Балабақшамен қоштасу

Қымбатты ата – аналар, ұстаздар,қонақтар бүгін біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Кәнекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп қол соғып ортаға шақырайық.

Камзаев Равиль мен Тұралбекқызы Ильнара

Садих Мақсат пен Сатаева Арайлым

Махсут Ерқанат пен Байжан Бибінұр

Мұғалимов Бегасыл мен Ерболқызы Савина

Сарсеков Арсен мен Ерболатқызы Аяулым

Асхаров Уали мен Жігерқызы Дильяра

Жүргізуші:                  Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Қоштасатын кешімізді біз бастайық

Жүздерінен көркем шаттық арайлы

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Тәрбиеші:     Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

 

2-Тәрбиеші:           Алдыңдағы балалар

Мектепке кетіп барады

Тақпақ айтып бір – бірден

Қимай кетіп барады- дей отырып  ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз

 

Ильнара.Балабақша, балабақша

Шаңарағы шаттықтың

Балабақша қорғанышы

Балғын сәби жастықтың

Қуанамыз сыйлаймыз

Қуаныштың мың гүлін

тобымызбен қимай біз

Қоштасатын күн бүгін

 

Равиль: Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Едік аппақ нәресте

Көп- көп бөбек көргенде

Жұбанғаным есімде

 

Сабина: Ботақаным бөбек деп

Еркелеткен ұл қызын

Анамызды ерекше

Қуантатын күн бүгін

Өсті міне бойымыз

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойымыз.

 

Мақсат: Бақша- біздің панамыз

Мектеп-біздің анамыз

Ұлағатты ұстаздан

Оқып білім аламыз

 

Ерғанат: Оқимыз білім аламыз

Болашақ жолын саламыз

Тобымызбен қоштасып

Дайындыққа барамыз

 

Уали:  Балабақша базарлы үй

Көшедегі ажарлы үй

Шаттығы бар шуақта

Өз үйіміз сияқты

 

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Бибінұр: Талай қызық той өткіздік, 
Бірақ орны бөлекше, 
Бақшамызбен қоштасатын, 
Бүгінгі той ерекше.

Равиль:   Бұл қуаныш себебін

Бізге қарап ұғарсың

Ер жетті деп бөбегің

Туған Отан қуансын

 

Бегасыл: Мектепке ертең барамыз, 
Оқимыз, сауық құрамыз. 
Қашық та болмас арамыз, 
Сіздерге келіп тұрамыз. 


Арай: Балабақша қош енді, 
Әркез аман бол деймін. 
Әкем менен шешемді, 
Ертіп енді келмеймін. 

 


Аяулым: Сезімді туған баламыз, 
Оянды ақыл санамыз. 
Адамдықтың бастауын, 
Өзіңнен алып барамын. 


Диляра: Балабақшам сүйікті, 
Ән салдыртты, билетті, 
Шынықтырып денеңді 
Шымыр болуға үйретті.

Арсен: Тәрбие берген ұямыз, 
Тәртіпті бала боламыз. 
Қоштасып балабақшамен, 
 дайындыққа барамыз. 

Би: «Аққу» орындайтын Аяулым

Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді

Жалқаубек: Ой мында не болып жатыр кеттік балалар ойнауға не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр кеттік .

2-Тәрбиеші: Ау, Жалқаубек сенің мұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой қарашы мына балаларға, сеніңде талпынуың керек емспе?

Жалқаубек: Ой, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз аналарымыз, әжеміз оқиды басымызды ауыртпаймыз.

1-Тәрбиеші: Қой Жалқаубек біздің балалар мектепке әзір, бүгін балабақшамен қоштасып жатыр, сен  апаңнан  қалмай жылап балабақшаға келмей жүргенде біздің балалар бәрін оқып, біліп алған кәне отыршы көресің.

 

 

Олай болса  ойын ойнайық «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

 1.     Мектепке біз барамыз ба?

1.                                    2.     Кілең бестік аламыз ба?

2.                                    3.     Айтқан тілді аламыз ба?

3.                                    4.     Ақылды бала боламыз ба?

4.                                    5.     Нан жеймін деп жылаймыз ба?

5.                                    6.     Ертеңгісін тұрамыз ба?

6.                                    7.     Сабақ та отырып ұйықтаймыз ба?

7.                                    8.     Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

8.                                    9.      10.          Оқушы біз боламыз ба?

 

Жалқаубек: Ой балалар апаларыңда, мамаларыңда шаршайды ғой, бармаңдар мектепке не керек?

2-Тәрбиеші: Олай болса ата – аналармен де «Ия, ия» «Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

 

·                                        1.     Балаңызға әрқашан тірек сіз ба?

1.                                    2.     Сабақ оқып, есепке сіз жүйрік сіз ба?

2.                                    3.     Тамағын уақытылы бересіз бе?

3.                                    4.     Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз ба?

4.                                    5.     Сериал көріп жатасыз ба?

5.                                    6.     Ұрып, соғып үйретуге барасыз ба?

6.                                    7.     Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

7.                                    8.     Сен оқыт, мен оқып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

8.                                    9.     Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

9.                                    10.     Бала үшін асулардан асасыз ба?

 

2-Тәрбиеші: – Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

1-    бала. – оқып білім алу үшін

2-    бала: – еліме еңбек ету үшін

3-    бала: Білімді азамат болу үшін

4-    бала: Ер жетіп Отанымды қорғау үшін

 

Ойын: «кім тез?» мектепке дайындалу

 

Балалар өскенде кім боламыз?

Жалқаубек: Менің асығымнан, фишкамнан, добымнанда қызық ойын екен, менде үйге барып мектепке дайындалайын, балалар сау болыңдар, күзде мектепте кездесейік.

Тәрбиеші: Балалар сендерге көп рахмет, Жалқаубекті дұрыс жолға салдың ғой.

 1-Тәрбиеші: Рахмет  көп- көп

Балаларымыз көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік

Би: «балапан»

 

Көрініс «Портфель»

Портфельдің суреті салынған үйшік

Жүргізуші:  Биік те емес, аласа

Бір портфель тұр жараса

Қызыққандар кіре алмай

Сыртында жүр таласа

 

Сонда бұны кім алған,

Ішіне оның не салған

Құлпын ашып көрейік

Нелер барын білейік

 

Тук, тук, тук

Кіруге бола ма?

Әлде біреу тұра ма

Әрине ешкім тұрмайды

Тұрса үнсіз болмайды.

Әне пенал келеді

Мүмкін пенал кіреді.

 

Ильнара: Пенал:           Пай, пай, пай

Түсім бе, әлде өңім бе?

Жай портфель емес тегінде

Болса болар тек қана

Ертегілер елінде

Жақынырақ барайын

Ішіне көз салайын

Кім тұрады бұл жерде

Жайын біліп алайын

 

Тук. Тук, тук

Болар ма екен кіруге?

Кім тұрарын білуге

Жауапсыз қалды сұрағым

Онда өзім тұрамын

(Ішіне кіріп кетеді)

 

Жүргізуші:        Жүгіріп дәптер келді де

Кіргісі келіп ішіне

Қарайды олда телміре

 

 

Ерғанат Дәптер:            Жазу жазар болса кім

Онда менде керекпін

Кіргізіңдер мені де

Бір тұрайық демекпін

 

Жүргізуші:       пеналда жөн көрген

Адал досты

Қатарына дәптерді

Жедел қосты

 

Пенал:             Кел дәптерім келіңіз

Портфельме кіріңіз

Оқушы үшін әрқашан

Керекпін деп жүріңіз

Жүргізуші:     Түрлендірген  бір – бірін

Достарды күтіп алыңдар

Келіп жетті жүгіріп

Түрлі – түсті қаламдар.

Пайда болды «4»-ік те

Көп ұзамай «5»- тік те

Айтып жатты жарасып

Өз ойларын естірте.

 

Равиль: «5»- тік:    Оқушының бәрі де

Мені жақсы көреді

Портфельдің дәл төрінен

Маған орын береді.

 

Бегасыл: «4»- тік:    Жақсы оқитын балалар

«4»-пен  «5»- ті алады

Ұқыпты, өзі ынталы

Тәрбиелі болады.

 

Аяулым: Қызыл қалам:   Әрине, әрине

Керексіңдер бәріңде

Көңіл сиса сиямыз

Тар болса да ұямыз

 

Арсен: Көк қалам:      Тәртібінен сабақтан

«4», «5» алып  жарыссын

Кіріңдер жақсы бағалар

Оқушылар танысын

Жүргізуші:    Міне осылай портфельдің

Лезде іші толып кетті

Арттарынан жүгіріп

«2»- лік пен  «1» де жетті

 

Сабина: «2»- лік:         Портфелім мені қалдырмай

Кіргізіп ал ішіне

Жалқауларға жайлымын

Жалынбаймын үшіне

 

Арай: «1»-лік:          Жалқауларды жалдап алам

Аңқауларды алдап алам

Көшпей қалса сыныпта

Досым үшін менде қалам

 

Жүргізуші:          Сұрланып босағадан

Пенал шықты

Ұрысып «1» мен  «2»- ні

Жерге тықты

 

Ильнара: Пенал:                Сөздеріңді жөн көретін

Бізді аңқау деп  едің

Балалардың досы мықты

Сендерсіз- ақ күн көретін

Еңбек етпей ерінсе

Ол оқушы болама?

Достарымыз «4»пен « 5»

Кетіңдер бізге жолама!

 

Жүргізуші:       Кіргізбей «1» мен «2»- ні

Сарт етіп есік жабылды

Cыйқырланып портфель

Пішіндерін өзгертіп

Иесін енді іздеді

Оқушы екен иесі

Міне өзі табылды

(оқушы қыз жүгіріп шығады)

 

Оқушы қыз:   Мен іздеген портфель

Іздеп жүрсем алыстан

Шыға келдім  алдымнан

Ант беремін, уәде айтып

Жақсы оқушы боламын

Кілең бестік аламын

Тәрбиелі, үлгілі

Қазақстан азаматы боламын

Ән: «Біз бақытты балдырған»

2 тәрбиеші: Сөзіме құлақ салыңыз,

                      Бір серпіліп қалыңыз

                     Қоштасуға арналған,

                     биімізді қабыл алыңыз.

Би :«Қоштасу»

1 тәрбиеші: Балалардың білімі құтты болсын,

                     Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын.

                     Білімдерін ары қарай дамытатын

                     Ерінбейтін еңбекқор күшті  болсын!

1-Тәрбиеші:         Өтті қызық көп күндер

Алты жасқа жеттіңдер

Барасыңдар мектепке

Бір белестен өттіңдер

Өсті ақыл- ойларың

Қуанышы бүгінгі

Құтты болсын тойларың

 

2 тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, қонақтар осымен балабақшамен қоштасу ертеңгілігіміз өз  мәресіне жетті. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Сау болыңыздар.

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083440

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар