

Еркежан:

Сайысымызмынадай кезеңдерден тұрады:

1. Таныстыру

2. Ана мен бала ойыны

3. Сұрақ-жауап

4. Ситуациялық сұрақтар

Алдияр:

Бүгінгі бұл сайысты басқаруға Ильяның ортаға шақырамын.

(Илья сайысты толықтай өткізіп жеңімпазын анықтайды)

Илья:

Анажанынәжеболсаңұғарсың,

Алдыңдаолбиікқұзаршың.

Немереүшінкеудекеріпмақтанып,

Немереүшінбиіктен деқұларсың.

Әжемерейікүнкөзіменпара-пар,

Тұлабойғақуатболыптаралар.

Өмірімізгешуақшашыпәрқашан

Көпжасаңыз, ақниеттіәжелер,-

дейотырыпбүгінгісайысымыздыңдамәрегежеткенінбайқапотырғаншығарсыздар.

Еркежан:

Бүгінгісайысқақатысқанбаршаәжелерімізөздерініңүлгі-өнегелерінмынаотырғанұрпақтарғакөрсетебілдіғойдепойлаймын.Ендібатыл әжелерімізді мерекелерімен құттықтап, сыйлықтарын ұсынайық.

Алдияр:

Әжелеріміздің құрметіне арналға «Асыл әжем» әнін Еркежанның орындауындақабыл алыңыздар

Еркежан:

Алайықкелерсәттіойғатүйіп,

Қаларбіршапағатыкөпке тиіп.

Қолжайыпәжелердіңақпейілін,

Бәрімізбірауызданәуминдейік,-депотырыпүлкенәжеденбататілейміз.

Қанат: Енді қалай кешіміз ойыңыздан шықты ма?

Азат: Әжелеріміз риза болса, үлкендерді сыйлағандық деп түсінемін.Бірақ…

Қанат:Енді не боп қалды? Не жетпейді? Тағы да бірақ…

Азат: Қыздар да бар ғой дегенім ғой… Олардың да мерекесі ғой.

Қанат:Олай болса, 5 «Ә» сынып қыздарына арнап Мақсат «Қыздар-ай» әнін орындап берсе, тамаша болады.

Азат:Мақсат әндетіп жатқанда біз қыздарға арналған сыйлықтарымызды мерекелік әуенмен ұсынсақ…

Алдияр: Сіздердің құрметтеріңізге арнап «Қыздар-ай» әні, қабыл алыңыздар.

Дина:

Адам барма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам!

Елжан:

Аяулы да алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,

Сен дархансың, сен жомартсың, данасың.

Дилназ:

Өмірде қымбат екен ана деген,

Өмірі гүл жаратын баламенен

Біздерді ақ гүліндей аялаған,

Мен оның жалғасы боп қала берем.

Рахат:

Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан – алуан ауыр сынды атанған.

Адалдықты, ар-намысты сақтаған,

Мен анамның сонысына мақтанам!

Алдияр:

Анасыбар адамдар ешқашан қартаймайды деп айтқандай аналарымыздың құрметіне арналған «Шығыс» биін қабыл алыңыздар.

Еркежан:

Бүгін – наурыздың сегізі. Анасыз жоқ бір үнің,
Сұлулықтың негізі! Әжесіз жоқ бір күнің,
Әдемі сөз — Ұсынамыз бүгін
Адамның Сөздің сұлу шоқ гүлін.
Анаға айтар лебізі.

Ақтілек:

Анаға арнап ақ тілектер айтар күн,
Әкеге арнап, марапатты бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн.
Бүгінгі күн есінде мәңгі жастардың.

Ақиқат:

Дүниенің ең қымбаты ана екен,
Ананың ең тәттісі бала екен.
Түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеген,
Ананың орыны бөлек дара екен

Шұғыла:
Балаға ана еңбегі парыз деймін,
Еңбегін өтеу бізге қарыз деймін.
Меккеге апарса да өтелмеген,
Ұрпаққа бұл өсиет аңыз деймін,

Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем, теңіз болам шалқыған
Ана десем, ашылады қабағым
Ана десем, әділдікті ұғамынЕрдос:

Айналайын Анашым
Әлпештеген мамашым
Еміп өскен баламыз,
Маматайдың мамасын.

Алдияр:

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде.

Ақ сүтіңді ақтап өту арманым -дей келе кезекті Алмастың орындауындағы «Асыл ана» әніне берсем.

Еркежан:

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз!

Әрқашан да ана, сізбен берекеміз!

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз!

Алдарыңызда биден шашу 5 ә сынып қыздарының әжелерге тартуларын қабыл алыңыздар.Алдияр:

Құрметті қонақтар, біздің «Асыл әжем-ақ әжем» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Еркежан:

Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше!

Бірге: 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыДосымның тілі – менің тілім

Тәрбие сағатыНаурыз- жыл басы

Тәрбие жоспарыСыр- сұхбат

БастауышЗиянды заттардың алдын алу

БастауышМақтанышым-мемлекеттік рәміздер

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150690

Пікірлер (4)
Нургиза Кульджина # 6 наурыз 2015 в 10:33 0
Тамаша тәрбие сағаты, өлеңдер қандай!!!
Нагима # 16 наурыз 2015 в 10:03 0
сиздерге ұнаса өте қуаныштымын!!!!
Айгүл Дайырқызы # 8 наурыз 2015 в 10:25 0
Жақсы тәрбие сағаты екен, әсіресе дана Абайдың әжесі Зере әжелердің саны көбейсе нұр үстіне нұр болар еді!
Нагима # 16 наурыз 2015 в 10:08 0
Өкінішке орай, Зере сияқты әжелер азайып келеді.Дегенмен де қазақ халқы үлкенді сыйлай білеміз ғой.Әжелердің ақ батасын алып өскен ұрпақ жаман болмайды.....

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар